+3 дауыс
1.5k көрілді
Күн сәулесi адамның бiр дәруменiн көбейтедi деп па нығайтады деп па есiтiп едiм. Ол қандай дәрумен? Күнге қалай қыздырыну керек негiзi? Қараймау ушiн крем жағып алып отыру керек пе? Қанша сағат қыздырыну керек или минут ?
Біздің Қызылордадан алу керек күн сәулесін. 5 минут жүріп өтсең болды күн сәулесі бойыңа дарып, қарайып аласың!
Белгісіз

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаз – адамдардың табиғат аясында қыдырып, суға шомылып, күнге қыздырынуына ең бір қолайлы кезең. Күнге қыздырынудың пайдасын кім де болса біледі. Адамдар сүйекті қатайтатын Д витаминін негізінен осы күн сәулесінен алады. Әсіресе нәрестелер мен жүкті әйелдерге мұның орасан зор пайдасы бар. Денесінде қабыршықты те­міреткісі барларға күн сәулесінің пайдасы орасан. Терінің саңырау­құ­лақты ауруларының микробта­рын өлтіретіні тағы бар.

Жалпы, күннің адам ағзасына пайдасы жетерлік. Бірақ әр нәрсенің өзіне сай мөлшері болатындығын ұмытпауымыз керек. Ашық күн астында шамадан көп қыздырынудың зиянды екендігін мамандар да жасырмайды. Сондықтан күнге қалай қыздырыну керектігін біле жүргеніміз жөн.

Күн сәулесіне «шомылғысы» келген адам алдымен денесін ыстыққа үйретіп алғаны дұрыс. Ол үшін бес-он минут күн астында тұрып, дененің сезімталдығын сынау керек. Одан кейін бақылауды жарты сағатқа созса болады. Егер күн сәулесі кері әсер ететін болса, осы уақыт ішінде дене қызарып, қыши бастайды. Ондай кезде дереу қыздырынуды тоқтату қажет. Есіңізде болсын, «загар» қабылдау қандай жағдайда да бір сағаттан аспауы тиіс.

Кейбіреулер күнге қыздырыну осы екен деп тал түсте, ыстық күн астында, ыстық құм үстінде жатады. Бұл ден­саулыққа жасалған үлкен қастандық. Негі­зінен күнге күйдірінуге қолайлы кезең таңертеңгілік сағат 9-12 арасы және кешкі 17-ден кейінгі уақыт. Бұл ереже сақталмаса адамдардың әртүрлі тері ауруларына шалдығуы ғажап емес. Атап айтар болсақ, ультракүлгін немесе қысқа тол­қынды сәулелердің әсері әр түрлі тері аурулары: күндік дерматит, күндік есекжем, терінің қатерлі ісігі ауруларына алып келеді. Қаншама пайдалы дегенімізбен, белгілі дәрежеде күннен қорғана да білу керек. Әсіресе басты қорғамаса қан қысымының көтерілуіне себеп болады. Қан қысымы 140-150 шамасында жүретін адамдарға күнге қыздырыну былай тұрсын, күн астында көп жүрудің өзі қатерлі жағдайларға ұрындырады.

Ашық күн астында белгіленген мөл­шерден көп жатқан адамдарды 1, 2-і дәрежелі күйік шалды деуге әбден болады. Олардың бойындағы кейбір ауру уақыт өте келе қатерлі ісікке ұласып ке­туі де мүмкін. Көпшілік жағдайда мұн­дай дертке көлеңкесі жоқ жерде жұмыс істейтіндер ұшырайды. Ондайлардың тобына бақташы, егінші, теңізші, құры­лысшы, жолшылар жатады. Сондықтан күнге қыздырынушылар ғана емес, осы қызметті атқаратындар да күн сәулесі­нен қорғана білуі керек.

Міне күнге күйдірінудің пайдасымен бірге осындай зиянды жақтарын ажырата білу кім-кімге де керек.

Ақпарат көзі: http://www.zamana.kz/
+3 дауыс
Көп қыздырыламын деп гамма сәлесін алып қалманыз?
Гамма сәулесi -ол не?
+2 дауыс
Күн сәулесінде "Д" дәрумені бар, күзде, қыста туылған балаларға "Д" витаминін ауызға тамшы ретінде береді, күнге қыздырынамын деп түсте далаға шығу дұрыс емес, көктемегі күн сәулесінде ультракүлгін сәулесі көп болады ол қауіпті, Күн сәулесінен күйген де қанның қатерлі ісігі болуы да мүмкін, обшым күнге күйген қанның құрамын бұзады, күнге қарайтпайтын крем пайдалану дұрыс, бірақ оны көп ұстамай баратын жерге жеткен сон жуып тастау керек. Өзім тұратын жақты күнге қыздырыну деген түсінік қалыптастапаған, бізде и так бәрі күнге қыздырынады, қайа күннен қорғануды ойлайтындар көп)) Күн адамның психикасына да влеять етеді, күн болмаған күндері мазасыз болатынымыз да сол)) как объяснить... любой препараттын да передозировкасы зиян ғой, күн де сол сияқты)
+1 дауыс

Гамма сәлесі алып қалсаныз терініз түсіп ақшылдау боп қалады?

Жазда ағзаңыз күнге қыздырынуды қалайды. Осы үшін кейбіріміз мұхит асамыз, қалтамызды қағып, жиған-тергенімізді шашамыз. Таяқтың екі ұшы болады емес пе?! Ендеше, төменнен күнге қыздырынудың пайдасы мен зиянын біліп алыңыз.

Гиппократтың барлық аурудың емі күн деп айтып кеткені белгілі. Ультракүлгін сәуленің әсерінен тері тез қызарып, оның зат алмасуы, қан айналымы жақсаратын көрінеді. Терідегі минерал заттардың алмасуын қалыптастыратын «Д» дәрумені көбейіп, сынғыш, әлсіз сүйектің жетілуіне, қажетті дәруменді сіңіруге себеп болады. Сондай-ақ, тіс, тырнақ, шашқа ең қажетті кальцийді алмастыруға көмектеседі. Ең бастысы, күн сәулесі арқылы терідегі саңырауқұлақты аурулардың микробтарын жоюға болады. Күнге күю-әртүрлі тері ауруларын (терлегіштік, безеу тағы басқа) емдеуге пайдалы. Қысқасы, күн сәулесінің адам ағзасына пайдасы жетерлік. Дегенмен, дәрігерлер күнде көп жүруге болмайтынын ескертеді.

Мамандардың айтуынша, күннің астында ұзақ уақыт жүру салдарынан түрлі тері аурулары пайда болады. Мәселен, фотодерматит – күн сәулесінен пайда болатын ауру. Адамның денесінде бөртпелер пайда болып қышып, мазаны алады. Көбіне бетке, мойынға, қол-аяққа шығады. Бұл ауру арнайы мамандардың бақылауымен емделеді. Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, күн көзінде шамадан көп қыздырыну – тері обырына әкеп соқтырады. Әсіресе, терісі аққұба, сепкілге бейім жандардың күн көзінде ұзақ жүруіне немесе қыздырынуына болмайды екен.

Күн сәулесінің пайдасы да зияны да жетерлік. Ендеше, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп» қатерлі дертке душар болмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтағанымыз жөн.

0 дауыс
о Қара Қара Қыз)) болғын келіп жүрма,куніне 15 минут тур күнін астында көп тұрма себебі күн зиян))

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 31.08.2015 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 31.08.2015 Тазалық сұрақ қойды
...