0 дауыс
1.1k көрілді
Ассалаумағалейкүм! Мен биыл ҰБТ-дан құлап ЖОО-ға гратқа түсе алмадым, сосын колледжге тапсыратын ойым бар.

Ал сұрақ мен келесі жылы кері тапсыруыма мүмкіндік бар ма? КТА тапсырып болсын. КТА жайлы толығырақ айтсаңыздар..

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ)

ТКТ-ға қатысушылар:

- өткен жылдардың бітірушілері;

- жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары;

- шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар мен ҰБТ-ға қатыспағандар;

- республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері;

- шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер.

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде, шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

ТКТ 4 пән бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі).

ТКТ 37 ЖОО-ның базасында 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептелінеді: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы.

Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

ТКТ-ға қатысу үшін талапкер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу орнын бітіргендігі туралы аттестатын немесе дипломын (түпнұсқа), тестілеу өткізу ақысын төлегендігі туралы түбіртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Мен колледжде оқығым келмейді. Алла қаласа КТА-дан өтетін шығармын... Бірақ сенің айтуында дұрыс шығар...
Белгісіз
И ничего оқып ал,сосын барып высший оқисың за то 2 диплом болады))а то 1 жыл колледжде босқа оқып қайтадан КТА ға келмейсінғо енд?!
Наргиз айтуын дұрыс бір жағынан. Оны да ойланғам...
Белгісіз
Уайымдама)Әлі ақ высший оқимызғо;)
)) Алла қаласа..
Белгісіз
1 жыл ұтылған ештене емес ғой, тапсырып көр, может повезет. Болмаса колледжді қайта жалғастыра бересін как ни в чем не бывало. сосын кешендіге квитанция 2370 теңге екен
сол жақсылап ойлану керек... Рахмет кеңесіне броу...)
Белгісіз
0 дауыс
Уағалейкумассалам колледжде оқып тапсыруды білмедім,бірақ кешенді тест тапсыруға болады
0 дауыс
әрине болады, білім алудын ерте кеші жоқ. универгеде түсетін мүмкіндіктерде бар, жоғарғы оқу орнының тек өзіндік талаптары болады солардан сүрінбесен болғаны, мойынсынба
0 дауыс

Әрине,болады,Білім жақсы,оқуға ынтаң болса мүмкіндік бар.Талаптарға сай келіп тұрсаңыз болды.

...