0 дауыс
2.5k көрілді
Бiр қызық ақпарат оқып едiм. Шет елдiң биолог ғалымдары ет турайтын ағаш тақтайдың турлi бактерияларды жоятындыгын анықтапты, ал пластмасса тақтай керiсiнше көбейтедi екен. Үйде ағаш ыдыстармен тамақтанамыз көбiнесе атам, әжем ,мен үшеумiз. Ендi сұрақ: 1) Ағаш ыдыстармен тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма? 2)Ағаш ыдыстар қандай ағаштардан дайындалады? 3) Ағаш ыдыстарды қалай күтуге болады?

3 жауап

+2 дауыс

Бұрынғы кезде барлық ыдыс-аяқ  дерлік ағаштан болған, бірақ оның негізгі себебі денсаулыққа жақсы болғанынан емес шығар деп ойлаймын. Негізгі себеп сол кездегі қазақ арасындағы фарфор,металл,қалайы, алюмин, мельхиор сияқтылардың өндірулігі төмен, тапшы боғандығынан болар деп ойлаймын. Ал қазіргі мейрамханалардығы пайдалану себебі әшейін ғана экзотика үшін деп ойлаймын. Кей мейрамханалар алдына өгіз арбаны қойып қояды ғой, бірақ оны ешкім мерседестерге қарағанда пайдалы деп қоймайтын болар. Ал енді ағаш тостақ пен ағаш қасықты көже ішкенде пайдаланып қоямыз, ауыз күймейді сол үшін. Қателесуім де әбден мүмкін,өз ойым ғой.

+3 дауыс
Ертеде ағаш ыдыстар емен, қайыңнан жасалған. Қазақ көшпелі халық ғой. Алып жүргенде сынбайды және ыңғайлы болған. Ағаш ыдыс іші толтырылған сұйық тағамнан қолыңды, аузыңды күйдірмей сақтайды.
+1 дауыс
Ағаш ыдыстардың сапасы мықты құлатып алғанда сынбайды.Ал базардағы ыдыстар әдемі болғанымен тез сынып қалады!
...