+1 дауыс
2.0k көрілді

Менің осы бір нәрсеге таңым бар!? Неге осы - біз батысқа еліктеп, соларға тартып киінеміз. Жарайды ғой, менде мода қуалаймын. Оның бәрін осы заманда өмір сүрген соң түсінемін. Тууух.., кезінде біз де қудық қой моданы - алғашқыда джинсы шалбарлар - "Montana", "Пирамида", "Бананы", "Мальвина" деген сияқты киіп, одан соң двубортный костюм-шалбар, норка құлақшын немесе дубленка деген сияқты, "Adidas" спорттық киімдерін жолдастарым тойға да киіп баратынsmiley . Бұның бәрі дұрыс қой, "елмен көрген  - ұлы той" дегендей.  Бірақ !!!! Осы қылықтарымыз дұрыс па? Бір киімдер шығады.... "мода екен" деп, "Құдай салмасын!!!" сосын оны көкелеріміз де киеді, жас бала да киеді..... Ол оған жарасып жатса екен мейлі....Құдайдың берген денесі семіз бе жоқ арық па, оған қарамайды, әйтеуір жаңағы "модный киім" үстінде тұрса болды. Ал шетелдіктердің үстінде - өзіне шап-шақ, қарапайым ғана киім киіп жүргенін көресің. Оларға тағы "қарашы мына сорлыларды, жұпыны киіп алыпты" - деп қоямыз. Ал апаларымыз бен қарындастарымыз барлық әуреттерін ашып алып, қазақтың "ұлттық, шариғатқа сай болатын киімдерін" таппай немесе кимей, арапша пәренже киген қыздарға қарап, есіркегенін көрген кезде - "ай мынау жығылып жатып, сүрінгенге күлді -ау" деп,  өте жиіркенішті сезімде қалады екенсің.  Осы мәселе жөнінде қалай ойлайсыздар жамағат!!!???

7 жауап

0 дауыс
Иә,мода қуатыны рас. Жараса ма , жараспай ма оны өздері біледі ғой. Өздерінің де басы бар. Менде кейбір адамдарды түсінбейм, біреудің киінгенінде не шаруасы бар екен? Әркімнің өз қалауы бар ғой. Ашық киінседе күнәсі өзіне жазылады..
Мұсылман бауырыңа не істесең де күнәңді өзің көтерерсің деп селқос қарағанымыз дұрыс болмас. Мұсылман бір-біріне жақсы сөздер айтып, Алланың (т.ғ.) хақ жолына жол сілтеп (Құран, хадистерді негізге ала отырып) көмек беріп жатса, Алладан (т.ғ.) сауабы болары мүмкін ғой. Шаруасы болғанда қандай! Сен егерде тыр-жалаңаш жүрсең, менің бауырмашылдығым, адамгершілігім қайда қалады. Бәріміз бір елде, бір қоғамда өмір сүрген соң бір заңға бағынып, ұстанымыз бір болып өмір сүруіміз керек шығар? Мен сенің өміріңе кедергі жасамаймын, сен де мен өмір сүретін қоғамға (иісі мұсылман - қазақ еліне) өзіңнің батыс көзқарастағы іс-әрекеттеріңмен кедергі жасама.Үйіңде- күйеуіңнің алдында нені кисең соны ки, бірақ бөтен жұрт көрмегені абзалырақ шығар!! Жалпы , сөз түйіні - өзіңе жарасымды ки, дәстүр мен діни рұқсатталған киімді ки. Менің олай айтуға хақым бар!!!
+1 дауыс
Адам көркі- шүберек. Адам қымбат киім кисе де, арзанын кисе де ең бастысы- өзіне жарасып тұруы. Әдемілік ол адманың киімінің қымбаттығына қарамайды.Ал біреудің сыртынан әңгіме айу- өте ұят қылық.Қатты сол адамға жаны ашып бара жатса, неге өзімен жеке сөйлеспеске?? Ол адамға түсіндіріп айтсаң, түсінеді ғой. Біреудің сыртынан жамандаудың өзі- күнә.
0 дауыс
Өз басым сол кезде сол мальвина,монтана,банан шалбар дегеннің ешқайсысын кимеппін,әке-шешеміз не алып береді,соны киіп алып жүре беретінбіз,қазір заман басқа,жастарымыз өз қалауымен киінеді,әркімге өзіне жарасып тұрса неге кимеске
Бауырым!!! Бір қыздарға былайша құтырта айтқанда "мерседес трусики" жарасады, кейбір жігіттерге ышқыры тізесінде жүретін шалбар жарасады, кейбір әйелдер көкірегіндегі екі алмасының ұшы ғана көрінбей тұратын, қалғаны толық көрініп тұратын көйлек киіп алады. Не сонда жарасып тұр деп кие беруі керек пе? Бауырым ! Енді осы туралы "біссімилләх" деп тағы ойланып көрші, "шайтаның" кетсін қасыңнан!!! Мүмкін ойың өзгеріп қалар....?!
Бауырым,сен екеуміз бұл жерде айтысқанымызбен ештене өзгермейді.Маған ойлан дейсің,мен ойланғанда оларға тыйым сала алмайтынымды білесінғой
0 дауыс
Дұрыс киіну хех қазақ дамбал мен камзол киседе қазақ,мини юпка мен дженси киседе қазақ.Ең бастысы құдай қазақтықтан айырмасын!
Қазақ тыр-жалаңаш жүрсе де - қазақ екеніне дауым жоқ! Мәселе онда емес, ұлтыңның салт-дәстүрлерін қадірлей білу туралы айтып отырмын. Егер соларды қадірлей білсең Құдай сені қазақтықтан айырмас!!!
0 дауыс
Қазіргі кезде батысқа еліктеу көбейіп кетті. Батыс не кисе бізде соны киетін болдық. Мода мода дейміз. Сол мода мода деп киетініміз жартылай жалаңаш киімдер. Шыны керек сол ашық-шашық киімдерді киіп әдемі болып кетіп жатқан ешкімді көрмедім. Модаға сай киім керек болса Қазақстан дизайнерлерінің де шығарған киімдері бар емес пе?
Қазіргі көзқараста өзгеше,мысалы былай ғой:бір жігіт көшеде келе жатыр делік,алдынан екі қыз шықты,бірі жартылай жалаңаш,бірі ұзын киім киіп,хиджаб киген,ал сол жігіт хиджаб киген,ұяты бар қыздан қашады,тіпті үрке қарайды теріс діни ағымдағы қыз деп,ал жаңағы 1ши қыза басқа көзбен қарайды
Жоқ мен олай деген жоқпын ғой... Қатты жалаңаш та емес қатты қымтануда емес кәдімгі мода қусада норм шыққан киімдерді кисе де болады деген болатынмын.
0 дауыс
БАтысқа еріп жүргеніміз рас шын,бірақ қазір 21 ғасыр заманға сай киім кию керек ?

Дұрыс па,бұрыс па,оны сіз шешписізғой,өздері біледіғой не кигісі келсе сны киеді?
+2 дауыс
))))))))))))))))))))))))))))))))

Шетелдіктерді біз үлгі қылып алмай-ақ қояықшы... Олар бізден бетер  тырыстырып, қысқа киеді, мода қуалайлы. Одан қалса олар бізден алде қайда толық, сол недесіне жабыстырып киеді. Онда тұрған ештеңе жок деп ойлаймын. Әр адам өзіне ұнайтын киім кисе ғана ыңғайлы жүреді.

Бір киімдер шығады мода деп соны бари киеді дейсіз, оларды қалай кимейсің барлық жерде сол киімді сатады ғой) Одан қалса арзан))) Содан  байқаймыз сол киім модада екенін.  Адам не кисе де жарасса болдыго, жараспаса яғни оған солай киінген ұнайды. Қысқа кисе оны енді өзі біледі. Үйінде ата-анасы рұқсат берсе болдыго. Әр адам өзінің санасына берсін Не киседе тура жолдан адаспасын деп тілейік.

Хиджаб киетіндер ұзын койлек киіп жүреді, етегі жер сүйіп. Ал балдары қысқы шалбар киеді. Олар адейі балақтарын кесіп тастайды, жерге тимесін тазалықтын белгісі деп. Ал неге қыздардын етегі жер сырырып жүреді???

Менің айтарым не кисекте Ең бастысы Құдай  тура жолдан адастырмасын.

дәстүр мен діни рұқсатталған киімді ки депсіз. Ол қандай киім. ???
Дәстүрлі дегенім - қазақтың ұлттық киімдері (бұл мүмкіндігінше), діни рұқсатталған дегенім - шариғат заңдарына қайшы келмейтін, яғни барлық әурет жерлері жабылатын және киімнің арғы бетінен әурет жерлері көрінбейтін маталардан(шифон т.б.. сияқты) тігілген киімдерден кимеу және ер адамға жібек матадан (мұның мәнісін Алла (т.ғ.) біледі) кимеу керек. Ал еркектердің балақтарын кесіп тастау туралы хадис бар, менің білуімше. Ол былай болған: " Ертеде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кезінде бай адамдар изарларының (арабтар киетін көйлек) етектерін немесе балақтарын өзінің бай екенін көрсету үшін ұзын қылып киген. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) изарларыңның (арабтар киетін көйлек) балақтарын тәкаппарланбай қысқа етіп киіңдер" деген. Қазіргі жастардың сол сүннетке байланысты киетіні сондықтан. Ал, сол кезде сахаба - Омар (р.а.) "Уа Пайғамбарым (с.ғ.с.) мен де изарымды ұзын киемін ғой" дегенде - Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Сен Омар тәкаппарлардан емессің ғой деген, сенің киюіңе болады" -деген екен. Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбеттеріне киімдерін ұзын етіп, таза ұстап, киюге болады, тек қана күналардың үлкені болып саналатын тәкаппарлануға жол бермей киінсең болғаны!!! Ал қыздар мен апаларымыздың хиджаб кигені - қазақтың дәстүрлі киімдерін (кимешек, т.с.с. киімдерін)  ислам дініне, шариғатқа еш қайшы келмеген, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық киімдерін сыйламау деген сөз немесе діни сауатсыздау деген сөз!!! Әрине анығын Алла білер!!!
...