Дәстүрлі дегенім - қазақтың ұлттық киімдері (бұл мүмкіндігінше), діни рұқсатталған дегенім - шариғат заңдарына қайшы келмейтін, яғни барлық әурет жерлері жабылатын және киімнің арғы бетінен әурет жерлері көрінбейтін маталардан(шифон т.б.. сияқты) тігілген киімдерден кимеу және ер адамға жібек матадан (мұның мәнісін Алла (т.ғ.) біледі) кимеу керек. Ал еркектердің балақтарын кесіп тастау туралы хадис бар, менің білуімше. Ол былай болған: " Ертеде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кезінде бай адамдар изарларының (арабтар киетін көйлек) етектерін немесе балақтарын өзінің бай екенін көрсету үшін ұзын қылып киген. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) изарларыңның (арабтар киетін көйлек) балақтарын тәкаппарланбай қысқа етіп киіңдер" деген. Қазіргі жастардың сол сүннетке байланысты киетіні сондықтан. Ал, сол кезде сахаба - Омар (р.а.) "Уа Пайғамбарым (с.ғ.с.) мен де изарымды ұзын киемін ғой" дегенде - Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Сен Омар тәкаппарлардан емессің ғой деген, сенің киюіңе болады" -деген екен. Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбеттеріне киімдерін ұзын етіп, таза ұстап, киюге болады, тек қана күналардың үлкені болып саналатын тәкаппарлануға жол бермей киінсең болғаны!!! Ал қыздар мен апаларымыздың хиджаб кигені - қазақтың дәстүрлі киімдерін (кимешек, т.с.с. киімдерін) ислам дініне, шариғатқа еш қайшы келмеген, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық киімдерін сыйламау деген сөз немесе діни сауатсыздау деген сөз!!! Әрине анығын Алла білер!!!