+2 дауыс
3.0k көрілді
егер сынып жетекшім (завочтар)неге сен шашынды алмайсын,қатты ештене бүлдірмесемде неге сен бүйіттің деп ұрсып

намысыма тиетін сөз айтып ручка орындық лақтырса не істеуім керек оқушыға олай істеуге қақысы жоқ қой олардын.

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Оқушының құқығы жайлы мына жерде жазылыпты, іздеу жүйесін пайдаланғаныңызда табар едіңіз: 

Ақпарат мына жерден алынды

Оқушының құқығы:

1. Ана тілінде тегін оқу, медициналық қызмет, өмірінің қорғау, оқуға жақсы жағдай жасау, еңбек пен демалыс, мектепте уақытымен сапалы тамақтануға.

2. Жеке тұлғасын құрметтеу, керек жағдайда мұғалімдерге немесе басқа мектеп қызметкерлеріне өзіне қарату, олардан көмек алу.

3. Мектептен тиісті жағдайда қаржылы көмек алу.

4. Оқуда

- мемлекеттік және басқа бағдарлама бойынша сапалы білім алу, мектепішілік оқулықтар, құралдармен пайдалануға;

-оқушының аурып қалған және басқа жағдайда мұғалімдерден қосымша көмек алуға;

-сабақ арасындағы және басқа ұйымдастырылған демалыс, жексенбі және каникул күндерінде, сабақтан босатылған жағдайда;

5. Өз қабілетін және талантын жан-жақты дамыту, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды таңдауға.

6. Өз ұйым өмірінің сұрақтарын шешу кезде қатысуға

7. Өз қабілеті, білімі және мүмкіндігіне  қарай байқау, жарыс, сайыстарда өз сыныбын, мектебін таныстыруға.

8. Кез келген кезде бос орын болса, басқа сынып, мектепке ауысуға.

 

Оқушы міндетті:

1. Мектеп Жарлығын орындау, сонымен қатар:

-  мектеп жарлығына сәйкес жағдайда, мектеп қызметкерлер және кезекші оқушылардың айтқанын орындау, мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер, қауіпсіз техникасын және тазалықты сақтау;

- мұғалім және өз ұжымының тапсырысын орындау, сынып кезекшілікте және өз-өзіне қызмет жасауға қатысу;

- оқушылар, басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешу;

- мектеп, сыныпта тыныштық, сабырлықты сақтау:

- темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы, сабырлы, киімін таза ұстау, өз-өзіне қарау

2.Оқуда:

- ынталы оқу,оқу процесіне кедергі жасамау,үйде және сыныпта мұғалім тапсырмасын өзіндік орындауға тырысу;

- уақытында сабаққа келу,оқу орнын таза ұстау;

- сабаққа мектепішілік формамен келу;

3. Мектеп ғимаратын, оқу құралдарын, мүліктерін сақтау, басқалардың еңбегін құрметтеу, өз және басқалардың заттарына, ағаштарға ұқыптылықпен қарау, егер зиян келтірген жағдайда ата-аналармен өтеу.

4. Су және электроэнергияны,тағамдарды үнемдеу.

5. Өз ұстау мәдениеті, еңбек және сөйлеу ережесін сақтау.

+1 дауыс
Олай істеуге құқығы жоқ қой, бірақ мұғалім дәл сондай дәрежеге жететіндей бірнәрсе істегенсің ғой...
сол шашқа бола ғой
+1 дауыс

Ей,сенің басың істейма де наглый,егер намысыңа тиетін сөз айтып,ұрып соқса,негізі біздің олай айтуға қақымыз жоқ,бірақ олардың да қақысы жоқ,ең дұрысы сабырлы бол,ақылмен шеш

0 дауыс
Оқы, сәттілік: https://surak.baribar.kz/6104/
+1 дауыс
Азған ұрпақ-ай, сенің міндетің оқытушыны тыңдап,ата-анаңды ұятқа қалдырмай жақсы білім алу. Қазірден ұстазыңа бәле іздесең,кейін бәленің астында өзің қаласың, правошылын.
0 дауыс
Шашты алған дұрыс негізі!!! 10 11 сыныптарда алу керек болады! бәрібір!!
неге ...............................................
0 дауыс
Сенің құқығың жақсы оқу. "Олардың" деп айтқан сөзіңнен-ақ тәрбиесіздік пен білімсіздіктің иісі аңқып тұр. Сол оқытушының орнына анаң немесе әкең болса не істер ең?
...