+1 дауыс
1.2k көрілді
Бiр кiтапта оқығаным бар,- "нан ұсақтарын терiп жеген адамның несiбесi артады" деген. Қалада журсең әр жерде ,талдың устiне, аялдамаларда жатқан нандарды көремiз. Ар жерге пакетпен iлiнiп тұрған нан өнiмдерi. Пирожки , булочки жеп жартысын бiр жерге тастап кететiндер де кездеседi. Обалынан неге қорықпайды адамдар ?! Бiр газеттен бе оқып едiм: Ауғандықтар аштықтан шөп жеуге кiрiстi деп жазыпты. Нанды қалай қадiрлеп журсiз? Егер көшеде нанды бiр жерге қойып кетiп жатқан адамды көрсеңiз не айтар едiңiз?
Бағзы заманда  қаптаған туйе, жылқысы бар ,  байлығы шалқыған  адам  бiр  данышпанға келiптi.  
- Менiң байлығым  тасып толып кеттi. Кедей-кепшiкке үлестiрсем де таусылар емес. Керiсiнше көбейiп бара жатқан сияқты. Мұның себебi не деп сурапты.
Данышпан ойланып отырып сiз бiр жаққа керуен тартып барып қайтыңыз, келген соң жауабын айтармын дейдi де бiр адамын жасырын әлгi байдың керуенiне қосып жiбередi.
  Бай адам керуен тартып басқа қаларға жол тартады. Түйе устiнде нан жеп, су iшiп  келе жатқан оның қолынан нан ұсағы жерге тусiп кетедi.  Ол туйесiнен жерге тусiп ,қанша iздесе де нан ұсағын таппайды. Салы суга кеткен алгi бай керуенiн сол жерге тоқтатып , жаңағы нан ұсағы тустi ау деген жердi қоршап қояды. Сол нан қиқымын iздеп сол жерде  бiр айдай уақыт керуенi тұрақтап қалады. Данышпанның адамы соны бақылап журiп айтып келедi. Нан ұсагын тауып , басқа шаhарга саудамен барган бай , олжалы болып оралады.
- Сiз бай бақуатты болып бара жатқаныңыздың себебi , нанды, нан ұсагына дейiн қадiрлей бiлуiңiзде деп жауап қайтарыпты данышпан сонда оған.
жақсы айтылған әңгіме екен!
Белгісіз

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен нанды жерден көрсем жоғары бір жерге қойып кетемін. Сол қойған жерден құстар көріп алады. Нанның қиқымдарын көрсең оны алып өзің жемесеңде жануарлар мен құстарға беру керек. Сауап болады. Көптеген Нан туралы наным-сенімдер, ырымдар жетерлік. Мысалы нанды екі қолмен бөлмеу керек деген секілді көп.
Жарайсың Ақжол! Жауапқа рахмет.
+1 дауыс
Асыл дініміз ең қасиетті кітап - құранды басып нанды алуға рұқсат берген. Мен нанды жеке басым аса  құрметтеймін. Обалынан қорықпағандар меніңше Алладан қорықпағандар. Барар жерлері белгілі ғой олардың.
Ия Жахар дұрыс айтасын, Алладан қорықпайтындар олар.
+1 дауыс
көп суретте кездеседі ғой саусағын жерде ақша сұрап отқандарға көрсетеді міне оның жағдайы жақсы қарны тоқ болған сон солай етті егерде оның қарны аш қаңғыбас адам болғанында ол олай етпес еді деп ойлаймын мен өзі м себебі ешбір адамның үстінен күлуге болмайды Құдай сол ісіңді өзіне сілтей салуы да абзал!
Бiр сурет көрiп едiм, суйектерi көрiнiп тұрған африка балалары. Аштықтан бiр узiм нанга зар болып отыр. Мулде есiмнен кетпейдi сол сурет.
+1 дауыс
"Арпа-бидай ас екен,алтын-күміс тас екен" деген мақал бар.Өте мағыналы.Біздің ата-бабаларымыз нанды,тамақты қадірлей білген.Өз басым нанды аса қадірлеймін.Нанға тең келетін азық жоқ.
Ия өте керемет айтылған мақал!

Ұқсас сұрақтар

...