Бағзы заманда қаптаған туйе, жылқысы бар , байлығы шалқыған адам бiр данышпанға келiптi.
- Менiң байлығым тасып толып кеттi. Кедей-кепшiкке үлестiрсем де таусылар емес. Керiсiнше көбейiп бара жатқан сияқты. Мұның себебi не деп сурапты.
Данышпан ойланып отырып сiз бiр жаққа керуен тартып барып қайтыңыз, келген соң жауабын айтармын дейдi де бiр адамын жасырын әлгi байдың керуенiне қосып жiбередi.
Бай адам керуен тартып басқа қаларға жол тартады. Түйе устiнде нан жеп, су iшiп келе жатқан оның қолынан нан ұсағы жерге тусiп кетедi. Ол туйесiнен жерге тусiп ,қанша iздесе де нан ұсағын таппайды. Салы суга кеткен алгi бай керуенiн сол жерге тоқтатып , жаңағы нан ұсағы тустi ау деген жердi қоршап қояды. Сол нан қиқымын iздеп сол жерде бiр айдай уақыт керуенi тұрақтап қалады. Данышпанның адамы соны бақылап журiп айтып келедi. Нан ұсагын тауып , басқа шаhарга саудамен барган бай , олжалы болып оралады.
- Сiз бай бақуатты болып бара жатқаныңыздың себебi , нанды, нан ұсагына дейiн қадiрлей бiлуiңiзде деп жауап қайтарыпты данышпан сонда оған.