+6 дауыс
10.2k көрілді
Махаббат туралы не айталасыз?

17 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайран сезім тұншығасын төзесін.
Жай отындай жанасында сөнесін.
Махаббат ол мұнсыз болмас ешқашан.
Шыда журек, амалын жоқ көнесін.
Өз өзіннен алыстайсын, келесін.
Қиялдайсын, армандайсын елесін.
Махаббат ол тәтті мұннын иесі.
Шыда журек амалын жоқ көнесін.
Көкті шарлап жұлдыздарды тересін.
Ай бетінен тагы соны көресін.
Махаббат ол бағындырады еріксіз.
Шыда журек амалын жоқ көнесін.
Еріксіз елесіне ересін.
Алдасада, арбасада сенесін.
Махаббат ол тылсым куштін иесі.
Шыда журек амалын жоқ көнесін.
Ащы мұнды сен тәтті ғып сезесін.
Кемшілігін көре алмайсын, қатесін.
Мұнын барі суйіп қалу,біреуді.
Сүйгеннен соң амал барма көнесін.
+1 дауыс

"Әлемді құтқаратын махаббат!" -деген сөздер бекер айтылмаған болуы керек. Қателеспесем М.Ауезов айтқандай "Ғашық болып көрмеген адам, ол адам емес" қате жазуым да мүмкін(кешірерсіздер).  Махаббат бар, бола береді де. Тәтті сезім қолмен ұстап сезе алмайсын, көзбен көре алмайсын. Махаббат туралы жарытып айта алмаймыз, себебі ақын емеспіз. Нағыз махаббатты суреттеп жазып бере алатын ол ақындарымыз.

Бұл сұраққа қысқа қайырғанда мына 4 шумақ өлең жауап бере алады.

Махаббат табылмайды қаруменен,
Әлде бір өсек айла алдауменен.
Тек қана махаббатпен таба аласын,
Ақ ниет, адал жүрек арынменен.


p.s. Аққанат сізге адал махаббатты табуыңызға тілектеспін! Болмаса  мен болуға қарсы емеспін. ))

Ербол бауырым сайттағы қыздарға қырындай бермесей!!! Ұят болады. Сіз бірінші кездесуге шақырыңыз содан кейін сіз шешімінізді қабылдайсыз деп ойлаймын!!!
+1 дауыс
Рахмет! Сізге де адал махаббат тілеймін!
Аққанат ханым! Сіз жауаптың астындағы Пікір деген бар. Соны басу арқылы сіз жауапқа өз ойыңызды айтасыз. Қазір сіздікі жауаптың бір нұсқасы болып тұр. Келесі жолы ескересіз деп ойлаймын.
+2 дауыс
Махаббат жоқ!)))
duris aitasiz
Аққанат ханым неге бұлай ойлайсыз... Махаббат деген түсіну емес сезіну керек. Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатын жалған деп ойлайсыз ба әлде әке-шешеңіздің арасында махаббат жоқ дейсіз ба!!! Жауап берсеңіз разы боламын. Неге махаббат жоқ???
+1 дауыс
ой не айтуға болады? - махабат деген саусаң сиыр мінсең ат ғой-
сутин ишип етин коп жеген екенсин а
+3 дауыс
Махаббат ол деген үлкен сезім ғой. Біреуге кеш, біреуге ерте келеді.
Дұрыс айтасыз Досбол мырза!!!
Махаббат жок деген адамдарды түсінбеймін. қалай олай айтасыздар?! махаббат бар. бірақ әрине махаббат деген бойыда ақылға қызбен жігіт келеді. ол да дұрыс ақ. бірақ бізді жаратқан Аллахқа біздің махаббатымыз шексіз болғай. Әлгі қызбен жігіт бір бірін қатты қатты жақсы көргендерінде көбінде Аллаһты ұмытып кететін көрінеді. сонда Аллаһ қызғанады екен. неге мені сондай жақсы көрмейді деп. шыныменде бізді Жаратқанды алдымен сүйсек нұр үстіне нұр ғой. ал ары қарай махаббат жалғасын ақырын ақырын таба береді, анаға, Отанға, балаға, әкеге, отбасы т.б. кете бермек. Махаббат жок деп айтпаңыздаршы
Махаббат уакыт талгайма.
Жанынды отка салмайма.
Жылаган журек туншыгып
Ошіп ол да калмай ма.

Махаббат кезен талғайма
Ол да турар сарғая
Тәтті сезім бал даурен
Дәмі калар тандайда

Махаббат теніз болмайма
Жаңға жылы турмайма
Бірде суык суына
Муздатып малып алмайма

Ойлана кетем, тубіне
Теніз деген омірге
Белгісіз, кашан шыгамын
Туңғыйық тубі, көнем де
дұрыс пікірдесіз осы пікіріңізді жойып алмаңыз
+1 дауыс
Маххи де олма ол журекте гой!
+1 дауыс
Не айтар болсақ та, бәрібір сол сезімнің құдіреттілігін дәл сол қалпы сипаттап бере алмаспыз!!!
+4 дауыс

"Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті!" деген Абай ақынның өлеңі де,

"Махаббатты жоқ деп жүрген ауыздың

Айтары да, айтпағы да - жауыздық!" деген үлкен ақын ағамыздың да өлеңі бар ғой.

"Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,

Ал махаббат - таусылмайтын әңгіме!" деген де бар, "если что"... cheeky

"Сіз мына жерде неге АЛЛА дедіңіз, АЛЛАҺ демей?" деген Арманайға жауап: Абай ақынның жазғанына қол сұғушы емеспін.
"Осы сіз лажсыздан қойылатын смайликтерді мына жерге қалай қоюды білмейсіз бе? Білсеңіз, үйретіңізші)))" деген Арманайға жауап: кешіріңізші, білмейді екенмін. Осы туралы көпшілікке арнайы сауал тастап көрсеңізші.
+2 дауыс
махаббаттың басы татті,аяғы ащы болады.
Әр адамның тағдыры әр қилы емес пе?!
+1 дауыс

Махаббат - отбасының діңгегі. "Махаббат, қызық мол жылдар"кітабында осылай жазылғаны есімде қалып кетіпті.

+1 дауыс
Махаббат деген адам жанының екiншi бiреуге бағытталған сүйiспеншiлiгi мен құштарлық сезiмдерiнiң аса нәзiк турi. Махаббат адам жанының аса терең сезiмдерiнен табиғи да ерiктi түрде пайда болады. Оны мәжбүр ету арқылы тудыруға да,сондай жолдармен жойып жiберуге де болмайды.
 Махаббат шын мәнi, өз басынның қамын ойлаудан бас тартуда,бiреу үшiн өзiңдi-өзiң ұмытуда,сол арқылы өзiңдi-өзiң билеуде.
негізі дұрыс айтылған сөз менде бір сұрақ қойсам деймін мен ойнап жаүріп отқа түстім бір балаға ғашық болып қалдым бірақ оның 3жыл жүрген қызы бар бірақ ол баларыңда маған ойы бар ол баланы өзіме қарату үшін не істеуім керек дұрыс жауап қайтарыңдаршы
0 дауыс
АЩЫ МАХАББАТ немесе
қыз бен жігіттің өкініші
– Тосқал қойып күдікке мен,
Арман толы үмітпенен
Кетем ертең оқу үшін, жаным, басқа қалаға,
Келем сосын демалыста бір жыл салып араға, –
деп сұлу қыз жігітіне баяндады хабарын, –
Басқа жақта білім қуып, ілім жолын табамын,
Болашаққа қол ұстасып тек өзіңмен барамын,
Ең алдымен бітіп алсын қаладағы сабағым.
– Бірақ, гүлім, сенсіз қалай бір жыл бойы күн кешем,
Қалай түнде көз ілемін жағдайыңды білмесем.
Сені бір сәт көрмесем мен, тамағымнан ас өтпей,
Уға толы тұрғандай ғой ішетін шәй, бір кесем.
Бар мақсатың білімпаз боп, содан өрнек тоқу ма?!
Болар еді түссең осы қалаға да оқуға.
– Жо-жоқ, жаным, көңіліңді жауламасын қайғы мұң,
Ермек қыла жүре тұршы сағыныштың айдынын.
Ал сен мені қазынамнан айырғалы отырсың,
Қазынам не? Ол – білім ғой, білім менің байлығым.
Көңілдері пәк жарасып, ұштасатын теңізбен,
Жүрегіне махаббаттың тәтті балын жегізген,
Жан едік қой сезім толы әр жемісті тең үзген.
Сондықтан да ертең кешке вокзалға кел, өтінем,
Мені ұзақ көре алмассың сәл кешіксең сегізден.
*
Орын алған қаладағы тыныштықты құртты да,
Әре сәре болып жатыр қуанышты жұрт мына.
Қимастық от сезімі бар қыздың барлық ісінде,
Келіпті жұрт шығарып сап, ақ жол тілеу үшін де.
Бірақ қыздың болмаған соң топ ішінде күткені,
Әдеттегі қуаныш жоқ, көңілі оның күпті еді.
Сүйгені жоқ.
Келмеді әлі.
Бұл сезімнің біткені.
Ал жігіттің бастығы да адам екен тірі сұм,
Уақытында жібермеді «бітпеді, - деп, - жұмысың».
«Бүйтіп жанды жалықтырар жұмысыңыз құрысын», –
деп барлығын тастады да жігіт қызға асықты,
Зулап кетті көлігімен жақын қылар қашықты.
Туыстары сұлу қызды жатса-дағы құшаққа ап,
Өз сезімін жерлеуі де,
Сүйгенінің келмеуі де
Бара жатыр қыз жүрегін айықпастай пышақтап.
Жігіт жолда келе жатыр алға қарай бағы айдап,
Үлгермесе, қалып қояр көңілінде талай дақ.
Сәл кешіксе солғалы тұр өмірінде арай бақ.
Алыс-алыс жолдық маңға
Келе жатыр сондықтан да
Қолындағы сағатына жиі-жиі қарайлап.
Пойыз қазір қозғалады, жақындады уақыты,
Бірақ қыздың көрінбеді, келмеді әлі бақыты.
Жігіт, міне, келіп қалды, қалды соңғы бұрылыс,
Зуылдайды көлік деген заманауи құрылыс.
Көрісуді жазбапты Алла, бұл – фәнилік құбылыс:
Соқты біреу бүйірінен көлігіне жігіттің,
Көлік сынды.
Осы болды бөлінгені үміттің.
Тосқал болып жігітке тән орындалмас арманға,
Жол апаты орын алды вокзалға сәл қалғанда.
Осы жерде бәрі бітті, тек сезімі сақталды,
«Кеш мені» деп жігіт жылап, о дүниеге аттанды.
Күтіп-күтіп келмеген соң, вогонына қыз мінді,
Жанарына жас үйілді, мұңға беріп тізгінді.
Әлі өшпеген сезімі оның қасіретке батқандай,
Ақ арманын алыс жаққа алып бара жатқандай.
«Сен бар кезде қарқыны мол, теңіз басқан кеме едім,
Енді ешкімге керек емес ұшы сынған жебемін.
Өзге жанды ұнаттың ба, күткен едім, жоқсың сен,
Екеуімізді ажал ғана айырады деп едің»
деп қыз жылап бара жатыр, ойдан кеткен ажарлы үн,
Қимастықтың сезімімен бойын басқан тажал мұң.
Жігітіне лағнет айтып, іштей қарғап барады,
Білмей-ақ қыз ол екеуін айырғанын ажалдың.
0 дауыс
http://jakoblog.kz/676/
0 дауыс
ютуб немесе гугл kz   "махаббат пен жауыздық"
...