+3 дауыс
9.0k көрілді
Соңғы екi-үш жылда "тәттi шай" деген пайда болып қалды.Әлде бурын бар ме едi? Қонаққа солай айтып шақырып кетедi. Сiздер жақта да бар ма осы "тәттi шай"? Тәттi шай аталу себебi не?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәтті шай-қыз тұрмысқа шыққаннан кейін қыз бен күйеуге берілетін арнайы (араласып кету мақсатындағы)  шәй. Маңғыстауда қыз тұрмысқа шыққанда ата-анасы тойға қатыспайды. Соған байланысты қыздың төркініне (қыздың ата-анасына) той дәмін әкеледі.Былайша айтқанда, жақын араласу үшін жасалады.
Тусiнiктi рахмет! Бурын жоқ едi я, алде  Маңғыстауда бар ма едi?!
Қазір бар, бұрын болған-болмағанын білмедім.
+1 дауыс
Тәтті шай Шымкент жақта қыз бен жігіт сөз байласып,үйленер алдында ата-аналары бір-бірімен тереңірек танысып, тойдың қай күні болатынын белгілеу үшін жолығығысып, үйде немесе кафеде отырады, жақын араласа бастайды, Соны тәтті шайға шақыру дейді.

Ал қыз бен жігіт үйленіп болған соң ондай тәтті шайдың не қажеті бар, олар ол кезде кәдімгідей арласып кетеді, туысқандар сияқты болып.
Біз жақта құдалыққа дейін құда-құдағилар бір-бірімен араласпайды.Қызда күйеу баламен құдалыққа дейін төркініне бармайды
Құда-құдағилар арамыз тәтті болсын деп бір-бірінің шайына қантты аямай салып ішкізеді, как әзілдеген сияқты, бұл жерде тек қана шай емес, дастарханды тәтті жеміс-жидекке толтырып, етті үйіп тастайды. Негізі дұрыс құда-құдағилар солай ойнап-күліп арласқандары дұрыс, әр қашан да.

 Бір-біріне тымырайып, көз алартып, бір-бірін сынап, құдалыққа дейін арласпай , мені көрдіңба? деген сияқты шіренгенінің керегі не. Ол қайдан шыққан заң, қызық емес.  Қазақтарда ондай заң болмаған, болуы да мүмкін емес, че то не понятно?.
Қыз алып құда-құдағи атанған соң "тымырайып","көз алартып" не қылсын жай біздегі дәстүр солай.Шамасы әр елдің салты басқа дегенге келіп тұрған секілді
–2 дауыс
Шәйға қантты көбірек салып ішетін шәйғо бұл;) Бұндай дәстүрді бұрын естіп көрмеппін.

Ұқсас сұрақтар

...