0 дауыс
4.7k көрілді
Махаббат туралы кітап болғанда қалай, Махаббат қызық мол жылдар деген сияқты кітап емес. Өмірбаяны, не біреулердің махаббаты ондай кітаптар қажет емем. Маған махаббат туралы сезім жақсы жаман жақтары, ақыл кеңес, даналық сөздері бар болса ішінде. Нотбукке жүктеп алуға керек. Сілтеме қалдырсаңыздар.
Сілтеме күтемін...
Белгісіз
1. Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай
2. Ғашықтық құмарлықпен — ол екі жол. Абай
3. Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. Қ.А. Яссауи
4. Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың. Ел аузындағы сөз
5. Махаббат көп жігіт пен көп қызды өмір бойы қуып жүретін жалғыздықтан құтылудың басты жолы. Бертран Рассел
6. Тірі адамды сүйгеннен гөрі, тәтті естелікті сүю оңай. Пьер Ла Мюр
7. Мүмкін сен бұл әлемде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. Маркес
8.Махаббат өзін қуғаннан қашып, өзінен қашқанның артынан қуады. Уильям Шекспир
9.Махаббат — адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы. Чарльз Диккенс
10.Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон
11.Ғашықтық адамның өзін-өзі алдауынан басталып, өзгені алдауымен аяқталады. Оскар Уайльд
12. Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. Ф. Жерфо
13. Сезім әлемінде бір ғана заң бар — сүйгеніңе бақыт құрау. Стендаль
14. Жан ғашықтардың еріндерінде тоғысады. П. Шелли
15.Қырық жасқа дейін құлай сүймесең, одан кейін сүйіп қалмауға тырыс. Б. Шоу
16.Кемпірқосақ туралы армандасаң, жаңбыр астына қалуға дайын бол. Долли Партон
17.Әркімнің мінген аты — өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары — өзіне сұңқар. Сырым Датұлы
18.Менің дінім — махаббат. О. Сүлейменов
19. Махаббат адамды танымастай қылып өзгерте алады. Теренций
20. Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл. Абай
21.Баланы да, досты да сүюді үйренген соң барып, жақсы көреміз. Ал ер адам сүюді әйелден үйренеді. Р.Вагнер
22.Бір адамның екінші адамға қатты қызығуы үшінші адамның дүниеге келуіне ықпал етеді. Х. Ягодзиньский
23.Біреуді сүю, оны ешкіммен салыстырмау. Б. Грассе
24.Сүю — бір-біріне қарау деген емес, бір бағытқа бірге қарау деген сөз. Антуан де Сент- Экзюпери
25.Махаббаттың бір сағатында бүкіл өмір жатыр. Оноре де Бальзак
26.Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро
27.Әйелдер оларды түсіну үшін емес, сүйікті болу үшін жаралған. Оскар Уайльд
28. Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей
29.Тек кездесу мен қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі. Ж.П. Рихтер
30.Махаббаттағы айрылысу отты үрлеген жел секілді, сезімі әлсізді тұншықтырып, сезімі мықтыны лаулатады. Р. Бюсси

4 жауап

0 дауыс

Мына сілтемеге өтуді ұсынамын:   http://www.infoportal.kz/node/12934

 

0 дауыс
Біреулер кітап десе мақал-мәтел тауып беріпті ғой.Махаббат қызық мол жылдар деген бар соны гуглдатып іздеп көр немесе Самсунг Галакси  АЙстардан оқи аласын.
Сұрақта былай жазылған: "Маған махаббат туралы сезім жақсы жаман жақтары, ақыл кеңес, даналық сөздері бар болса ішінде". Сондықтан даналық сөздерді жаздым. Жұртты сынға алатын болсаңыз, пікірге жазғаныңыз жөн шығар. Және жауап жазбас бұрын сұрақты толықтай оқып шыққан жөн.
сенде устин окы!!!!
Белгісіз
0 дауыс
Ағайын менің сұрағыма жауап беріңдерші. Жақсы жауап таңдаймын. Сұраққа мән беріп жауп бергендеріңізді қалаймын.
0 дауыс
...