–5 дауыс
467 көрілді

Біріншіден бүл сайтта бостандық жөні түзу сұрақ қоя алмаисың

Екіншіден Тек компютердің программасы және махаббат деген сұрақтар қоя аласың

үшіншіден кішене бір ұнамаитын сөз жазсаң Бан деима жасыру дейма сондай қырттарың бар

төртіншіден Сөз бостандығы болу керек

бесіншіден Адам ұят болсын басқаша болсың неге өзіне керек сұрақты қоя алмайды

алтыншыдан Сұрақты жасыруды қойыңдар

жетіншіден сайттарың шартатты адамды жалықтырады дұрыс сұрақ қоя алмағасын

сегізіншіден Қазақстанда сөз бостандығы жоқ екенін көрсетесіңдер

оныншыдан бұл сайт дамымаиды осылаи жүре берсеңдер

П,С Сұрақ,кз сайтынан үлгі алыңдар сөз бостандығы бар және адамдар боқтаидыма қате жазадыма ешкім ештеңе демеиді  және қолданушылары да көп Ойланыңдар

Бұл лоббисттің ойы ғой,минустамайықшы,бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ,өз ойын айтты,біз соны талқылайық
Алдымен қатесіз жазып үйренші, сауатты жазу маңызды нәрсе .Қысқа Й мен жай И-ді дұрыстап жаз. Иа, білем, бұл қазақ тілі сабағы емес, бірақ қазақ тілін көтеретін біздер емеспіз бе?
Сосын Сұрақ.кз-те жауапсыз сұрақтар көөөп, не керек ондай сайт сұрақтарыңа жауаптар ала алмасаң?

6 жауап

0 дауыс
Сұра.кз керсінше СЖ үлгі алсын,сайт болғаын алдымен тәртіп керек,мәдениетті де болу керек,боқтық сөздер сайттың беделіне нұқсан келтіреді
Сұра.кз деген сайт бармеді не?
Белгісіз
мүмкін бар шығар,бірақ бұл жерде аздаған қателік кеткен
мен ол қатесіне қараған жоқпын. Қазақстанда осы СЖ-дан басқа сұрақ қоятын сайттар бар ма дегенім ғой
Белгісіз
http://surak.kz/ бар,бірақ ұнамады
0 дауыс

Бойыңда ана тілге деген құрмет, сал-санаңа, әдеп-ғұрыпыңа сүйішпеншілік болса, сен осылай жазбас едің. Өзгені емес алдымен өзіңді түзеуді ұмытып кеттің. Қойып отырған талартарың бір сарынмен жазылып, стилдік қатені көп жібергенсің. Осындай ол-қылықтарды көріп тұрғанда қалай ішіміз күймейді?! Біз жас буындардың қателігін айтып, болашақта қайтадан жібертпеуіне мүмкіндік жасаймыз. Шалақ-шатпай жазып тілін ұмытып кетпесе екен дейміз.  Және сенің бойыңда қазақтық қан болса, мұсылман болсаң кешегідей боқтық сөз жазбас едің. Болашаққа құлаш сермеген СЖ аяғына оралған безбүйректерді керек етпейді. 

–1 дауыс

Жарайды сол сұрақ.кз-те еркіндік бар дисің. Сол еркіндік СЖ-да да бар. Бірақ СЖ сайтында сол ойыңды боқауыз, былапыт сөздермен жеткізбес үшін тәртіп сақтап, мәдениеттілікті қалыптастырған.

Сен осындай сөздеріңмен өз ойыңды ата-анаңның алдында да боқтап сөйлейсің бе?

Өз тіліңді қорламасаңшы.

Саған сұрақ.кз ұнаса неге сонда көшіп кетпейсің? 

Сұрақ-Жауап сайтында мұндай тәртіпсіздерге орын жоқ!

Сұрақ . кз деген сайттың бар екенінде білмейді екенмін. СЖ тұрғанда оны қай ақмақ ашып жүр?
Белгісіз
Менде осы бүгін ғана білдім. Ішіне кірсең быт-шыт. Одан сж жақсы. Жинақы. Мәдемиетті.
Шіркін Ерекең движок пен шаблон таңдағанда қателеспеген! Барлығы соның арқасында!
Белгісіз
Дұрыс айтасың, осы сайтқа жететін сайт барма?
–1 дауыс
Мәдениеттілікті ұмытпаңыз. Бұл сайт түсіне білгенге өте керемет. Менің ойымша,бұл  сайттың басты мақсаты- қазақ тілін дамыту. Ойланып көріңіз. "Тәртіпке бағынған құл болмас" деген бар.
–1 дауыс

Сж-Сайтттына жетер сайт жоқ?

devilyes

–1 дауыс
Сұрақ-Жауап сайты сөз бостандығына шектеу қоймайды. Тек анайы сөздер, жат тілде сөз жазу секілді нәрселерден аулақ болуға, таза Қазақ тілінде жазуға үгіттейді. Әрине бізде кейбір 18+ жоғары жастар талқылайтын сұрақтарды қоюға, немесе оған жауап жазуға тиым салынғаны ғана болмаса. Сұрақ дұрыс қойылмаса ол өңделеді, анайы болса жасырылады. Әрине сайтта кішігірім болсада кемшіліктер бары рас. Олардың бәрі алдағы уақытта шешіледі деп үміттенемін.
...