+1 дауыс
2.5k көрілді
Жақында сыныптас досымның үилену тоиы болады, соған ортаға сыныптастары деп шығарғанда қандаи құттықтау сөзін аитсам болады (өмірімде 1 ші кл-ның тоиы)

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Құрметті ....... мен .......! Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын! Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін. Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын. Жақсы әйел – жігітке біткен бақ,жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік босағаларың берік болсын ................. Жаңылға адал жар бол, Жаңыл осы шаңыраққа қонған бақ құсы бол. Ата-ана, туған-туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын. 2. Қадірлі қонақтар! Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері! Сіздерге осы қуанышты күнде босағаларыңның берік, керегелеріңнің кең, абыройлы, көңілдеріңнің тоқ, адал еңбектің арқасында табыстарыңның мол, алақандарыңның ашық, өмірге машық, жаңалыққа ғашық, ұрпақтарыңның ерболуын тілей отырып, мына өлең жолдарын өздеріңізге арнаймын; Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену, Үйлену – бір көктем мәңгі күйгеену. Жаңа отаудың қабырғасы қаланып, Дүниеге тағы да бір үй келу. Тілейміз биіктігін шаңырақтың, Тілейміз босағаның беріктігін. Мәңгілік екі жастың бақыты мен, Тілеймін құдалардың татулығын. Өмірлерің бақытты әнді болсын, Өңірлерің осындайсәнді болсын. Достық пен жастық шақ жалын атып, Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын! 3. Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелеріңкең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын! Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер! 4. Құрметті, отау құрып отырған қос ғашықтарға тілерім: Махаббат деген биік тас, Оған ешкім жете алмас, Жетеді оған тек қана Қол ұстасқан екі жас... Бұл өмірде мәңгі қол ұстасып жүріңдер, жұптарын ажырамасын, қосақтарын қос ағарсын. Бақытты болыңдaр!!!
бірнеше адамнын айтатын тілегін айтып тастадыңғой. басқаларынада қалдырсай
–1 дауыс
Бірің ай бірің күн болып арттарыңнан жұлдыздар ере берсін десей тема кетеді!
0 дауыс
http://www.svat.kz/ru/podgotovka/uilenu-toy-tilekter?start=20  қарап көр
0 дауыс

мұнда барлығы бар))))))))  ашып көріңіз)))

0 дауыс
Қыз Жібек пен Төлегеннің жетпеген махаббатына сендер жетіңдер. де қысқада нұсқа. көп сөйлеп қайтесің қасыңдағыларғада сөз қалдыр,
...