0 дауыс
2.3k көрілді
Ассамблеянын 20 жылдығына құттықтау сөз тауып бересіздер ме?

2 жауап

0 дауыс

Қазақстан Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми басталуына арналған құттықтау сөзі

Қымбатты отандастар, құрметті қазақстандықтар!

Бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталады.

Жыл ең басты ортақ құндылықтарымыз – Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады.

Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей инс­титут – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым.

Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы түрде жалпыхалықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.

Сондықтан Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл – Қазақстан болашағының негізі.

Ассамблея жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына жетудің нақты істері мен жаңа жетістіктері жылы болады. Біз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын Жаңа Экономикалық Саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға кірістік.

Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы.

Бұл жыл – ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ!

Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы – «Менің Елім – Мәңгілік Ел!».

Мен барлық қазақстандықтарды Ассамблея жылының басталуы­мен құттықтаймын!

Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз – тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз!

Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы!

0 дауыс

Баршаңызды 2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблея жылы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Сондықтан да бүгінгі мейрамның сыры да, сипаты да бөлек.

Өздеріңізге белгілі, 1991 жылдың 1-ші желтоқсанында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланып, Қазақ елі мен жерін соқтықпалы-соқпақсыз, тар жол-тайғақ кешу талай кезеңдерден, замананың қатал сындарынан сүріндірмей, бүкіл әлемге танытып, әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалады. Президент ретінде еліміздің тұтастығын ғана сақтап қоймай, Қазақстанды экономикалық тұрғыда да алға бастады. Нұрсұлтан Әбішұлы әу бастан экономикалық реформаларды саясаттан бұрын қойды. Соның нәтижесінде қазір біз экономикасы қарқынды дамушы, халқының әл-ауқаты жақсарған мемлекеттердің қатарына қосылдық.

1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болып, қазіргі таңда бұл үлгіні өзге мемлекеттер де жүзеге асыра бастады. Осы орайда елімізде этномәдени орталықтар, түрлі қоғамдық ұйымдар жұмыс істеп, жүздеген этнос өкілдерінен құралған халқымыз тату-тәтті өмір сүруде. Оған қоса тағы бір қуанышты жаңалық ол «2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблея жылы» деп жариялануы. Бұл да Елбасымыздың тікелей қолдауымен жүзеге асуда.

Одан өзге «Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыссыздық деңгейі төмендесе, жастардың «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы жас мамандардың жұмыс табуына ықпал жасалды. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетілді. Қазір де қолдау жасалуда. Жақында ғана ауданымызда ашылған «Облыстық Кәсіпкерлер палатасының» аудандық филиалы да Елбасының тапсырмасына орай қолға алынға шаруа болатын. Мұнымен қоса «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Балапан», «Өнімділік-2020» бағдарламасы тәрізді көптеген игі бастамалар да Елбасының идеялары. Ал Елбасының жылдағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдаулары мүлдем әңгіме. Олай дейтін себебім Мемлекет басшысының қай бір Жолдауын алып қарасақта астарында ұлт болып ұйысу, халық болып бірігу, ел болып қиындықтарды еңсеру идеясы жатқанын байқауға болады. Елбасының «бірлікті табыстың кілті» деуі сондықтан болар, бәлкім. Сол сияқты жақында ғана Елбасымыздың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан аталмыш Жолдаудың барша қазақстандықтар сияқты Жаңақорған халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуы біз үшін қуанышты жағдай.

Елбасы, Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін ел-жұрты, туған халқы жоғары бағалайды. Біздің де Елбасына деген алғысымыз шексіз. Дегенмен, сырт көздің бағасы мүлдем бөлек. Ағылшын зерттеушісі Джонатан Айткен «Н.Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы» атты еңбегінде Елбасына: «Көшпелінің киіз үйінде туып, биік шыңға қол жеткізді… Назарбаев тарихы − жоғары драматизм мен тағдырлы істерге толы жарқын жол» − деп баға береді. Қазақ «сырт көз − сыншы» дейді. Президент туралы өзге елдердің талай азаматтары ізгі тілектері мен ықыластарын білдірген. Барлығын санамалап шығу мүмкін де емес. Бүгінгі мерекенің мәні Тұңғыш Президенттің тұлғалық қасиеттерінде, ұрпаққа өнеге болар еңбегінде. 
«Тұңғыш Президент күні» мерекесінің бекітілуінің өзі халықтың өз көшбасшысына деген құрметі. Бұл тіпті осыдан 23 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлаған халықтың сәтті жасалған таңдауына деген құрмет. Елбасы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдыған арналған мерекелік салтанатта : «Біз алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан кешкен елміз. Сондықтан халқымыз азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түсіне біледі. Азаттық − Ұлы Даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткіздік» − деген еді. Тұңғыш Президент мерекесі сол асқақ арманның орындалуына себепші болған күннің құрметіне, бабалар аманатын арқалаған азаматтың құрметіне арналған мейрам. Олай болса:

Құрметті жиналған жұртшылық!

Қадірменді аудан тұрғындары!

Қазақ үшін «түнде ұйқысыз жортқан, күндіз күлкісіз жортқан, кедей халықты бай қылған, аз халықты көп қылған, соңынан ерген елін егемендікке жеткізген» тұлға, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне арналған бүгінгі айтулы мерекемен баршаңызды тағы да құттықтай отырып, Қазақ халқының бағы мен жарқын болашағының кемелді айнасына айналған Ұлт Көшбасшысының ел ертеңі жолындағы игілікті істеріне толағай табыстар, деніне саулық тілеймін! Ылайым Қарышты Қазақстанның аспаны жарық, бағыты баянды болсын!

...