Астанада болған қазақша күрестенің жеңімпазы кім? [жабық]

0 дауыс
386 қаралым
Сұрақтың жабылу себебі: нақты жауабы алынды.
• Санаты: Жалпы спорт

2 жауап

+2 дауыс
Сонымен, дүбірлі додада қарсыластарының барлығынан айласын асырған қызылордалық палуан Ұлан Рысқұл бірінші орынға ие болып, "Қазақстан барысы" атағына, алтын белбеуге және АҚШ-тың 150 мың доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Оның бапкеріне 50 мың доллар тарту етілді.

Екінші орынды  қарсыластарын қоғадай жапырған апай төс, бура сан палуанымыз Жамбыл облысының түлегі Бейбіт Ыстыбаев иеленді. Ол күміс белбеу тағынып, АҚШ-тың 30 мың доллары көлеміндегі сыйлықты қанжығасына байланды.

Үшінші орын қазақша күрестің асқан шебері, ардагер палуан Шалқар Жоламановқа бұйырды. Оған қола белбеумен бірге АҚШ-тың 10 мың доллары берілді.

деп жазады http://news.nur.kz/kk/193251.html
+1 дауыс
Кызылордалык Улан Ырыскул болды оган 21 миллион берилди ал бапкерине 50мын акыш долларын берди

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,810 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы