+1 дауыс
786 көрілді
Сіз шылым шегесіз бе?Шеккеніңізге қанша болды?Шылымның зиянды екенін біле тұра не үшін шегесіз?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Құдай сақтасын шекпеймін деп ойлаймын! Бұл сұрақты не себепті қойдың? Бұдан саған не пайда бар? Менің сұрағыма жауап бере кетші.
Сайттың ережелеріне қайшы сұрақ қойдым ба?
Қайшы емес сияқты бірақ бұл сұрақтың сізге қандай қажеті барын түсінбей отырғаным. Әлде темекі шеккен қалай болатынын білгің келіп отыр ма? Негізі сұрақ қойғанда сіз ең алдымен өзіңізге қажет сұрақты қоюыңыз керек!
Белгісіз
Сайтта пікірталас сұрақтарға шектеу бар.
+1 дауыс
аулақ, жоқ мүлдем шекпеймін!Қара көз қыздарымызбен, ер сұлтандай жігіттерге айтарым шекпеңіздер!Бұл қасреттен басқа ештеңе әкелмейді.
+1 дауыс
Шылым шегуден аулақпын...Казіргі таңда қаркөз қыздарымыздың шылым шегуі қынжылтады... Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста, арақ пен шылымды.* Темекіні ермек етер – Түбіне өзі жетер
0 дауыс
Мен 7ші сыныптан бері темекі шегемін, шараптың дәмін алғаш рет 8 сыныпта тарттым. Одан мен бұзылып, жаман жолға түсіп кеткенім жоқ. Денсаулығым да мықты. Футболдың 2 таймын қиналмай жүгіріп ойнап шығам. Темекіні 10 жылдан асты, әлі шегем.
Еріккен қолданушы! Не, қазақшаң таусылып қалды ма? ))) мен 3 күнде 1 пачка жақсы сигарет шегемін.
организм үйреніп кеткен болып тұр ғой! Қоя алмайсыз темекіні оңайлықпен!
Белгісіз
))))))))))))))))))))шегім-аааай)
ішегіңді байқа, Хюррем, үзіліп кетпесін ))) Сулейманның денсаулығы қалай?
ха ха жақсы,спам қойып қойған сен ба?)))
мен емес. мен коя алмаймын.
Шынымды айтсам профиліңізге кірмей тұрғанда сізді менен кіші бала деп ойлағам
+1 дауыс
Темекісіз өмірді елестету мүлдем қиын, негізі. Толқынданған түтіні ақ қағаз бен тығыздалған жапырақтарынан бөліне бастаған сәттен-ақ есіңді өзге бір сезім билеп, мұрныңа келген иістен тағы да құшырлана иіскеген күйі қайта-қайта терең тартып жібергің келеді де тұрады.©

Өз басым, бір рет көргенмін. Ұнамады)
0 дауыс
Темекінің зияны түк болмай қалдығой жастарымыз калян мен есірткінің уына уланып жатқанда..........
Иә,дұрыс айтасың келісемін....
Белгісіз
+1 дауыс
Қазір біздің ауылда 100 пайыз ер адамның 65 пайызы темекі шегеді!!65 пайызының 40 пайызы 18 ден 21 жасқа дейінгілер!!Олар қызығушылықпен темекіні ауыздарына алды!!Енді одан қалай арыларын білмей жүр қазір!!!
0 дауыс
Қазақта "Ит қорыған жерге өш" - деген мақал бар, мүмкін жаман,жаман дей бергеннен кейін несі жаман екен көрейінші деп бастайтын болар да, соған әдеттеніп кететін шығар. Болмаса әкем де,ағам да шегіп жүр ғой, бәле де болған жоқ, менде шегейін дейтін болар. Бәрібір екеуі де жетісіп тұрған жоқ. Темекі шегетіндердің өздері байқамайтын да болар, ал шекпейтіндердің қасына темекі иісі аңқыған біреу келсе тұншығып өліп қала жаздамайсың ба, соның өзі жақсы ма? Ал денсаулыққа әсері туралы елдің бәріне мәлім ғой. Аулақ болғандарың өздеріңе жақсы.
0 дауыс
Қазіргі өмірде стресс көп, наприженно жүресін, нервничить етіп шекпесіне қоймайды ғо)) Қойғаныма, Құдай қаласа, жақында 1 жыл болып қалыпты)) фф
0 дауыс
3-4 жасымда шеккем,қазір иісін де ұмыттым.
0 дауыс

Кішкентай кезімде ағаларым ақша берем тарт дейтін.Қазір темекі тартпаймын.

...