+1 дауыс
1.2k көрілді
Егер көршілер подъезде, саты алаңында шылым шексе жауапкершілікке тартуға болады ма? Подъезде темекі шегуге болады ма?

1 жауап

0 дауыс

2009 жылғы 9 қазаннан бастап қоғамдық орындардағы пассивтік шылым шегуден қазақстандықтарды қорғауды көздейтін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс күшіне енді.

Пассивтік шылым шегу (мәжбүрлі шылым шегу) – басқа адамдардың шылым шегу өнімдері қамтылатын қоршаған ауаны жұтуы, ереже бойынша жабық ауада бөлмеде.

Жанып тұрған темекі өзінің «қысқа өмірі» ішінде бүйірлік түтін ағынының (шылым шегушілер рақаттанатын басты ағыннан басқа) көзі болып табылады, ол пассивтік шылым шегуге және зиянды заттарды жұтуға мәжбүр болған айналадағыларға әсер етеді.

Шылым шегуде шылымның темекі түтінінің зиянды заттарының 25 % жанады,  25 % шегушілер жұтады, 50 % бөлмедегі ауаны улайды

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 159-б., 5-т., 10 тармақшасына сәйкес – темекі шегуге үй кіре берістерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда, мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде, поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде, әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында, әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда тыйым салынады.

ҚР Әкімшілік кодексінің 336-1-бабына сәйкес, айыппұл 1 АЕК (1 852 теңгені) құрайды.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет 2-5 АЕК (3 704-9 260 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шылым шектеуді бақылау ішкі істер органдарына жүктелген, сол себепті бұзушылық жағдайында сіз тиісті өтінішпен полицияның жергілікті бөліміне жүгіне аласыз.

...