Бақшада 49 ағаш өсіп тұр. Әрқайсысында 7 ағашы бар 7 қатар бар. Бақташы ағаштың көп екенін көріп, оны азайтуға шешім қабылдайды. Артық ағаштарды аралап(кесіп) тастамақшы болады. Жұмысшыны шақырып былай дейді:
- Әрқайсысында 4 ағашы бар 5 қатар қалдыр.
Жұмыс аяқталған соң бақташы жұмыс нәтижесін көруге шығады. Бақша тіптен босап қалған екен. 20 ағаш қалдырудың орнына жұмысшы 39 ағашты аралап 10 ағаш қалдырып қойыпты.
- Неге сонша көп ағашты аралап тастағансың, саған 20 ағаш қалдыр деп айттым ғой?,- дейді Бақташы. Сонда жұмысшы:
- Сіз маған 20 ағаш қалдыр деген жоқсыз, әрқайсысында 4 ағашы бар 5 қатар қалдыр дедіңіз, - депті.
Бақташы бақта шынында да 10 ағаштың 5 қатар, әрқайсысында 4 ағашы бар екенін байқапты. Жұмысшы бұны қалай жасаған.