«Қаз қалпында» жобасының қонақтары – «МелоМен» тобындағы Ғабит пен Роланға сұрақ қойыңыздар.

+15 дауыс
3.3k қаралым

Сәлем, достар!

"Сұрақ-Жауап" сайты және Gonzo.kz блог-платформасы бірлесіп "Қаз қалпында" атты жаңа жоба бастады.

Жоба аясында екі аптада бір рет еліміздегі танымал тұлғаларға сұрақ қоя аласыздар. Олар сұрақтарыңызға видео форматта жауап береді.

Сұрақтарыңызды, алдағы хабарларды кімді көргілеріңіз келетіндігін төменде пікір түрінде қалдырсаңыздар болады.

Сауал қою 20 маусым күні (бейсенбі) түскі сағат 12.00-де тоқтатылады.

Бүгінгі «Қаз қалпында» жобасының қонақтары – «МелоМен» тобындағы Ғабит пен Ролан.

Белсендірек болып, сұрақ қойып, достарыңызға тарата отырыңыздар! 

• Санаты: Тұлға, Адам | 3.3k қаралым
Сәлеметсiздер ме, Ғабит, Ролан! Сiздерге қояр сауалым: Ғабит, сiздiң жеке әнiңiздi қашан естимiз?)) Жаңа бейнебаяндар түсiру, ән шығару жоспарда бар ма (құпия болмаса қандай?)) Ғабит iнiңiз үйленiп жатыр, шаңырақтары биiк болсын! Сiздiң де сүйiктiңiз бар деп естiдiм, сол рас па? Рас болса кiм екен?)) Ғабит, өтiп кеткен туылған күнiңiз құтты болсын! Бақыт тiлеймiн сiзге. Әрқашанда халқыңыздың сүйiктi ұлы бола берiңiз!)) Астана қаласында жеке концерт қою жоспарда бар ма? Астанаға қашан келесiздер? Сiздердi асыға күтемiн! Астана қаласынан жалынды сәлем, астаналық жанкүйерiңiз Алия Аймбет!

33 жауап

+5 дауыс
Ғабит және Ролан сендерге қояр сауалым осы Меломен тобының орындауындағы Мұқағали Мақатаевтың - Ана сен бақыттысың әні ұнайды. Осы қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың басқа да өлеңдерін ән қылып шығару жоспарда бар ма?

Сендерге шығармашылық табыс тілеймін. Рахмет.

Алғашқы сұрақты мен де қойып үлгердім. :)
Қазір мен қоямын
Сол өлең мағанда ұнайды. Тек Мұқағали емес, барлық ақындардың әуендерін жинақтап жасаған жақсы-ау деймін меніңше...
+3 дауыс
Жігіттер сәлем!

Сіздерді Қазақстандық шоу бизнесте бірден жарқ етіп, халықтың мейіріне тез бөленген өнерлі азаматтар ретінде білеміз. Ал, осындай нәтижеге жетуге арқа болған басқа да факторлар болды ма? (Еңбек, Мақсат, деген сияқтылардан басқа!)
+1 дауыс

Сұрақ ;.Қазақ эстадасының дамуына өз үлесімізді қостық деп айта аласыздарма?! Және ең сүйікті әншілеріңіз?smiley


өңдеді
+2 дауыс
Сәлеметсіздер ме? Мен сіздердің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Маған қызықтысы: сіздерді осындай қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін өнер жолына кім бағыттады? Жеке өмірлеріңізде (отбасы жағдайында) қандай жаңалықтар бар?
+2 дауыс
Ролан ж/е Ғабит сендерге қояр сауалым,жақында Атырауға гастрольдік сапарға шығу жоспарларыңда барма?
және Түркістанға
janaozengede koncert koia alasizdarma bizderde sizderdi kutip jurk)))
+2 дауыс
Алдымен сіздерге өнер жолындағы бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін. Сіздердің құрылғандарыңызға 6 жыл болыпты. 6 жыл ішінде қай елдерге (шетелдерден) гастрольдік сапарлармен шықтыңыздар? Өмірлеріңіздегі қызықты бір оқиғаны айтып берулеріңізді өтініп сұраймын.
+3 дауыс
Сәлем?! Сіздерге қояр сұрағым: Әлеуметтік желілерде отыратыздарма? Мүмкін болса логиндеріңізді айта кетсеңіздер.
жеке сайтарын барма?
+2 дауыс
Сіздердің орындауларыңыздағы әндер тамаша. Оны тыңдап жүрміз. Өнерлеріңіз өрге жүзсін. Қояр сауалым:

Топтарыңыз қашан құрылды? Бір-бірлеріңізбен қалай, қайда таныстыңыздар? Продюссерлеріңіз кім?
+2 дауыс
Сұрақ:Ролан және Ғабит аға сіздер қандай әдеби кітаптарды оқыдыңыздар?Шымкент қаласына жақында гастрольдік сапарға шығатын ойларыңыз бар ма?Бос уақыттарыңызда немен айналысасыздар?

жариялады
+1 дауыс
Салем жігіттер!Менің сіздерге қойар сұрағым алдағы уақытта ән жазу,бейнеклип шығару ойларыңызда барма?
+2 дауыс

Роллан және Ғабит аға сіздерге қоятын сұрағым  жаңа әндеріңіз қашан шығады және оған бейнеклип түсіру ойда бар ма? Құпия болмаса жаңадан шығатын әннің аты қалай?

Сіздерге үлкен жетістіктер тілеймін. Құрметпен Жанайдар. Рахмет.

Міне, менде қойдымsmiley


өңдеді
+2 дауыс
Ғабит және Ролан сендерге қояр сұрағым: Жеке ән айту ойларыңда жоқ па? Қазір біз білетіндей Жігер жеке ән шығарып айтып жүргенін білеміз. Сендер де жеке ән шығаратын ойларыңда жоқ па?

Рахмет.
+2 дауыс
Сәлем, Ролан және Ғабит. Меломен тобының мүшелерінің орындаған жеке әндері көптеген тыңдармандарының көңілдерінен шығып, сүйікті әндеріне айналды. Барлығы да жүрекке жететін ғажап әндер.  Ал ВК желісіндегі МелоМен тобының көп тыңдармандарының пікірлеріне сүйенсек, Ғабиттің жеке әнін тыңдауға асыға күтіп жүргендер өтее көөөөп) Ғабит, сіздің жеке әніңіз қашан жарыққа шығады?! Ролан, сізде тек "Ұмыттым" атты бір ғана ән, алда Жігер мен Қайрат сияқты бірнеше жеке әндер жазу жоспарыңызда бар ма? (және де сіздерге Ақтөбеден жалынды сәлем!!):)
+1 дауыс
Сіздерге шет елдерді әндері ұнайды ма? болса қандай?
+3 дауыс
мені қызықтыратын сауал: сіздер намаз оқисыздарма?
Сәлем Ролан және Ғабит!Мен сіздердің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын!Өнерлеріңіз өрге жүзсін!!Шығармашылықтарыңызға сәттілік тілеймін!!Сіздерге қояр сұрағым!Кез келген адам бақыт құшағына ұмтылады.Бірақ, әр адам үшін бақыттың өлшемі әр түрлі. Сіздер үшін бақыт неден тұрады? АЛЛА жар болсын! Рахмет)
0 дауыс
Сәлем !!! Меломен тобы гастрольдік сапармен Қазалыға келема екен ?
0 дауыс
Ассалаумағалейум Меломен тобының азаматтары!!Мен сіздердің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын!!Өнерлерің алға бассын!!Шығармашылықтарыңа сәттілік тілеймін!!Сіздерге қояр сұрағым!!Өздеріңіз жайлы толық мағлұмат бере кетсеңіздер!!Сосын өздеріңіздің бір қызықты оқиғаларыңызды айта кетсеңіздер??
0 дауыс

Ассалямуалейкум жігіттер !!!

Менің сұрағым : Сіздердің дәстүрлі әндеріңіз барма? Болса, болашақта дәстүрлі әндеріңіздің санын көбейтесіздерме?

+2 дауыс
Балалық шақтарыңыз қалай өтті? Балалық шақтағы армандарыңыз қандай еді? Бала махаббат болдыма? Болса неше жасыңызда?
0 дауыс
жана жоба, кутты болсын, алдагы уакытта мен бул жобадан арай тобынын аншиси Медет Кожекбаевты кургим келеди, ал меломен тобына кояр сауалым атрау онирине кашан келесздеррр, кутемз))))
0 дауыс
 Перзент Арманы
Осы өленнің шығу тегін айта кетсендер. Маған қатты ұнап қалды
0 дауыс
Сiздер армияға бардыңызба? Өзiңiздi "патриотпын" деп есептейсiзбе?
0 дауыс
Сiздердiң Қазақша рэп жұлдыздарымен қарым-қатынастарың қалай? Рэп тыңдап көрдiңiздерме? Рэп болғанда, боқтап, ғайбаттайтын емес, бiрлiкке шақыратын, рух беретiн, намысты оятатын? Мысалға Жақау? Джи Хад отбасы (әсіресе Аль Наср)?
0 дауыс
Сәлеметсіз бе құрметті Ғабит және Ролан аға! мен өзім МелоМен тобының үлкен бір жанкүйері боламын! Сізге қояр сұрағым өздеріңіз жанкүйерлермен ұялы телефон арқылы сөйлесуді ұнатасыз ба? мен өзім Ғабит және Жігер ағамен сөйлескем))) Және жаңа бейнеклиптер қашан шығады? Жанкүйерлеріңіз Гүлжаһан, Ақтау қаласынан)))
Ғабит аға шыр етіп дүние есігін ашқаныңызға 26 жыл болды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!
0 дауыс
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылына келіп бір өздеріңіздің ән шашуларыңызды беріп кетсеңіздер?

 

Мен келесі тағыда МузАРТ - ты көргім келеді «Қаз қалпында» жобасында
0 дауыс
Саламатсыздар ма?

1.Ролан есімінің мағынасын айта кетсеңіз?

2.Құпияболмаса, қандай әндерге бейнебаян түсіру жоспарланып отыр?
0 дауыс
Gabit sen syrt kozge sumireigen, undemeitin bolyp korinesin omirde kandaisyndar
+1 дауыс
Cәлем,қысқа да нұсқа,жанды дауыспен сахнаға шығып ән айттыңыздар ма?
0 дауыс
Сәлем.Менің есімім Қайрат болады.Сіздерге қойар сауалым жеке өмірлеріңіз жайлы аз-кем білгім келеді үйленгенсіздерма,балаларыңыз барма т.б жайлы.Алдын-ала рахмет!
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме? Қалдарыңыз қалай? Өнерлеріңіз өрге жүзе берсін! Үлкен жетістікке жетіңіздер. Сіздерге қояр сауалым: "МЕЛОМЕН" атты топтарыңызды қай уақытта, не мақсатпен, қандай жоспармен құрдыңыздар? Және топтың атауы не мағынаны білдіреді? Толығырақ айта кетсеңіздер. Тағы бір қояр сұрағым: Кіштентай, балалық шақтарыңызда болған қызықты оқиғаларыңыз қандай? Сабақты қалай оқыдыңыздар? Қоя берсем сұрақ көп...) Осы сұрақтарыма жауапты өз ауыздарыңыздан естігім келеді. Жауап күтемін.
0 дауыс
Салеметсiздерме, Габит, Ролан...жалпы меломен тобының өлеңдері қатты ұнайды, бірақ рок стильнде өлең айтатын ойларыңыз жоқпа! жалпы кімге еліктеп өстіңіздер,қай әншіні ұнатып дегендей,қазақ әншілері болсын,шет ел болсын,тіпті кішкентай кездеріңізде басқа мамандық иесі болғыларыңыз келген шығар!   сіздерге өмірде де ,өнерде де табыс тілеймін,Атыраулық жанкуйеріңіз Талапкер Айша!

Рахмет!
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме! Габит,Ролан! мен "МелоМен" тобын еліміздегі "ең керемет топ " - деп есептеймін! Өнерлерініз өрлей берсін!

Онтүстікке концерт беру жоспарларыңызда бар ма?

Неге жылайды ару - әнін керемет орындайсыздар,маған қатты ұнайды.Бұл әнге клип түсіресіздер ме?

Тыңдармандар арасында немесе концерттер кезінде болған қызықты сәттерді айтып берсеңіздер!

Жанеде 2013 жылғы мектеп бітірген түлектерге айтар тілектеріңіз!

  Рахмет! Әрқашан биіктерден көріне берулерінізге тілектеспін!!!!! С/н:Айкаракоз
0 дауыс
Ассаламағаликум! Сіздерге екі дүниенің бақытын тілеймін. Менің сіздерге қойар сұрағым... 1.Өмірлік ұстанымдарыңыз қандай? 2.Аналарыңыз жайылы айтып берсеңіздер? 3.Ғабит аға сіздің бұрыңғы қарапайым өміріңізбен қазіргі танымалдық өміріңіздің айырмашылығы қандай және жұлдыздық өміріңіз  өзіңізге ұнайма?  4.Сіздер кіші қажыға барып келгенсіздер ғой, біздің дінімізде  әйелдің қолынан ұстауғада рұхсат берілмеген  сіздердің көп суреттеріңізде қыздармен құшақтасып түсесіздер бұларыңыз қалай білместікпе?әлде.... Бұны болашақ өмірлік жарларыңыз қалай қабылдайды деп ойлайсыздар? Мысалға ол хиджапты қыз болса....4 Сіздерге Аллаһ разы болсын....

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,936 қолданушы