+1 дауыс
5.0k көрілді
Мамамен аргы кунi қонаққа бару керек едi. Алдын ала қаладан екi-уш букет гул әкелiп қойган едiм, солып кала ма деп коркып отырмын.Гул шоқтарын узақ уакыт сақтаудың қандай жолдарын бiлесiздер?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Үзіп алынған гүлді ұзағырақ сақтау үшін суға қоректік заттар қосуға да болады. 2—5 процент қант қоспасьш пайдалану жақсы нәтиже береді. Мұндай қоспала раушан, қызғалдақ, қалампыр, сирень, хош иісті бұршақ гүл фрезия гүлдері жақсы сақталады. Ал цикламен, амариллис, кестежусан, клематис (ләмәнос) гүлдерін мұндай қоспала ұстауға болмайды. Бактерия дамуының алдын алу үшін бактерицидгі заттар: марганец қышқылды калий (бірнеше түй ірілен), аспирин (1 литр суға 1 таблетка), лимон қышқылы (1 литр суға 2 —3 грамм), спирт (1 литр суға 10 мл., клематис гүлі үшін) қосуға да болады. Әр түрлі гүлдерді бір вазада ұстауға болмайды. Кесілген кезде кейбір гүлдерден бөлінетін заттар екінші біреулеріне зиянды әсер етеді. Раушан гүлі өзімен бір вазадағы басқа гүлдерді тез солдырады, тіпті қызыл қоңыр және сарғыш түсті раушан гүлдерін бір вазаға қойса, соңғысы бірден сола бастайды. Дала, қалампыр, нарциссті бөгде гүлдермен бірге сақтауға болмайды. Душистый горошек, резеда, сары примулдар басқа гүлдердің солуын тездетеді. Қызғалдақ пен ботакөз гүлдеріне ландыш қосса бірден солады, сары иримулдар — басқа түсті примулдарға, лаламаргариткалар мен көкнәр гүлдеріне әсер етеді.[1]
Және гүлдің сабағының ұшын қиғашынан кішкене кесу керек.
...