+5 дауыс
1.7k көрілді

Кейбір адамдар күні бойы қатты шаршамаса да, басы жастыққа тисе болды қор ете түседі ғой. Орта есеппен адамдардың ұйқыға кету уақыты 7 минут дейді. Маған әдетте бір сағат керек болады. Оның үстіне бірдеңе оқып жатпасам ұйқым мүлдем келмейді. Бұл жай қалыптасқан әдет пе? Таңертең ерте тұрсам да, қатты шаршасам да бірден ұйықтап кете алмаймын. Жүйкеме соншалықты бір ауыртпалық түсіп жүрген жоқ, стресс, уайым да жоқ. Қысқасы, қайткенде тез ұйықтап дағдылануға болады? 

2 жауап

+5 дауыс

Өзім негізі тез ұйықтап қалатын жандардың қатарынанмын.Білмейм,жастыққа жата бергенім сол ұйқыға кіріп кетемін,сіз айтып кеткендей 7-минут ішінде.Кейде түнде әлеуметтік желілерде жазып отырасың сосын біреу жазып жатады,ол жазып болғанша мен әлдеқайда күріш базарында жүретінмін)

Төменде тез ұйықтаудың бірнеше әдістерін көрсетейік:

  • Жатар алдында аяқты жылы сумен жуу немесе табанды саусақпен 90-100 рет ақырын тарау қажет, осылай болғанда қан айналысы тездеп, тыныс жол жүйесі ашылады;
  • Ұйықтар алдында екі қолмен құлақтың сырғалығын ақырын уқалау, сырғалықты уқалағанда жүректің соғуы баяулап, өне-бой балбырай бастайды;
  • Жатын орынға малдас құрып отырғаннан кейін шалқайып бір минут тұру керек, сосын аяқты көсіліп бұлшық етті бос ұстап, бір қалыпты тыныс алса, ұйқы тез келеді;
  • Жатар алдында суытылған қайнаған су ішу немесе бір шыны сүт ішу қажет.

Мәлімет мына жерден алынды: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/8349/

+1 дауыс
Бір уақытта төсекке жатып дағдылану керек. Мысалы, 23-00де. Сонда күнделікті сол уақытта ұйқың келетін болады.
...