+3 дауыс
765 көрілді
Әркім тойды жағдайына қарай жасайдығой. Ағамның жағдайы жақсы бірақ дүркіретіп жасаған жоқ. Кейбір ағайындарымыз тіпті ағамның үйленгенінде білмейді. Тек құрдастарын, азғантай көршілерді, сосын өзіміз болдық. Ағам үшін достарым таныстарымнан ақ машина іздеп, лимузин жалдап, жақсы бір тойхана немесе мейрамханаға жасап берейік деп дымымыз қалмай жүр едік. Ағамның айтқаны анау. Дым шашылмаңдар, үйге немесе шағын бір жерге жасаймыз деді. Неге дүркіретіп жасамадыңыз бұл өміріңіздегі айтулы қуанышқой десем, ертең олай өзің жасайсың дейді.  Үйлену деген үлкен қуанышқой. Ағамдікі дұрыспа? Сіз қалай жасар едіңіз?
Сұрақтың жабылу себебі: жауап жеткілікті
көбіне жасы келіп үйленгендер солай жасайды ғой
Я ағамның да жасы келді. Мүмкін содан шығар)
менің бір туысым жасым келіп қалды ұят қой шулатып деп,тіпті той жасамады

8 жауап

+1 дауыс
менің арманым үйлену тойыма Нұржан Төлендиев,Тұрсынбек Қабатов,болмаса Қанат Әлжаппаровты шақырғым келеді!!!
Ақша болса арман орындалады.бұларды қазір жолын бәрін өздері төлеп ауылдағы тойларға да шақырады.
+1 дауыс
Мен тойымды дүркіретіп жасағым келеді қайткенмен өмірімде 1 ақ рет тұрмысқа шығамын ғой)) бірақ шама шарқымызға қарап, көрпемізге қарай көсілеміз ғой) (осылай деуші ме еді)) ағаңыздікіде жөн-ақ екем, ақшаны шаша бергеннен, үнемдеген артық.
+1 дауыс
Жалпы Сүйікті ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ" үйлену тойларыңды міндетті түрде жасаңдар.Тіпті соңғы малыңды сойсаң да жасаңдар" деген.Демек үйлену өмірімізде ерекше орын алады.Осы сөзден ақ бәрін түсінуге болады
+1 дауыс
Осы ретте Басқа тойды тойламасаң тойлама, екі жастың бақыт тойы тойлансын деп айтылатын өлең есіме түсіп отырғаны. Қазекең үйлену тойын жасағанда дүркіретіп, 30 күн ойын, 40 күн тойын өткізетінін білеміз. Ал, қазіргі уақытқа келер болсақ, менің ойымша, әркім өз көрпесіне қарай көсілгені дұрыс секілді. Қалтасы көтермесе де, дәулеттілермен жарысып, қатардан қалғылары келмейді. Ол да дұрыс шығар, бәлкім. Ең бастысы тойда емес екенін білеміз, "үйлену оңай, үй болу қиын дегендей" ең бастысы екі жастың бақытты, тату-тәтті тұрмысы емеспе?!
+2 дауыс
Ағаңыздікі дұрыс ,ысырап керек емес,маңыздысы АЛЛА РАЗЫ БОЛЫП ,екеуі екі дүниенің бакытына жетсе ,сол керек.
+1 дауыс
Мен өз басым той жасағым келмейді. Қаламаймын деген мағына емес өзіндік себептері бар.
неге қаламайсыз?))
Қалаймын ғой той болғанын той мені қаламайды десең я)))
Жай өзіндік себептер бар.
Белгісіз
ай жарайды, айтқыңыз келмей отыр ғой.
+1 дауыс
Қыз ұзату тойымды  дүркіретіп жасағым келеді. 30 күн ойын, 40 күн тойын демекші,  керемет бір ресторанда, шетелден әншілерді шақыртып, жақсылап тұрып тойлатып дегендей. Ал үйлену тойын жігіт жасайды ғо...  Но оның да  керемет, бұрын соңды болмаған той болғанын  қалаймын.  Одан кейін бал айы. Шетелге кетіп қалсам..... ))
+1 дауыс
Русский версиямен кеткен ғой)) Маған ұнады стратегиясы)) Мен как бы молодежный вариантпен ғана мини свадьба жасар едім))
...