–1 дауыс
1.2k көрілді
Индияда қыс болмайды деген шын ба?????

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Үндістанның климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70 — 90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300 — 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 — 6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер ағыны муссондық маусымға байланысты өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып, тасқын жиі болып тұрады.

0 дауыс

Ия оларда қыс болмайды!!Себебі оларда  Африкаға аздап жақындығы бар ау дим!!!

Африкаға жақындардың бәрінде қыс болмайды, ал.. алыста жатқандарда қыс болады дегін келе ме?
0 дауыс
Неге қыс болмасын, қыс болады,таулы аймақтарында қар да жауады, бірақ Үндістанның географиялық орналасу белдеуіне байланысты жылы болады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...