0 дауыс
42.9k көрілді
Ораза ұстаған адамға қандай тамақтар жеуге болмайды?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен сізге қандай тағам жеуге болмайтынын білмеймін бірақ мыналардыда қарап көр:

Дұрыс орындалу шарттары

– Хайыз бен нифастан таза болу. Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін Оразаның қазасын өтейді. Ал ер адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, ауыз бекітуіне кедергі емес. Бірақ мүмкіндігінше, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу — абзал.

– Оразаның әрбір күніне ниет ету. Таңертең сәресіге тұрып, ораза ұстауға ниет ету — бұл құлшылықтың дұрыс орындалуы. Тілмен ауыз бекіту дұғасын айту жақсы амалдардан. Дегенмен, ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қоймау керек. Мәселен, «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз.

Бұзатын жағдайлар

– Ешқандай себепсіз біліп тұрып әдейі бір нәрсе жеу. Олай істеген жағдайда, ораза кәффаратын өтеу керек. Бірақ тағам ауызда езіліп, жұтылмайтын болса, дәмі де тамақтан өтпесе, онда ораза бұзылмайды. Сонымен қатар, біреуді ғайбаттағаны үшін, қан алдырғаннан кейін ораза бұзылды деп, әдейі жеу де кәффаратты қажет етеді.

– Аузы берік жанның зайыбымен жақындасуы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ондай жағдайда кәффарат үшін бір құл азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан үзбей Ораза ұстау керектігін міндеттеген. Ал оған да күші жетпесе алпыс жоқ-жітікті тойдыру қажеттігін айтады.

Бұзбайтын жағдайлар

– Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей ерлі-зайыптының жақын қарым-қатынаста болуы. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де Аллаһ».- дейді. Енді бір хадисте Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес екендігі айтылады (Ибн Мажа, Сиям, 15). Алайда ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.

– Таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін осындай күйде жүргеннің оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз.

– Қан алдыру немесе сүлік салдырудың да оразаға зияны жоқ. Құлаққа су кіру, бұлық ағу, көзге, құлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу Оразаны бұзбайды.

– Тіс жұлдырудың асыл міндетке кесірі жоқ. Ауыз бен мұрынға су алып шайқаудың үкімі де дәл солай. Бірақ тамаққа кетпеуді қадағалау қажет.

– Тамаққа түтін немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары еріксіз кірсе, Оразаға зияны жоқ. Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту Оразаны бұзбайды. Сонымен бірге, салқындау үшін жуыну, жүзу немесе ылғалды бір көйлек кию ауыз бекітуге зиянды емес.

Оразаның пайдасы

– Расында, нұр шашқан айдың адамзатқа берер пайдасы мол. Ең әуелі ауыз бекіту — пендені күнәдан сақтайды. Құранның Бақара сүресінің 185-аятында айтылғандай, күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетуіміз үшін бізге бұл айда ораза ұстау парыз етілген. Оразаның мақсаты — мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу екендігі белгілі.

– Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пайдалары да мол. Кейде адам баласы байлықтың соңына түсіп, аштықты ұмытады. Ораза сондай пенделердің көкірек көзін ашуына зор мүмкіндік. Қоғамда тепе-теңдіктің орнауына септігін тигізеді.

– Ораза сабырлылық пен төзімділікке үйретеді. Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр етіп, ақылы молая түседі.

Ауыз бекіте алмайтындардың ахуалы

Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға пітір садақа беру — уәжіп. Бұл топқа ауруларының айығуы үміт етілмеген пенделер мен ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар міндетінің орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады немесе пітірді ақшалай береді. Мәселен, бір кедейді алпыс күн таңғы және кешкі уақытта тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең және кешке тамақтандыруы қажет. Бұл туралы Құранда Аллаһ Тағала: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер бір , жарлының тамағын төлесін(Бақара», 184-аят)» ,– дейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық орталық мешіт қызметкерлерінің айтуынша, биылғы Рамазан айындағы пітір садақа жан басына 100 теңге болып белгіленді. Әрбір мұсылманның аталған теңгені ораза біткенше мешітке барып беруіне мүмкіндігі бар.

Ауыз ашарда мына дұғаны оқу – сүннет:

}أللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ رَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اخَرَّتْ{ُ

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәл-ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту». «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Ақпараттар: http://kz.otyrar.kz/2012/07/oraza%D2%A3-%D2%9Babyl-bolsyn-%D2%B1sta%D2%93an-zhan/

http://ummet.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1196&Itemid=102
0 дауыс
Меніңше барлығын жеуге болады бірақ аузың жабық кезде ештеңе жемейсің
Ораза кезінде жұмыртқа мен сарымсақ (чеснок) қосылған тағамдарды жеуге болмайды дегенді естігенім бар өтірік шыны белгісіз?
Бірақ бір кітаптарда шыныменде сарымсақ жеген адамға ауызынан жағымсыз иісін кертірмейінше мешітке кіріп жамағатпен намаз оқуға тыйым салынады екен, соған қарағанда жеуге болмайды деп ойлаймын...
0 дауыс

харам яғни жеуге балмайтын тағамдарды болмайт жеуге, оларға шошқаны, арақ ішуге, галбасаларды олар таза жасалмауы мүмкін, спирт қосылған тамақтар, мен озім білетін осылар тағыда бар шығар.

мынаныда оқып кеткеніңіз дұрыс;

Оразаны бұзатын нәрселер

     Ғылымхал кітаптарында оразаны бұзатын және кәфарат керек ететін жағдайлар үшін жалпы қағида білдірілген. Азық немесе дәрі ретінде пайдалы бір нәрсе жеп ішу, ләззат беретін нәрсені ауыздан өткізу және жима (әйелімен қосылу) оразаны бұзады. Оразаны бұзатын бұл нәрселер біле тұра жасалса әрі қаза, әрі кәфарат керек болады. Оразаны бұзып әрі қаза, әрі кәфарат керек ететін жағдайлардан біршамасы мыналар:
1-      Ораза екенін біле тұра жеп ішу
2-      Қан алдыру, ғайбат ету секілді оразаны бұзбайтындығы мәлім нәрселерден кейін оразам бұзылды деп біле тұра ішіп жеу
3-      Тамаққа кірген жаңбырды, қарды өз қалауыңмен жұту. Өз қалауыңсыз тамақтан кіретін болса тек қаза керек болады.
4-      Темекі шегу

Оразаны бұзатын, тек қаза керек ететін жағдайлар:
1               Қателесіп бұзу, мәселен дәрет алғанда тамаққа су кетіп қалуы.
2               Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.
3               Зорлап бұздыру.
4               Мұрынға сұйық дәрі құю.
5               Мұрнына иіссу (адеколон) тарту. (Иіссуды иіскеу оразаны бұзбайды)
6               Мұрынға тартылған судың ауыздан шығуы.
7               Орнықты кезде бастаған оразасын сапарда бұзу.
8               Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу
9               Құлақтың ішіне дәрі тамызу.
10           Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.
11           Денеге инемен дәрі егу.
12           Қалап, қинап ауыз толтырып құсу.
13           Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған адам аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.
14           Сәрі уақыты біткенін білмей жеп-ішу.
15           Күн батты деп ойлап ауыз ашу.
16           Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.
17           Ауырған тісін морфий (новокаин) салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек болады.
18           Дәрет алғанда ауызды шайғанда тамаққа су кету.
19           Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.
20           Талып қалған адамның есін жиғызу үшін немесе ұйықтап жатқан адамның аузына су құю.
21           Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.
22           Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етсе, түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.
23           Мастурбация жасау оразаны бұзады. (Ұйықтап жатып жүніп болу оразаны бұзбайды)
24           Тахарат алғанда ішке су кетіп қалуы.
25           Теңізге, бассеинге түскенде денеге су кіруі.
26           Клизма жасау оразаны бұзады.
27           Астма ауруларының дерті қозғанында дәрі спрэй қолданғанында ораза бұзылады. Дәрісіз от тегі газы оразаны бұзбайды. Ауру болмай дәрі спрэй қолданғанда қаза және кәфарат керек болады.
28           Әйелдердің және еркектердің дәрі ретінде (свеча) қолдануы оразаны бұзады. Бірақ ғұсылды бұзбайды.
29           Аурулардың тіл астына дәрі қойып дәрі қабылдауы, жұтпаса да оразаны бұзады. (Жүрек ауруында сау терінің үстіне жағылып терінің қуыстарынан сүзіліп жүрекке пайдасын тигізетін дәрі, сау терінің үстіне жағылғаны үшін оразаны бұзбайды.)

Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қаза етеді.

 

толығырақ оқығыңыз келсе http://islamdini.kz/catalogs/view/23 осы сілтемеғе кірсеңіз болат, жәнеде осы сайтқа осы сұрағыңызды қойсаңыз толық әрі нақты жауап ала аласыз.

 

0 дауыс
Харам (шарап, шошқа еті т.б.) тағамдар мен арам ақшамен табылған тамақтарды жеуге болмайды деп ойлаймын.
0 дауыс
Шөлдететін тамақтар жеуге болмайды, қуырылған тағамдардан аулақ болған жақсы
0 дауыс

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаудың сауабы көп. Алайда, күні бойы нәр татпастан өзіңді тоқ әрі жеңіл сезіну оңай емес. Оған сәресінде және ауызашарда қалай тамақтанғаның тікелей әсер етеді. Ауызашар уақытына аштықтан келгендей дайындалатындар да бар. Оразаға дайындықты тоңазытқышты түрлі тағам түрлерімен толтырып қоюмен шатастырмау керек. Күні бойы шөлдемей, тоқ әрі қуатты болып жүру үшін төмендегі тағам түрлерінен бас тартқаныңыз жөн.

КОФЕ

Сергектік сыйлайтындықтан ауызашарға кофе ішіп сәресіне дейін ұйықтамауға тырысатын адамдарды жиі кездестіріп жатамыз. Кофе шөлдететін сусын болғандықтан келесі күні ораза кезінде көптеген қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан, ораза кезінде кофеден бас тартқаныңыз абзал. Оның орнына шәй, көп мөлшерде су ішкен дұрыс.

ГАЗДАЛҒАН ЖӘНЕ СЕРГІТКІШ СУСЫНДАР

Газдалған сусындар мен сергіткіш сусындарға құмар адамдардың қатары көп-ақ. Тіпті, сусынның мұндай түрлерінен өз еркімен бас тарта алмайтын тәуелді адамдар да бар. Ауыз бекіткен кезде қатты шөлдеп, “шіркін, ауызашарда салқын кола ішсем ғой” деп армандайтын адамдарға газдалған сусындардың бірнеше зиянын айтып өтейік.

Біріншіден, газдалған сусынның құрамындағы элементтер адамды қайта шөлдететін қасиетке ие. Екіншіден, коланың құрамында аз мөлшерде болса да адамды өзіне тәуелді қылатын қоспалар бар. Үшіншіден, кола асқазандағы тамақты жарты сағаттың ішінде қорытып жібереді. Соның кесірінен адам тез ашығады.

Күні бойы сергек, қуатты болып жүру үшін ораза кезінде сергіткіш сусындар ішетіндер де кездеседі. Тек газдалған сусындардан емес, басқа да тәтті сусындардан бас тартқаныңыз өзіңізге пайдалы.

ФАСТФУД ӨНІМДЕРІ

Ауыз бекіткен кейбір адамдар ауызашар уақытының тамақ дайындауға қолайсыз екенін, жұмыстан кеш шығатынын, шаршап келетінін сылтауратып ауызашарда фастфуд өнімдерімен тамақтанғанды қолдайды. Фастфудтың адам ағзасына қалай әсер ететіні біз айтпасақ та белгілі. Тиімді тұстары – тойымды, дәмді, қолжетімді, арзан. Ал оның зардаптарын тізімдеп шықсақ көп болары анық. Тойымды болғанымен асқазанға ауыр, қорытылуы қиын.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.
...