+1 дауыс
422 көрілді
Өз еліңіздің париортысызба әлде Ұлтшылсызба???

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ұлтшылмын, "Ұлтсыздық-отансыздықтың белгісі" деп Шерхан Мұртаза ағамыз айтқандай патриотизм мен ұлтшылдықтың бір-бірімен тығыз байланысты. өз ұлтыңызды сүйіп, мақтан тұту ешқандай ұят және айыпты іс емес.
РАХМЕЕТ)) ОСЫ ЖАУАПТЫ КҮТІП ОТЫР ЕДІМ))
–1 дауыс
Өзімді мынандаймын, осындаймын деп мақтай алмаймын, бірақ елім, өз отаным үшін бәріне де дайынмын деп айта аламын!
+2 дауыс
Ғ.Мұстафиннің «Бұрын ұлтшылдықпен күрескен едік,бүгін ұлтсыздықпен күресетін болдық»-деген сөзі қазіргі кезеңнің кейіпінен хабар беріп тұрғандай! Ұлтшыл болсам да, патриот болсам да өз елімнің  жанашырымын!
Рахмет))))))))))))))))))))
+2 дауыс

Мен ендi сенбеймiн ешкiмге,
Президент перiште болса да.
Сыймасам сыймайын бес күнге,
Сол үшiн басымды алса да.

Мен ендi сенбеймiн елiме,
Егiлiп тұрса да күлетiн.
Сенбеймiн жерұйық жерiме,
Жемқорлар тайраңдап жүретiн.

Сотқа да сенбеймiн сұраншақ,
Пәрменi парамен баттасқан.
Өтiрiк жүремiн ұран сап,
Сыңаймен елiме жақтасқан.

Саған да сенбеймiн Отаным,
Отқа да түспеймiн сен үшiн.
Байысам бәрiбiр сатамын,
Батыстың киiп ап кебiсiн.

Ешкiмде ренiш болмасын,
Мен ендi сүймеймiн бұл елдi.
Халыққа атылған қорғасын,
Сенiмнен айырып жiбердi.

Өлеңіңіз ұнады. Кейде осындай күйді бастан кешетініміз рас.
+2 дауыс
Ұлтшыл болу мен, патриот болу бір-біріне кедергі болмайды деп ойлаймын, керісінше ұлтшыл болмай патриот болу мүмкін емес сияқты.
0 дауыс
Патриот, ұлтшылдық деген не? қалай түсінуге болады?
Нұреке сізге Хабар мен Қазақстанды арнасының жаңалығын көруге кеңес беремін. Сонда түсінесіз бәрін.
0 дауыс
Өз еліміздің патриоты болу үшін, бұл істі әуелі ТІЛДІ құрметтеуден бастау қажет. Қайда жүрсек те қазақша сөйлеп, әрбір іс қағаздарының қазақша жазылуын талап етіп отырайық. Қазақшаланғанда ғана біз қазақ жерінде, Қазақ елінде тұрып жатқанымызды сезініп, бұл ел біздің қорғанышымыз екенін сезініп, өзіміздің Отанымыз екенін сеземіз, еліміздің патриоты бола аламыз. Тіліміз тазармай біз патриот бола ламаймыз. Себебі біз қай ұлттың патриоты боламыз? не қазақ екенімізді, не орыс екенімізді, не ағылшын екенімізді білмейміз. Қазақпын деп кеуде соғайын десең....
–1 дауыс

Бірақта мен өзімді ұлтшылмын депте,патриортпын депте санаймын.

Байланысқан сұрақтар табылмады

...