+1 дауыс
13.2k көрілді

Кола неден жасалады?Оның қандай зияны бар?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

«Кока-кола» компаниясы өз сусынының жасалу құпиясын ашты. Компания
өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы – кошениль
құртынан алынатын азық-түліктік қоспада екен.Тамақ өнеркәсібінде бұл
экстракт кармин қышқылы деген атпен белгілі.

Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін келтіретін "Кока-кола" сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумен дүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз "Кока-коланы" ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, біздің мақалаға көз жүгіртіңіз.

"Кока-коланы" 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, "кока-коланың" алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ.

Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2004 жылы қалың жұрттың "Кока-кола" компаниясына қарсы ереуілге шығуына түрткі болған. Бір қызығы "Кока-кола" компаниясының бұдан бірнеше жыл бұрын жүргізген "H2O-жоқ деп айт" бағдарламасы адамдарды қарапайым судан гөрі кока-кола ішуге шақырған. Бұл бағдарламаның негізі бойынша, мейрамханаларда ауыз суға тапсырыс берген адамға "кока-кола" сусыны ұсынылатын.

"Кока-коланың" құрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "7Х" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бүгінге бар білетініміз бұл "кока-коланың" қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

Ақпарат 1

Ақпарат 2

+1 дауыс
Бұл сұрақтың жауабын білу үшін дүниенің талай елдері миллиондар төлер еді, бұл аса құпия сақталатын рецепт.
–3 дауыс
YouTube-та толып тур гой! Мен таракандардын канынан жасалатынын коргенмин
+2 дауыс

осы жақында ғалымдар оның құрамынан өте зиянды затты тауыпты.Ол зат адамда рак ауруын тудырады екен.Жалпы сыртында мына суреттегі әрәптері бар тағамдарды пайдаланбаған жөн.

+1 дауыс


 

Кока-коланы өндiру тарихы. Бiлгеннен кейін қайтіп ішкің келе ме?) Коланың құпиясы да осында: ішкен сайын, одан әрі ішкің келе береді…

P.S. Түркияда оның жасалу жолын білгеннен-ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кеінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға  бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат-қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін БІЗБЕН не қылмақ?! О_о

«Coca-Cola» деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: «La Mohammed = Мухаммеда жоқ, La Mecca = Мекки жоқ» болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе…
=



 

Қызықты айғақтар
2011 жылы National Geographic телеарнасы Coca-Cola сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.
1989 жылы Coca-Cola Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын еңгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып саналады.
«Coca-Cola-ның» ең үлкен белгісі Арика қаласында орналасқан. Белгінің ені ─ 122 метр, биіктігі ─ 40 метр. Ол «Coca-Cola-ның» 70 мың шөлмегінен тұрады.

Кока-кола қалай жасалады?

http://aitaber.kz/blog/interuser/2228.html

http://aitaber.kz/blog/interuser/2228.html
0 дауыс
кока коланы ментоспен қосқанда не болатынын көрейік!
...