0 дауыс
9.0k көрілді
Ақуыз биосинтезі дегеніміз не?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл - өте мaңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ,АТФ және ақуыздардың қызметі бірігеді. ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар — рибосомалардың жәрдемімен ақуыз синтезделеді. Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар ақуыз деп есептеледі. Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті ақуыз - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес. Ақуыз биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзегеасыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ ақуыз. Көбінесе былай деп те айтады: «РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты ақуызда нақтылы көрсетіп, іске асырады»

Ұқсас сұрақтар

...