+2 дауыс
25.4k көрілді
Майлы бетке арналган , уй жагдайында калай маска жасауга болады? Тез асерiн беретiндерiн жазып жiберсен,iз

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қырыққабат жапырақтарын үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағын араластырып,бетіңізге жағасыз, 15-20 минуттан соң,жылы сумен жуыңыз.
Шикі сәбізді үккіштен өткізіп, шырынын бетіңізге жағып, бірнеше минуттан соң, салқын сумен жуып тастасаңыз, бетіңіз үлбіреп тұрады...
Алма құрамында С, В, дәрумендері, аминқышқылдар, флавоноидтар, минералды тұздар, микроэлементтер жетерлік. Олар адам терісіндегі қызыл бөртпелерді жоюға, тері қабатының тұрақтануына септігін тигізеді.
Солып кеткен бетке арналған маска: Алманы үккіштен өткізіп, бетіңіге толық жағыңыз да, 20 минуттан соң жылы сумен жуып, артынан салқын сумен шайыңыз. Ал бетіңіз майлы болса, осы қоспаға жұмыртқаның ағын араластырып, бірнеше тамшы лимон шырынын қосып, пайдаланасыз. Егер құрғақ болса, біраз мөлшерде қаймақ, жұмыртқаның сарысын, 1 ас қасық өсімдік майын, аз мөлшерде бал қосып, бет терісіне жағуыңызға болады. Артынан жылы сумен жуып тастайсыз.
Жасартатын маска: Үккіштен өткізілген алманы 1 стакан ыстық сүтпен араластырып, бетіңізге жағып, 20 минут көлемде ұстайсыз.
Ағартатын маска: үккіштен өткізілген алмаға жұмыртқаның ағын және аз мөлшерде крахмал қосып, бетіңізге жағасыз да, шамамен 20-25 минуттан соң, жуып тастайсыз.
Барлық тері түрлеріне арналған лифтинг: бұл маска түрін Нобель сыйлығын алардың алдында дайындық үстінде швед ханшайымы пайдаланған деседі.  Жылы картоп езбесін /пюре/ бетіңізге,мойыныңызға жағып, аздап құрғағаннан кейін,бөлме температурасындағы сумен жуып,бетіңізге теріңіздің түріне сәйкес крем жағыңыз.
Беттің ағаруына, ажарының кіруіне тигізетін әсері мол. 1 лимонды тоңазытқышта сақтап, 2-3 рет жасауға жеткізуге болады. Жуылған лимонның 1-2 тілім кесіп алып, бетіңізге шырынын жағасыз. 20 минуттан соң, жылы сумен жуасыз.
+3 дауыс
Сұлулық рецептері Майлы, құрғақ бетке арналған

Бет терісінің күтімі
Бет терісі майлы болғанда оны тазалаған жақсы. Бірақ ыстық сумен жиі жууға болмайды.
Бетті ыстық сумен тек қа-
на жалпы гигиеналық ванна
қабылдағанда, моншаға түс-кенде жуу керек. Бірақ содан
соң бірден суық сумен шаю керек. Басқа кездерде таңер-
тең және кешке жылы сумен
жуған дұрыс. Жылы су теріні
ширықтырып, порларын кіші-
рейтеді. Бетті жуғаннан кейін майлы теріге арналған лосьонмен сүрту керек.
Косметикалық
маскалар
è Жұмыртқа мен лимон.
Жұмыртқаның ағын көпірші-тіп, оған 1/2 шай қасық ли-
мон шырынын қосады. Мұн-дай маска порларды тазалап, бетті әрлендіре түседі.
è Жұмыртқаның сарысын
1/2 шай қасық лимон немесе мүкжидек (клюква) шырыны-
мен араластырады. Бұл мас-
ка теріні жұмсартып, қабыр-шақтануын, тітіркендігіштігін кетіреді.
è Мақта тампонды айран
ға немесе сүттің сарысуына
малып, бетке 10 минутқа қоя-ды. Мұндай маскалар бетті құрғатады.
è 20 гр ашытқыны 1 шай
қасық лимон немесе мүкжи-
дек (клюква) шырынымен ара-
ластырады. Маска бетті тазалап, терісін жұмсартады.
è Бет терісін жұмсартуға 1 шай қасық ашытқыны жы-лы суға немесе сүтке езіп жасаған маска көмектеседі.
è Қияр маскасы. Аршыл-маған қиярды үккіштен өт-кізіп, соның 1 ас қасығын 1/2 шай қасық бор қышқылымен араластырады. Маска бетті тазалауға көмектеседі және қалыпқа келтіреді.
è Картоп маскасы. 1-2 кар-
топты аршымай пісіріп, содан
соң тазалап, 2-3 ас қасық аю-
құлақ (толокно) араластырады.
Осы қоспаны бетке жағып,
бетін салфеткамен жауып,
15-20 минут ұстайды. Содан
соң жылы сумен жуып тас-
тайды.
è Алма маскасы. Қыш-
қылдау алманы үккіштен өт-кізеді. Тауық жұмыртқасының
ағын көпіршітеді. Соған үгітіл-
ген алманың 2 ас қасығын
салып араластырады. Жұ-
мыртқаның орнына 1 шай қа-сық картоп ұнын пайдаланса да болады.
è Қызанақ маскасы.
Бетті қызанақ шырынымен сүртіп, кептіреді. Содан соң дәкеге томат шырыны мен шикі жұмыртқадан жасалған ботқаны жағып, бетке қояды. 10-15 минуттан кейін бөлме температурасындағы қайнақ сумен жуып тастайды.
Арнайы тұндырмалар
Бұрыш жалбыздың ыс-
тық тұндырмасы. Бұрыш
жалбызды майдалап, оның 100 грамын ыдысқа салып, үстіне 3 литр қайнаған ыстық су құя-
ды. Жарты сағат тұндырып,
сүзеді. Осы сумен күніне бір-
неше рет бетті жуып, таза-лауға болады.
Шөп тұндырмасы
Қалақай (крапива), бақ-бақ
(подорожник), өгейшөп (мать-
и-мачеха), қырмызыгүл (календула), алоэ, шайқурай (зве-
робой), эвкалипт, қайың бүр-
шіктері (почки березы), мың-жапырақ (тысячелистник). Осы
шөптер мен пайдалы өсімдік-тердің табылғанын алып,
әрқайсысынан 1 ас қасықтан алып, 1 стақан қайнаған ыстық суға 3-4 сағат тұндырады. Осы сумен бетті жуып тұру керек.
Құрғақ
бет терісінің күтімі
Құрғақ бетке арналған косметикалық маскалар
è Жұмыртқаның сарысын 1 шай қасық балмен аралас-
тырып, бетке 20 минутқа жа-ғады.
è Ірімшік маскасы. 1 шай
қасық ірімшікті 1 шай қасық қаймақ пен 1 шай қасық сәбіз шырынына араластырады.
è Бал маскасы. 1 шай қа-
сық балға кішкене сүт қосады.
è Сәбіз маскасы. 1 шай қасық қаймақты 1 шай қа-
сық сәбіз шырынымен ара-
ластырады. Масканы жұқа-лап жағады.
Құрғақ бетке
арналған тұндырмалар
è Бұрыш жалбыз тұн-
дырмасы. 1 ас қасық бұрыш жалбызды ыдысқа салып 1
стақан қайнаған ыстық су құя-ды. Жарты сағат тұндырады. Нәзік құрғақ теріге арнал-
ған. Беттің қышуын тоқтата-ды және қабынуына кедергі жасайды.
è Раушангүл, шалфей
және түймедақ. Раушан, шалфей және түймедақ гүл-
дерінің күлтелерінің әр тү-рінен 2 шай қасықтан алып, 1 стакан қайнаған ыстық су-ға тұндырады. Бұл тұндырма беттің терісін жұмсартып, тыныштандырады.
è Зәйтүн майының тұн-
дырмасы. Шайқурай мен зәй-түн майын 1:2 қатынасында араластырып, бөтелкеге құя-
ды. Аузын жауып, 3 апта тұн-дырады. Бұл тұндырма да бет-
тің терісін жұмсартып, тыныш-
тандырады.
Беттің терісіне түймедақ (ромашка), шалфей, бақ-бақ (одуванчик) тұндырмасынан жасалған ысытпа (компресс) жақсы әсер етеді.
Көз астындағы
ісіктер туралы
Қияр, қабаққа арналған крем, шай қалташықтары көз-
дің астындағы ісіктерді кеті-руге көмектеседі деген пікір қалыптасқан. Бұл әрине рас, бірақ егер көз астындағы ісік-
тер бүйректің, бауырдың ау-руларының нәтижесінде немесе бет құрылысына байланысты болмаса. Бұл жағдай-да мұндай құралдар аз ғана уақытқа көмектесе алады, бі-рақ біржола кетіре алмайды.
Коп рахмет!
Көркем оқып үлгердің бе өзі?
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

...