+1 дауыс
2.5k көрілді
жақында Мой Мир(Менің Әлемім) әлеуметтік желесінде отырып таныстарымның суретін қарап отырғанмын содан бір таныс емес әдемі қызды көріп Мирына(Әлеміне)кіріп қарағанмын тойында түскен суреттерді салып қойыпты жазған комментарийлерді оқып қарап күйеу жігітінде тауып алдым, ол қыз 96 жылғы қазір 16да екен ал жары қай жылғы екенін білмейм 25те әйтеуір, менде 16дамын қазір тұрмыс құрмақ түгілі жігітімда жоқ, бір бала осы сен қашан жігітпен жүресің дегенде алі үлгеремғо ерте емеспа деп қоям мынаны көріп бүртүрлі болып қалдым, жарайды жас айырмашылығын қоя тұрайық махаббат жасқа қарамайды деп жатадығо бірақ 16жасында тұрмыс құрып қайда асыққан?? сіздер осы тақырыпта не айтар едіңіздер??

5 жауап

0 дауыс
Жастай кетiптi, 16да болмайды. 20дан сон болмаса. Ойың кетiп жүрма? Өмiрдi көрiп, ақпен қараны айырып барып тұрмыс құрған жақсы қарындасым.
Ойың кетіп жүрма дегеніңізді қалай түсінсем болады?? егер сеніңда солай кеткің кеп жүр ма деген мағынада болса кешірерсіз мен оны ерсі көрем
0 дауыс
16 тым ерте, ең болмағанда кәмілеттік жасқа толып барып үйленгенде болар еді. Ол қыз әлі кішкентай, мүшелері әлі жетілмеген, ертең бала туу өзіне зиян. Әрі сабақ оқып, жастық шақтың қызығын көретін шақ емес пе, енді жастық шағы оралмайды ғой, отырады үйде бала бағып, күйеуінің тамағын істеп, дұрыс қой тамақ істеп, бала бағу дұрысы дұрыс тек тым ерте сияқты. Оның жасындағы қыздар мысалы мен)) оқуды ойлаймын)) оқуымды бітірген соң 1-2 жыл жұмыс істеп әке шешеме көмектесіп, сосың барып тұрмысқа шығамын. Тұрмысқа шығуға асығудың қажеті жоқ, тесік моншақ жерде қалмас, біреу шын сүйіп алады ғой, отырып қалармын деп қорықса және қыз қазір болмайды десе шын сүйген жігіт күтеді. Иа, бұрында 13 жас отау иесі деп ерте үйлендірген, бірақ ол кезде экология таза, адамдардың жүйкесі тозбаған болатын, денсаулықтары мықты болған. Ал қазір ондай емес. Үйлену оңай үй болу қиын деген үйленген соң өмірдің ыстық суығына шыдай ала ма? Недегенмен ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды. Жат жерге үйреніп кете ала ма? Баланы жақсы тәрбиелей ала ма? Шаңырағын сақтап қала ала ма? Жақсылап ойлану керек.
0 дауыс
Бұрын адамдар ерте үйлене берген, бірақ қазір ондай заман емес. Менің ойымша  ерте үйлену дұрыс емес. Әлі ақ пен қараны ажырата алмай жатып үлкен өмірге аяқ басқан қиын болады. Денсаулығына да әсер етуі мүмкін. Жақында өзім 17-ге толамын, бірақ тұрмысқа шығу әлі  ойымда жоқ ... Шыны керек, 16-ға келіп жігітпен жүрмегенің қызық екен)) Қазіргі кезде тіпті 5-6 оқитындар да сабақты емес, махаббаттарын ғана ойлайды. 5 сыныптан бастап ғашық болып, 6-7 оқығанда жігітпен жүргеннен кейін әрине 16 жасында тұрмысқа шығады ғой....  Ауылға барғанымда көрші үйдің қызы  тұрмысқа шығып жатыр екен, ол 1995 жылғы қыз болатын. Күйеуі 1992жылғы. Бірақ қазір 2 жылдай болып қалды, жақсы тұрып жатыр.... Сондықтан әр адам өзі біледі деп ойлаймын!
0 дауыс

ең дұрысы жоғарғы оқу орнын бітіріп болғансон соң тұрмыс құруға болады деп ойлаймын. жастайынан тұрмыс құрған дұрыс емес. 

0 дауыс
Қыз балалар үшін 20-25 жас аралығы ғой нағыз тұрмыс құратын шағы
...