0 дауыс
1.8k көрілді
ЕР кісілердің көп әйел алуына көз қарастарыңыз қалай?Өзіңіз танитын адамдардың ішінде бірнеше әйел алған адамдар барма? Бар болса олар ұрыс-керіссіз өмір сүріп жатыр ма?

13 жауап

+3 дауыс
Мен қарсымын, қойшы қызғанам. Тек бала көтере алмайтын болсам ғана екінші әйел алуға рұқсат беремін. Бір түрлі ғой күйеуің басқа әйелмен жатқаны((( сонда да біртүрлі боласың ғой. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды демекші үйде екі әйел бір-бірін тілмен шағып отырады, тоқалды бәйбіше өзіне бәсекелес санауы да бек мүмкім. Ұрыс шықпасын десе 2 әйел алудың қажеті жоқ, не 1 айел тақиясына тар келіп пе? Алдымен 1 әйелін бала шағасымен бағып алсын.
Ал минустаңыздар, мен өз ойымды айттым.
Жоқ,сен ойыңды айттың және сенікі дұрыс,белгілі бір қиындық болмаса(сен айтқандай бәйбіше бедеу болса) не керек екі әйел,екі басты айдаһарға ұқсаған,ол байлықтың буы ғой екінші әйел алғызу
Дұрыс айтасың!
сізге +1
йяя әйелдер көнмегенмен еркектер алғысы келетіні анық.
–1 дауыс
Бұған қарсы болмас едім хехех
Екі мамаң болама? )))))
+1 дауыс

Бір кісіні танимын,екі әйелі бар екі үйде,бірде мына үйде,бірде ана үйде жүретін,сол кісіні көрсем жыным келеді,ойлайтын едім :осыдан не қызық?кешке шаршап келгенде балаларың мен сүйікті жарың алдыңда тұрса,бақытты отбасы болып бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүрсе қандай рахат еді деп,оның отбасында бір тыныштық жоқ,әйтеуір керсісіп жатады,бірінші әйелін қатты аяймын,жазығы 3 баладан әрі құрсақ көтере алмағаны

3 бала да жақсы ғой, менің әпкем үйленгендеріне қанша жыл өтседе бала көтере алмай, әулие аралап, дәрігерлерге барып, ақыры 40 жасында құрсақ көтерді, қыз босанды, күйеуі ізбасарым жоқ деп 2 әйел алмады. Жарайсың, арманың күшті екен!
Соны айтам,3 балаға Құдайына қой айтпайма ))))
))))))))))
йя мүлде болмаса бір басқа
+2 дауыс
Киели Куранды окымадым, алайда Куран, Намаз окитын адамдар : "Алла егер жагдайы жетсе, онда 3 айел алуга руксат еткен, бирак ушеинин арасындагы тепе-тендикти сактап, оларды багып, урыстырмай отыру керек" - деп, айтады.
Ол бұрында әйелдер тоқал алуға көнген, ал бүгінгі күнде әйелдер тату тұрады дегенге сене алмаймын. 2 әйел алса тума туыс, көрші қолаң бәрі шулап кетеді, ойбай анаулар тоқал алыпты деп таңдана қарайды. Және қай қыз тоқал болғысы келеді дейсіз? Үйлі боранды еркекке жоламапты да. Басқа әйелге де үйленем десе 1 әйелі ажырасып кетеді. Осылай айрандай ұйып отқан бір шаңыраңтың оты сөнеді.
БҰрынғы замандада  тату тұрғанға сенбеймін бірін-бірі у беріп өлтіріп жатқандар қаншама болғанғой
0 дауыс
Көп әйел алу дұрыс емес! Ол бұрынғы заманда солай істеген, әйелдер күйеулері тоқал алса да үндемеген... Бірақ қазір бірде-бір дені дұрыс  әйел  тоқал алғызбайды.... Екі немесе одан да көп әйел  бір үйде сыймайды. NEOBIKNOVENNA9 мен келісемін, екі әйел үйде бірін-бірі тілдерімен шағып отырады. Тіпті бәйбіше бедеу болса да  тоқал алмау керек. Себебі, қазір медецина дамыған. Жетімдер үйінен бала асырап алса да болады, тем более сауап!
Казақ110  қай есі дұрыс заманауи қыз саған тоқал болып тиеді. Жұрт деген 1 қызды сындыра алмай жүрсе. Алсаң алуыңа болады отырып қалғандарды,пенсирнерлерді.
Белгісіз
хехе Жахардыкі дұрыс!!!
иә, Жесірлерді аламыз. Қазақ жесірін жылатпаған халық...
сауапко       :D
нұржігіт1997  дурыс айтасын
Жесірін?? мүмкін жетімін шығар?
AYagoz city(1-ші пікірші)   2еуі запаста ? !
1-еуі Жарап болады ғо
Белгісіз
–1 дауыс
Статистикаға сүйенсек бір қазақ азаматына 7 қазақ азаматшасынан келеді екен. Сондықтан өзім 7-еуді пландап отырмын. Қазақ қыздарын шетелдіктерге беріп қоямын ба? Және 7-киелі сан. Аптаның әр күнінде әрқайсысының үйінде боламын. Асырауға шама келсе әрине. Шама жетпесе 4-еу де жетеді...
олар келіседі деп ойлайсың ба сол 7-ші болуға??
НҰРЖІГІТ1997 сенмен келсем саган +1
иә, көдіреміз ғо. Сен келісесің ба 2-ншім болуға?
Kupidonchik*   нұржігіт1997 тин 2 айелй болуга келисесинба
kazax110  неге менің барлық жауаптарыма пікір жазасың? не керек менен айтшы?!
+1 дауыс
Қазіргі жағдайда көп әйел алу керек өйткені Қазақстанда 350-400мың қыз он жақта отырып қалған бұл бір 2-шісі қазақ көпте емес бірақ асырай алатын қадірін білетін болса көп әйел алуға болады. Ал жай нәпсі-құмарлық болса дұрыс емес ертеңгі балалар қиналып қалады
+1 дауыс
Көп әйел алуға боладығой, бірақ мен алмас едім. Балаларға да жаманғой.
Иа, балаларға обал болады. Ойыңыз ұнады сізге +1
+4 дауыс
Жұрт деген бір қызды сындыра алмай жүргенде Мына сендер тоқал алғыларың келеді!Қай есі дұрыс 21 ғасырдың қай қызы келіседі мұндайға. Ақшаға қызығып келісетіндері де бар шығар бірақ оны әлпештеп өсірген ата-анасы не дейді! Ойланып сөйлейік!
Иа, ешкім аялап өсірген қызын тоқал қылып бермес! Сізбен келісемін!
Ия , Жахар толықтай келісемін!!! +1
0 дауыс
Шариғатта көп әйел алу дұрыс. Көп әйел алатын адамның жауапкершілігі үлкен болады, оларды тең ұстау керек, ол оңай шаруа емес. Әрі оған алғашқы әйелдері қарсы болмауы керек. Бүгінгі таңда көп әйелі тұрмақ өз басын ала алмай жүрген ер азаматтар да баршылық
ешкім күндес болуға келісе қоймас
0 дауыс
Табиғатта бәрі жұппен жаратылған. Сондықтан семьядағы болсын, сезімдегі болсын 3-ші адам артықша. Дін немесе басқа да мысалдарды айтамыз, оның бәрі жәй сылтау ғой. Шариғаттың шығарылған, қолданылған кезеңі мен қазіргі кезең мүлдем тура келе бермейді. Сол үшін көп әйел алуды "жабайылылық" деп айтар едім. Өйткені біз қазір ғылым мен технология дамыған қоғамды өмір сүреміз. Қоғамда әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істеп, үйге бірдей қаражат табады.
маған жауабыңыз өте ұнады.
0 дауыс
aisuluu сіз айтқан Табиғат нені жұпатап жаратты? Аса мейрімді бүкіл жаратылыстың иесі Алла Тагала ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, ермен әйелді  т.б. сол секілді жаратылыстарды жұптап жаратты, біз осындай жаратылыстарды шатастырамыз, "жұптап жаратты" -деп қойылмайтын мысалды қоя саламыз. Шынын айтқанда біз семяның (отбасының), сезімнің, махаббаттың қадірін білеміз бе? Соған ақыл, біліміміз, жауапкершілігіміз жете ме? Қаншама көп оқып, ғылыммен жаңа техналогияларды меңгеріп жатсақта, бәріміз (көпшілікке топырақ шашпаймын) тәлім -тәрбиеден, ақылдан, әдептіліктен, білімділіктен, шынайылықтан, жауапкершіліктен жұрдай болып, екі жүзділік, менсінбеушілік, кемсітушілік, менмендік яғный ақылдың емес нәпсінің жетегінде кетіп барамыз.  "Өткенді еске алмай, келешекке аяқ баса алмайсын" -деген, ақылды кісілеріміз, сол секілді өткенімізді еске алып көрелікші. Арнайы оқу орнын бітірмеседе біздің аналарымыз уйде отырып-ақ  ұл- қыздарына тәлім-тәрбиені, ақыл-білімін беріп қатарға қосып отырғын (оған дәлел атын атап түсін түстемей -ақ,  белгілі біздің батырларымыз, ғұлама, ақын- жазушыларымыз, алаш орда қайраткерелрі  т.б.с), және отбасының ұйытқысы болып ерлерінің бетіне қарысы келмей -ақ отағасының бар айтқан істеріне қолдау көрсетіп, демеп -дем беріп  және  уйдегі өз орындарын біліп отқан, сондықтан арнайы мақтау мен мақтанышқа ие,  куйеуіне, ұл- қыздарына (ол тоқалдың баласы болсада) қадірлі болған. Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай "Әйел ашуланса - жеңіледі,  еркелесе -жеңеді" -деп, ерлеріне еркелеп өз дегендерінде істетіп отырған. Қоғамдағы келеңсіз жайттарды сол шариғаттың заңдарымен әділде шынайы шешім шығарып, әдепсіздерін тәрбиелеп бір жөнге келтіріп отқан.  Сол ата-аналарымыз жетімін жылатып жесірін көшеде қаңғыртпаған, шариғаттың заңдарымен "әменгерлікті" ойлап тапқан. Олда ақылдылықтың белгісі. Ал сол бәйбіше тоқалы бар уйде сезім, махаббат болмады деп айта аламыз ба? Сезіммен махаббаттары бізге қарағанда керім және өте берік болған, қадірін түсіне білген. Оған дәлел тарихи әдеби кітаптарды оқып сонан туйсеңіз жетіп жатыр. Біздің ата аналарымыз (тағыда қайталап айтамын) арнайы оқу оқымай ақ біздерден өрелері жоғары,  тәрбиелері саналы болғаны белгілі. Ал біздер Жоғарғы оқу орнын бітірп, арнайы білім алып жатсақта отбасындағы орындарымызды шатастырып алып жатқанымыз қаншама, ал осының ішінен сезім, махаббатты іздеп көріңіз? Шынайы сезімнің шыңдалғаны махаббаттың күштілігі  -ол отбасында орын алатын уйлесімділік. Ал қалған әлсіз махаббаттар ол  жастық шақтық, бозбалалық  т.б.с. Қазіргі (көпке топырақ шашудан аулақпын) жастарымыз сол әлсіз махаббатпен отау құрып шамалы қыйындыққа төзе алмай (тоқал алмақ былай тұрсын) қаншамасы ажырасып кетіп жатқаны бәрімізге мәлім.

Тағы айтарлық жайт шариғаттың кезеңі және қазіргі кезең деп бөлу ол біздің білімсіздігіміз ой санамыздың жетілмегені. Осы заңдарымыздың түп тамыры сол шариғаттан шықанын білмегендігіміз. Ал шариғат қасиетті Алланың сөзі Құраннан және Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) іс амалдары хадистен алынғанын білуіміз керек. Кезең, заман өзгерген жоқ , ал біздер -адамдар өзгердік. Әдеп, тәлім -тәрбиеміздің азайып білімсізденіп бара жатқандығы. Қайта біздер жабайы болып бара жатырмыз өйткені техника ғылым дамып сол техниканын құлы болғанымызды өзіміз білмей жатырмыз. Адамдар азғындап қатігездік көбейіп қоғамымыз ластанып барады, нәпсінің құлына айналғанымызды түсінбейміз. Ұлдарымыз (көпшілікке топырақ шашудан аулақпын бырақ жетіп жатыр арамызда) жауапкершілікті сезінбей  бір сәттік ләззаты үшін қыздарымызды алдап арбағанда, оған лайық қыздарымызда сол ауыздағы темекі, тілдегі ғайбат сөздеріде жетіп жатыр (бұл бір шеті ғана). Осылай бұзылған жастармыз ертен өскелең ұрпаққа қандай тәлім-тәрбие береміз, қандай ұрпақ өсіреміз дамыған Европа, Америкаға ұқсап бізде іштен іріп-шіріп бітуідің сәл -ақ алдында тұрмыз. Міне нағыз жабайылық біздер және оны өзіміз мойындағымыз келмейді. Егер әдептілігіміз сақталып тәлім тәрбиеміздің жауапкершілігіміз болса арине қыздарымызды, аже-аналарымызды, апке- карындастарымызды жұбайларымызды ардақтап құрметтеп олармен санасып отыратын едік. Оған біздің өреміз жетеді ме?

Еркекпен әйелдің арасын жасаған жұмысымен, тапқан-табыс  қаражатымен теңестіріпте жатырмыз. Ол қандай өкінішті, неге айел өзінің құрметті орынан ауысқысы келеді? Өздерін ерлермен қатар қойып жұмыс істеу үшін бе? Жоқ айел адамның басты міндеті еріне бала тауып сол баларының тәрбейесін қадағалау сонда ғана Алладан ризашылық алып сонда ғана куйеуінің көңілінен шығады. Былайша айтқанда әйелдеріміз қоғамның тәрбиешісі. Жұмыс істегені жақсы бірақ бірінші міндетін толықтай орындай алса! Мен аулықпын әйел еркектен төмен деуден, қазақта мақалдар көп ғой  солардың бірегейі "Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде".  "Әйел десем әжеме тиеді". "Әйелдің бір өнері ас пісіру". "Әйел жерден шыкқан жоқ, ол да еркектің баласы. Еркек көктен түскен жоқ, әйел оның анасы". (негізі aisuluu сіз кешіріңіз қазіргі қоғамда сіздің пікіріңізде жүрген қаншама адам жүр өзіміз байыбына бармай озіңіз айтқаныңыздай "жәй сылтауларды" өтірік дәлелдерді келтіреміз сол пікірлерге жауабым ғой))))

Ал енді  негізгі сұрақ көп әйелдікке келетін болсақ,  тоқал алуда үлкен іс ол оңай шешілетін мәселе емес екенін және қай жағдайда алуға болатынын байыппен сараламай ұрынсақ, онда шатасқанымыз тоқал түгілі бәйбішеден айырылып қалармыз.  Егер жауапкершілігіміз болып, ақылменен ертен өсетін ұрпаққа тәлім-тәрбиені, білімді, ақылды жүйелі түрде беретінімізге сенімді болсақ, отбасылық мәселелер белгілі бір белгіленген шекарадан шықпай, сол уйдің отағасы ғана емес қорғанышы, отбасын асыраушы мұңына төзімді мұқтажына қайырлы болсақ және моральдық, материалдық тұрғыда әйелдерімізді  бөлмей тең қарай алатынына сенімді болсақ, алатын тоқалымыз шынайы мұқтаждыққа зәру болса  ғана ТОҚАЛ алған абзал. Ол біріншіден Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Суннеті арине жоғарыда айтылған міндеттерді яғный парыздарды толықтай орындай алсақ. Ал екіншіден  ұрпағы көп болуына себепкер, Үшіншіден Зинақорлықтан сақтайды.

Өзім танитын адамдардың ішінен тоқал алған кісілер бар, бырақ өкінішке орай моральдық жағынан шынайы жақсы болғанымен материалдық жағына келгенде жағдайлары қыйындау. Қазіргі біздін қоғамда адамгершілік өлшеммен емес материалдық өлшеммен өлшенетін кезде нәпсілеріне ауыр тиюде! (Алла барлықтарыңызға жақсы жармен жұбайларды насип еткей!)
0 дауыс

Дұрыс емес деп ойлаймын! Қазір заман өзгерген, ол баяғыда кедей мен бай бір сатыда тұрмаған, тіпті 80 жастағы бай шал кедейдің жас қызын ақшаға сатып алып үйленген, құдайға шүкір қазіргі заман басқа әркім өз қалағанына үйленеді, ең бастысы танысып, кездесіп, сүйіп алған 1 әйелмен бақытты өмір сүрсен болды емеспе.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
9 жауап
0 дауыс
22 жауап
0 дауыс
3 жауап
...