+2 дауыс
27.4k көрілді

Холодильникке салынбайтын нәрсе жоқ. Сиыр, қой еттерi, шұжық, балық әр түрлi заттар толтыра бергеннен бiртүрлi жаман иiстенiп кетедi. Сол жағымсыз иiстен қалай құтылуға болады?Әлде тоңазытқышка бiр духи салып қою керек пе? 

Нағыз СЖ-ға керек пайдалы сұрақ!+1
Белгісіз

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер тоңазытқыштан жағымсыз иіс шықса, сода ерітіндісіне (1 стакан суға 2 ас қасық) малынған шүберекпен ішін сүрту керек. Әрі шүберекті жарты сағаттай тоңазытқыштың ішіне қалдырса, иіс бірден жоғалады. Тоңазытқышты күтіп ұстау тәсілдері. Тоңазытқышты жоқ дегенде, айына бір рет жуып тұрған жөн. Бұл ретте жылы су мен аздаған мөлшерде ас содасын пайдаланған дұрыс. Егер тоңазытқышты сабынменжусаңыз жағымсыз иістерпайда болатынын ұмытпаңыз. Алдымен, тоңазытқыштың мұзын толық ерітіп алған абзал, одан кейін барлық контейнерлері мен тартпаларын шығару қажет. Тағы бір есте ұстайтын жайт – тоңазытқыш бөлме температурасымен бірдейболып жылынғанша жууға кіріспеу керек. Әйтпесе, ол бірден жылы су тигенде жарылып кетуімүмкін. Тоңазытқыштың ішін жуу үшін 2 шай қасық соданы бір литр ыстық сумен араластыруға болады. Содалы сумен жуғаннан кейін оны таза сумен шайып шыққан жөн. Бұл ретте қандай да бір химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Егер қатты кірлеген тұсы болса, ол жерге содалы суға малынған дымқыл шүберекті төсеп қойған дұрыс. 15 минуттан кейін әлгі дақты кетіру айтарлықтай оңайға түседі. Есіктің қуыстарындағы резеңке заттарға да ерекше күтім қажет. Өйткені дәл осы қуыстарға шаң-тозаң көбірек жиналып жатады.Оларды жуып тұрмаса, істен тез шығып қалады да тоңазытқыш суықты сыртқа шығаратын болады. Жуып біткесін тоңазытқышты біразға дейін ашық күйінде қалдырып, құрғатқан жөн. Тек әбден кепкенненкейін ғана оны тоққа қосып, пайдалануға болады.
Елжан тамаша жауап! Қай сайттан копировать етіп салдың?
Белгісіз
Рахмет Жахар! Шынымды айтсам өзімде білмеймін. Ол маңызды емес, көмегім тисе болдығой.
+1,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Белгісіз
Коп рахмет! Алла разы болсын саган! Шынымен оте керемет жауап!
Оқасы жоқ!
+2 дауыс
Духи салсаң тамаққа иісі сіңіп,дәмін бұзып жібереді ғой
+1 дауыс
Духи салып қою ақымақтың ісі деп ойлаймын.... Ол үшін жиі-жиі холодильникті жуып тұры керек шығар!
соны айтам, жуудан басқа амал жоқ сияқты.
Сонда бiр жылда бiр жуады  деп ойлайсын,дар ма?! Апта сайын тазалайды женгем. Барбiр сондай болып калады 1-2 кун отiп. Сосын жауап бiлмесен,дер акыл айтудын, кажетi жок!!!
Көркем, не болд грузитсетип???
+2 дауыс
Жиі ішін алып жуып тұру керек !сосын нан  тілімдерін салып қой! иістерді тартып алады.
Тусiнiктi ,коп рахмет. Женгеме айтып коям
Солай етiп кору керек шыгар. Саган да коп рахмет.
+1 дауыс
Бәрін жақсылап тазалап,заттардың бәрінің бетін жауып қою керек сонда заттардың иісі бір-біріне ұрмайды әрі тоңазытқыштың ішіде иістенбейді.
пакеттерге салып барып салу керек
Белгісіз
+1 дауыс
холоднильникты ошырып ышын астын жан жактарын жаксылап жуып кору керек, кайтадан иісі шыгып жатса кайтадан жуып заттарынды салмай косып кою керек сонда ары карай белгылы болар иіс кайдан шыгып жатканын

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 5.01.2023 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...