+1 дауыс
26.9k көрілді
Ауыздағы жағымсыз иістен қалай құтылуға болады? Тісімде құрт тіс жоқ.  Барлық тісім сау, бірақ иіс шығады. Неден болуы мүмкін?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кей адамдар күнделікті екі мезгіл тістерін шайып тұратын болса да, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып тұрады. Онда тіс пастасының ешқандай кінәсі жоқ. Бұл жерде адамның ішкі ағзасының бұзылуы себеп бола алады. Ол қандай себептер?

1. Өзіндік қорытынды жасағаннан гөрі, дәрігерге көрінген абзал. Өйткені сіздің асқазаныңыз, немесе бауырыңыздың зақымдануы мүмкін. Бауыр тәулік бойы өт сөлін бөлумен болады. Бауырдың жұмысы асқазандағы, ішек-қарындағы астың бұзылуынан қорғайды. Кейде адам мөлшерінен көп тамақтанып қояды.

Осы кезде өт сөлі бөлінбей, тоқтап қалады. Осының салдарынан ауыздан жағымсыз иіс шыға бастайды. Оған қоса тас шеміршек асты ауыруы мүмкін. Тас шеміршек зақымданғанда, ең алдымен, бүйрекке салмақ түседі. Осы белгілерді байқайтын болсаңыз, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

2. Кейде асқазан ауыр боп есептелетін ет тағамдарын қорыта алмайды. Асқазандағы ас ұзаққа дейін тұрып қалғандықтан жағымсыз иіс бөліне бастайды. Сондықтан ет өнімдерін денсаулығыңызға қарай шамалап жеген абзал.

3. Әйел адамдардың аузынан жағымсыз иістің шығуы айлық белгінің дұрыс келмеуінен де болуы мүмкін. Мұндайда ауыз қуысын ментол суымен шайса жақсы.

4. Мерез, соз ауруымен ауыратын адамдарда жағымсыз иіс қашықтан да сезіліп тұрады. Мұндай иіс әсіресе сифилис ауруларында көп кездеседі.

5. Алкогольдік ішімдікті пайдаланған адамның ауыз қуысынан үнемі жағымсыз иіс шығып тұрады. Сонымен қатар денсаулыққа өте зиянды деп көрсетілген шылымдардың да кесірінен ауыз қуысы зардап шегеді.

6. Тұмауға, тамақ ауруларына шалдыққан адамдардың басым көпшілігінің аузынан жағымсыз иіс шыға бастайды. Мұндай иістің пайда болуына немқұрайлы қарамаған жөн. Себебі оның ақыры операцияға дейін баруы мүмкін.

Жағымсыз иістен қарапайым жолмен де құтылуға болады. Ол үшін салол шөбінен 5 грамм, глицериннен 30 грамм алып, оған 200 грамм спирт, 2-3 тамшы  жалбыз майын қосыңыз. Мұның бәрін бір стакан суға араластырасыз. Арада 1 сағаттай уақыт өткенде оған 1 шәй қасық тұз араластырып, тамақтан үш сағаттан кейін 1 шай қасықтан ішіп көріңіз. Бұл тәсіл соз және бауыр ауруымен ауыратындарға да жақсы көмектеседі.

Ауыздан жағымсыз иіс шыққан кезде алманы көптеу жеген де пайдалы. Ақжелектің шөбін шайнап немесе сөлін жұтқан да көмектеседі. Тек мұның бәрі уақытша ғана көмек екенін ұмытпаңыз. Ал дұрысы, қай жағдайда да дәрігермен ақылдасып, ішкі ағзадағы ақауды қалпына келтірген жөн ғой.
0 дауыс
Жағымсыз иіс асқазан ауырғаннан болады.
+1 дауыс
Оның әр түрлі себептері бар:асқазаннан,ауыз қуысынан, т.б.Егер пияз,сарымсақ жегеннен кейінгі иіс болса 1стакан сүт ішіп жібер.Ал асқазаннан болса онда күнде танертең ашқарынға ас тұзы ертіндісін іш,бірақ артынан суттен жасалған ботқа жеуің керек.Кейде иіс тістеріңде коронканың асты шіріп,содан болуы мүмкін,Ауызыңды тамақтан кейін ерінбей шайып жүру керек.
0 дауыс
орбит,сағызды үнемі шайна
Үнемі ол зиян!!!!!!!!!!!
Белгісіз
Орбит карынды ашытады
0 дауыс
Әрдайым тисинизди тилди тазаланиз көк шайды балды гвоздиканы сағызды немесе ромашка мятамен ауызды шайыныз
0 дауыс
Көбінесе жағымсыз иіс жүріп жүріп тамақ жеуден пайда болады сондықтанда тамақты тек уақытылы жеген жөн
0 дауыс
аликалон духи ыш
0 дауыс
Онда сен ұйықтаватрп аузыңа біреу тышып жбергенғо
0 дауыс
Ауыздан жағымсыз иіс,ішкі ағзаңыздың ластануынан. Ағзаны тазалау керек. Тек асқазан ғана емес, бауыр, бүйрек сияқты сүзгі органдар, күнделікті тамақтың дұрыс қорытылмауынан ағзада қалдықтардан токсиндер бөлініп, жиналады.Денсаулықты қалай сақтауға, қалпына келтіру туралы тереңірек білгіңіз келсе, хабарласыңыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
Құпия болып калсын арман деп аитпаиак ко 25.03.2017 Денсаулық сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
...