0 дауыс
17.8k көрілді
Қазір де жаз келді. Онымен қоса ызыңдауық ызың ызың ызың деген маса да келді. Жалпы, осы масаның пайдасы бар ма? Одан сақтанатын бір нарселер бар ма?

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Маса шақпасын десеңіз

Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?! Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.

Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгіншөп (валериан), қалампыр гүлі, темекі, базилик өсімдігінің иісіне төтеп бере алмайды. Үйіңізге маса кірмесін десеңіз, терезеңіздің алдына базилик не қалампыр жапырақтарын қойып қойыңыз. Ал маса шағып алмасын десеңіз қол-аяғыңызға азғантай ғана шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз.

Маса ашық түстерді, соның ішінде сары түсті жақтырмайды. Егер де таза ауада демалуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпайды әрі демалысыңыз сәтті өтеді. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады.

Маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай-ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағады.

 

Ағылшын биолог-ғалымдары масаның еті тірі, сабырсыз адамдарды көбірек шағатынын дәлелдеген. Себебі, әрдайым қимылдап, тағат таппайтын жандардың қан айналымы жақсы. Ал жүзі суық, тұйық жандарға маса аса көп жоламайды екен.

Маса жүрек, бауыр, бүйрек ауруларымен ауыратын жандарды көп шағады. Себебі, маса адам ағзасында зиянды холестериннің бар-жоғын сезеді. Ал дертке шалдыққандардың ағзасында зиянды холестерин жетіп артылады.

Маса терісі жұмсақ әрі тершіл жандарға жақын келеді. Терісі жұмсақ, қаны таза болғандықтан маса кішкентай балаларды көбірек шағады.

Есіңізде болсын!

Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;
Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;
Тырнап, қасып тастасаңыз, ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;
Йод, шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;
Егер да маса сізді табиғат аясында шағып алса, шаққан орынға бақбақ, жалбыз, түймедақ жапырақтарын басыңыз.
Үй өсімдіктерінің ішінде алоэ, қазтамақ (герань) жапырақтарын басыңыз.
Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон я сарымсақ қойып қойыңыз. Шаққан жағдайда, балаға жылы сүт я қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен шайып жіберіңіз.
Маса шаққаннан соң, өзіңізді жайсыз сезініп, денеңіз бөртіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Ақпарат!

рахмет көп көп
0 дауыс
Жан-жағың таза болсын.Жарықты көп жақпа түнгі уақытта.Ультрадыбыстық аппарат бар мына аппарат осыны бөлмеге қойып қой маса жоламайды.

+1 дауыс

Масаның адамға тікелей пайдасы жоқ шығар, маса құстардың, жарғанаттардың қорегі.. Масаның тек аналықтары ғана шағада, ал аталықтары өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Кейбір қыздар да бар ғо, шағып сөйлейді))

ахааххах))қатырасың Бро)
+1 дауыс
Масаның көбіне пайдасы емес зиянын көп көрдім себебі бүкіл ауру-сырқауды осы маса таратады,
+1 дауыс
Маса жойылып кетсе,балықтарда жойылып кетеді дегенді естігем,табығаттың тепе-теңдігіғой,бір пайдасы бар шығар,адамға емес тек
+1 дауыс

масаның пайдасы ұшан теңіз десең бәле ғой ияsmiley

0 дауыс
Міне, жаз мезгілі де келіп қалды. Жаз мезгілімен, яғни жылы маусыммен баршамыз «жақсы көретін» масалар ұшып келуде. Әсіресе, бұл мәселе Ертіс жағасында орналасқан Павлодар мен оның аудандары тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Көктемде, өзен жүз километрге жайыла отырып, таяз суларды құрайды, бұл масалардың ұрықтарын көбейту үшін қолайлы орындар болып келеді. Маса қалай қалыптасады? Оның «балалық шағы» жылы ағынсыз су қоймаларында, ал «ересек өмірі» - адамның жанында өтеді. Масаның аналығы лайықты су қоймаларына өз жұмыртқаларын салады: үлкен шалшықтарға, легендерге немесе банкаларға да сала алады. Дернәсілдердің саны кейде 500-ге жетеді. Жұмыртқалардан кейін дернәсілдер пайда болады. Сыртқы көрінісі құрттарға ұқсайды, Сіз бұларды саяжайда ағынсыз су қоймаларында және т.б. жағдайларда кездестірген шығарсыз. Дернәсілдерден қуыршаққа, қуыршақтан үлкен жәндікке айналады. Масалардың белсенді кезеңінде аталық масалар аналық масалардың назарын өзіне аудару үшін «махаббат өлеңі» сияқты дыбыс шығарады. Масаның негізгі мақсаты – өрбу. Масаларға жұмыртқалау үшін қан қажет, сондықтан олардың негізгі құрбаны - адам. Шағу кезінде маса улы сілекейін адамға енгізеді, ол қышу, ісік, шаққан жердің қызаруын, кейде ауыр аллергиялық жағдайды тудырады, өйткені сілекей арқылы: безгек, сары безгек, Денге безгегі және т.б. індеттер жұғады. Адамды шаққаннан кейін маса өледі деп санайды. Өкінішке орай, бір маса орташа 1-3 ай, яғни бүкіл жаз маусымы кезінде өмір сүреді. Ал дымқыл жертөлелерді толтыратын қала масаларына тоқталсақ, олар жыл бойы өмір сүреді. Масаның жақсы бір қабілеті – ол жақсы ұшқыш десек те болады, жел бағыты бойынша 100-150 км жерлердің арақашықтарын өте алады. Сондықтан энтомологтардан «өндеу жұмыстары жүргізілмеген жерлерден ұшып келген масалар» тәрізді сөзін жиі естуге болады. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының энтомологтар сәуір айынан бастап масалардың дамуына фенологиялық бақылауды жүргізіп келеді. Бұл уақтылы өндеу жүргізу мерзімдерін анықтау үшін қажет. Биыл өндеу жұмыстары бұрынғыдай облыстың үш қаласында өткізіледі. Масалардың дернәсілдерінен су қоймалары, қанатты масалардан саябақтар, гүл бақтары өндеуден өтеді, сондай-ақ сол жақ жағалау, Усолка аумақтарында ұшып келетін масаларға бөгет жасайтын тосқауылдарды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алқаптан су тасқыны кеткеннен кейін химикатсыз өңделген таяз суларға экологиялық қауіпсіз және қоршаған ортаны ластамайтын биологиялық препаратпен авиаөңдеулер жүргізілді. Биологиялық препарат сондай-ақ шіркей дернәсілдеріне қарсы қолданылады. Масаларға қарсы жүргізілетін күрес масаларды жоюға емес, олардың санын қысқартуға бағытталғандығын еске салғымыз келеді. Масалар ірі биоценоз-жүйесінің буыны, мұнда: ауа да, су тәртібі де, топырақ та, микроағзалар да, жәндіктер де, бәрі маңызды. Буыннан біреуін алып тастасақ – қатардағының бәрі зақымдалады, табиғаттағы тепе-тендік бұзылады. Құрметті тұрғындар, масаларға қарсы күреске қатысуға Сіздерді де шақырамыз! Біріншіден, суға толған бөшкелер, бактар, күбішелер масалардың көбеюіне арналған кішкентай инкубаторларға айналғанын сезбейтін бақшашылардың және саябақшылардың назарын аударамыз. Олармен күресуге арналған бірнеше жеңіл тәсілдер бар: - Сыйымдылыққа мұнай өнімінің (бензин, керосин және т.б.) бірнеше тамшысын тамшылау қажет, су бетінде шажырқай пайда болады, нәтижесінде масалардың дернәсілдері ауа жетпей тұншығып өледі; - Аналық масалардың жұмыртқа салуына кедергі жасау үшін сыйымдылықты қақпақпен жабу; - Масалардың дернәсілдері жетілмеу үшін сыйымдылықтағы суды аптасына екі рет ауыстыру қажет. Құрметті саябақшылар мен бақшашылар, аталған қарапайым ережелерді ұстана отыра, масаларға қарсы бірге күресейік. Сәтті демалыс өткізуге тілектеспіз.
0 дауыс
Маса құлаққа кірсе не істимиз
0 дауыс
масаның пайдасы құстарға жем болады
0 дауыс
Әсіресе жаз кездері мас әбден жүйкеңізге тиеді. Ызыңдап одан қалса бөлмелерде жүріп түнімен ұйқы бермейді. Сол үшін тұтатқыш дәріні қолданса жөн болады. Онын иси  масаларды бирден кырады. Сосын аулада жургенде иіссу себинсе маса жоламайды.
...