+5 дауыс
1.5k көрілді
Ал достар сіздер ұтыс ойынынан аяқ астынан 150 миллион тенге ұттыңыздар қайда жаратасыздар!

Мұқтаждарға көмек беремін дегендер! Дұрыстап ойлаңыздар! Пиардың түкке қажеті жоқ!
+1 әр жауап бергенге Ал ЖЖ 1 аптадан кейін +тармен санаймыз
Белгісіз
Сіздің бұл сөзіңізден кейін адамдар жауап беруге емес балл жинауға асығады. Сондықтан ешкімді + қоям деп қызықтырмай-ақ қойыңыз...
Күшті емес пе! Ең бастысы көңіл! 150миллионның қасында +1 деген не тұрады! Ешқашан аямаймын +1-ді!
Белгісіз

18 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен өзім өскен балалар үйіне көмек берер едім.
Асқан парасаттылықпен берілген жауап! Ұтуыңызға тілектеспін!
Белгісіз
аттен сондай мүмкіндік болса тек Алладан үміт үзбеймін, бәрі де мүмкін
Иә бәріде мүмкін! +1
+4 дауыс
50 млн тенгені өзім устаймын,50 млн нын әке-шешеме беремін,алқалған 50 ін мұқтаж жандарға таратамын
Тамаша! Ұтып кетіңіз енді сол ақшаны!
Белгісіз
Рахметіңіз
+1 жарайсыз!
+1 дауыс
Алдымен қаладан үлкен үй, үй жиһаздарының бәрін жаңалайтын едім, сосың көлік, ұялы телефон, базарды аралайтын едім))) қалса банкке салам))) өзіме, отбасыма ғана жарататын едім, ал жетімдер үйіне тағы тауып алсам барлығын бере саламын.
Мінеки Жоба! Жарайсыз!
Белгісіз
Рахмет, өзіме бұйырған несібемді өзіме, отбасыма жаратамын ғой)
+1! жақсы жауап!
+3 дауыс
Отбасыммен табиғаты әдемі жерге барып демалып қайтар едім! Ең бірінші анам мен әкеме сыйлық жасар едім! Өздеріне ұнаған нәрсені сатып алып берер едім! Өзімнің де алғым келіп жүрген нәрселерім көп! Соларды сатып алар едім! Бұл пиар емес! Көмек сұрағандар болса міндетті түрде беремін!!!
Керемет +1
Белгісіз
Рахмеет!
Тек өзіңді ойлай бермей жан жағыңдағы қиналғандарға азғантай болса да көмек көрсетсең бірінші сауап екінші бедел жинар едің. Бүкіл өміріңе 100 млн да жетер едіғой дегенімғо.
Әр адамның өзінің өмір сүру тактикасы болады!
Белгісіз
Бұл менің ақша ұтып алсам, алғашқы істейтін әрекеттерім! Егер менен көмек сұрағандар болса, әрине көмектесем! Ақшамды ешкімге бермеймін деп жазыппын ба?! Жауабымды қайта оқып шығыңызшы!!!
Оқыдым беремін депте бермеймін депте жазбапсыз. Не де болса ниетіңіз түзуғой +1
:) Рахмет!
+6 дауыс

Осыны айтқан саған берер едім! Алмай жатсаң жетімдер үйіне аударар едім. (өзіме қажеті жоқ)

М.м.м.м.м.м әлі де ассыздар. Қанағатшыл екенсіз!
Необыкновенная сіздің үйде чето 10+ бала бар ау деймін!Қанша баласыздар?
Белгісіз
3 бала деген жетеді ғой...
Жоқ 10 бала емеспіз, бізде үшеуміз, әпкем, мен, інім.
Сіз сияқты адамдар көп болса ғой! +1
Айып етпеңіз!
Белгісіз
Демографияны көтеру керек қой)))
+7 дауыс

Егер сіздің көп ақшаңыз болса не істер едіңіз десе барлығы қиналмастан мұқтаждарға көмек берер, халыққа көмек көрсетер едім деп айтады. Ол өтірік емес. Жасыратын несі бар қазіргі шіріген байлардың барлығы кезінде солай жауап берді. Адам байлыққа қолы жеткесін бәрін ұмытады. Егер мен 150 миллион ұтып алсам 50 млн. өзіме туыстарыма ағама отбасыма қалдырар едім. Өйткені кейбір туыстарымның ауыр тұрмысын көріп тезірек жұмысқа тұрып байысам екен дейтінмін. Ал қалған 60 млн. өзімнің туған ауылым барғой, сол ауылға барып өзім қадағалап тұрып жастарға сапалы, шыдамды құрылыс материалдарын сатып алып тегін спорт зал, тренажор залын салдыртамын . Жетпей жатса қосармын, артық қалса ауылға көп етіп тал терек отырғызамын. 30 млн. теңгені ардагерлерге, солардың ұрпақтарына арнап бір үлкен саябақ саламын. 10 млн өзіме қалдырамын. Бизнес ашып тағы да байып (қоймайды екен дейт) тағы да сондай игі іс жасаймын . Еш нәрсені жалған істемеймін. Шыны керек депутат шенеуніктер  аурухана немесе мектеп саламыз деп үкімет бюджетінен 10 миллиярд алады да, өздері жеп қалғанын баласының болашағына анау мынау қылып соңында 10 миллионға сапасыз қытайдың арзан тауарларынан өлімсіретіп шалаш салады да, шәлтиіп келіп ашылу салтанатына қатысады ұялмай. Қытайдың тауары қайбір сапалы дейсің 6 айдан кейін әлгі ауруханаң қалады төрт қабырғасы төрт жаққа құлап. Түйін : не істесеңді еліңе жұртыңа пайдалы адал нәрсе істеу керек.

 

+1 Шындық жазылған түгел дерлік
Белгісіз
Шындық! Сізге +1
Дұрыс айтасыз +1
Шынымды айтсам, толық оқымадым (ұзақ екен) )) Бірақ ойыңыз жақсы сияқты +1
Тура Қарағандының Бесобасындағы үйді айтыпсың ғой! Сол  үйді мұғалім,дәрігерлерге  жалпы бюджет қызметкерлетріне арнап салған үй дейді. Ұрлағаны соншалық фундаменті жоқ қара жерге тұрғыза салыпты.Бізде осындай ақша ұтатын ойын бар ма?
+3 дауыс
Депозитке салып қойамын! Оқуымды бітірген соң керемет бір үй салдырып аламын! Қалған ақшамен әлемді саяхаттап аралағым келеді!
Дос менің ақшам таусылып қалды саяхатқа мені де ертіп кетші)
Ұтып кетіңіз деймін! Ұтқасын депозитке емес Халықтық АйПиОға салыңыз! Акционер болып жүресіз!+1
Белгісіз
+6 дауыс
150миллион... Мен талып калсам керек) Байлык адамды озгертедi гой катты. Бiраз кун аспанда ушып журетiн шыгармын) Депутаттарга уксап мынандай мектеп, спортзал т.б салып беремiн деп кургак уаделер бере алмаймын. Атымтай Жомарт болмай турып ,озiмдi жарылкап алайын. << Акша тапсан,дар оздерiн,е жумсан,дар ,артылып калса отбасын,а жумса, одан артылып калса туыскандарын,а бер>> делiнген хадисте. Ен, алдымен анама кымбат курортка жолдама алып берем, жаз келе жатыр бiраз демалып кайтады. Бiлiм алу ушiн Болашак багдарламасы бойынша Англияга кетемiн сосын, Оксфордта оку менiн, арманым.Пайгамбарымыз Мухаммед (С.А.У) бiлiм алу ушiн Кытайга да барын,дар деген гой. << Iлiм уйренiн,дер !Iлiм уйрену гибадат. Iлiм уйренгенге жане уйреткенге жихад сауабы берiледi>> деген хадис шарифте. Озiмнен артылып жатса, атамды,кокем екеуiн кажылыкка жiберер едiм. Содан артылып бара жатса туыскандарыма беремiн, ойламаган жерден миллионер болып кетсен, омiрiн,де кормеген туыскандар пайда боп калатыны бар гой. Сiзде бiр адамды армандатып, киялга батырып жiберетiн сурак койыпсыз да...
Тамаша жауап! Қанша дегенмен Көркемнің жауабы ғой!Жауаптарың арқылы бір бірегей бренд шығарсаңшы Көркем!++++++++++++1
Белгісіз
Рахмееет! Айтпакшы бiр нарсенi  умытып кетiппiн ,уй согып жатырмыз гой, соны екi этаж етiп жiберетiн едiк егер миллион ута калган жагдайда)
Ұтуыңа тілектеспін!
Белгісіз
Анегдот еске түсті))
 Бір жарлы күнде Алладан тілек тілейді екен "Жаратушы ием, маған миллион ұттыра көрініз, бала-шағамда абыроймен асырайын, миллион ұтсам екен" деп күнде тілепті, сөйтіп тілеі орындалмай қайтыс болған ғой, о дүниеге барып сұрапты "мен күнде тілек тіледі шын ниетіммен, неге орындамадыңыз" деп, сөйтсе періштелер айтыпты "сен өмірінде хоть бір рет лотороея ойнамадың ба" деп))))
Аха ха ! Қүшті анекдот екен ! Бірінші алладан тілеу тіле , сосын лоторея ойна деген ғой...Ең бастысы деніміз сау,ақыл есіміз дұрыс , еңбегіміз адал болсын деңдер.Ақша деген өмірде қолдың кірі. Тез келген ақша тез кетеді, қадірі де жоқ.Аз ақша болса да алладан берекесін тілеген дұрыс. "Береке" деген ұғым әрқашан ойларыңда болсын.
+3 дауыс
150 миллион Кембриджде толықтай оқуыма жетпейтін сияқты иа... Жылына төленетіні бар, жүріп тұруым бар, квартирама беретінім бар, қой жетпейді, маған жетпей жатыр ғой, Жахар, қосасын ба?)

Анамды ең "МЕНМІН" деген куротрттарға әжеммен бірге демалуға жіберемін, әлемнің барлық керемет жерлерін көрсін, дем алсын. Менің осылай жжауап жазып отырғаным да анамның арқасында!

Қоспасан қоспай-ақ қой, КГМУ-ға толық оқуыма жұмсаймын,

Қалғанына клиника ашамын, сосылмалы ауруларды емдейтн.

Тағы қалса қатерлі ісікті емдеу жолдарын іздеуге финансировать етемін (тың идеяға)
Жарайды ал сен үшін 150 миллион доллар Жете ма!
Белгісіз
Рахмет! жетіп қалады =))
+6 дауыс
Мешітке барып , садақа бермес  едім. Тең жартысын біздің елдің дәрігерлері емдей алмайтын ,бірақ шетелде емі бар ауыр науқаспен ауыратын кішкентай баларады шетелге емделуге жіберер едім. Қалған жартысын өз пайдама жаратар едім.
мен бәріне сотка алам
біреуін ғана пайдаланасын бірақ
Белгісіз
Мешітке барып, садақа бермес едім.... Қызық екенсіз))
Себебі,  ауыр науқасы бар балаларға мешіттен көмек түсті дегенді әлі бір де бір баласының еміне қаражат іздеп жүрген ата аналардан естіген емеспін.Мешіттің басшылығын  да түсінемін ,бізідң ел зайрлы ел сондықтан мешітке үкімет ақшалай көмек көрсетіп отырған жоқ. Сондағы уағыздаушы молдаларың бәріне де жалақыны мешітке түскен садақадан алады. Бірақ сол мешітке қаншама мұсылман қауым келіп,қаншама қаражат қалдырады,бірақ мешіттен ауру балаларға көмек беріліпті дегенді естімедім.
+4 дауыс

150 000 000 онша көп ақша емес, долларға шаққанда 1000 000 ол жақ,бұл жағында ғана. Алла нәсіп қылса ұтып алып,игіліктеріңе жаратуларыңа тілектеспін. Бірақ бөліп-бөліп таратып жіберген ақша ертең-ақ  жоқ болады, күрделірек ақша ұтсаңдар сол ақшаны одан да көп ақша табуға жұмсағандарың ләзім деп ойлаймын. Елімізде бай адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым тұрмыс та түзеле бермек. Бай, бақуатты болыңдар!

+1,,,,Толық қолдаймын! Ана пікірлерді жасырып дұрыс істепсіз!
Белгісіз
+2 дауыс
Үйімді салып бітіріп үйге қажетті жиһаздар алып жалпы тұрмыс жағдайымды жақсартып ал қалғанын ауруынан айыға алмай жүрген жандарға емделуге және балалар үйіне аударар едім
+1,,,,,,,,,,,,
Белгісіз
+4 дауыс
Алдымен кредиттерді жабамыз, сосын қарындасымның оқуына сақтап қояр едім.

Мал сатып алар едік, қора салғызып  тастар едік.

Қалғанын депозитке.

Үйдің жылыту жүйесін жөндетер едік.

Қалғанын көрер едім.
+1,,,,,,,,,,,
Белгісіз
қайсы +1?
Өнер адамы , қарындасыңды қатты жақсы көреді екенсің! Сендей қамқор болар ағасы бар, қарындасың бақытты ғой... Жарайсың!
жауабына койылган +1 тусирейн ба
Белгісіз
неге? ойңнан тез айни саласың ба?
+1 дауыс
НУ ақшаның бәрін алып көзімді жұмып  тұрып, ақшаны пакетке салып, өртеп жіберетін едім. Сосын дым білмегендей өмір сүре берер едім.
Жүрегіңнің түгі бар екен кеудеңді ашып қарашы!
Белгісіз
ну брат бар екен ғо казір қырып тастамасам.
+3 дауыс
Ауданымызға үлкен супермаркет салар едім.Әр дүкенді аралап,табандарын тоздырғанша,барлық қажет заттар сол бір жерден табылатындай.
осылай ойлайтындар көбейе берсін! +1
Белгісіз
...