Егер сіздің көп ақшаңыз болса не істер едіңіз десе барлығы қиналмастан мұқтаждарға көмек берер, халыққа көмек көрсетер едім деп айтады. Ол өтірік емес. Жасыратын несі бар қазіргі шіріген байлардың барлығы кезінде солай жауап берді. Адам байлыққа қолы жеткесін бәрін ұмытады. Егер мен 150 миллион ұтып алсам 50 млн. өзіме туыстарыма ағама отбасыма қалдырар едім. Өйткені кейбір туыстарымның ауыр тұрмысын көріп тезірек жұмысқа тұрып байысам екен дейтінмін. Ал қалған 60 млн. өзімнің туған ауылым барғой, сол ауылға барып өзім қадағалап тұрып жастарға сапалы, шыдамды құрылыс материалдарын сатып алып тегін спорт зал, тренажор залын салдыртамын . Жетпей жатса қосармын, артық қалса ауылға көп етіп тал терек отырғызамын. 30 млн. теңгені ардагерлерге, солардың ұрпақтарына арнап бір үлкен саябақ саламын. 10 млн өзіме қалдырамын. Бизнес ашып тағы да байып (қоймайды екен дейт) тағы да сондай игі іс жасаймын . Еш нәрсені жалған істемеймін. Шыны керек депутат шенеуніктер аурухана немесе мектеп саламыз деп үкімет бюджетінен 10 миллиярд алады да, өздері жеп қалғанын баласының болашағына анау мынау қылып соңында 10 миллионға сапасыз қытайдың арзан тауарларынан өлімсіретіп шалаш салады да, шәлтиіп келіп ашылу салтанатына қатысады ұялмай. Қытайдың тауары қайбір сапалы дейсің 6 айдан кейін әлгі ауруханаң қалады төрт қабырғасы төрт жаққа құлап. Түйін : не істесеңді еліңе жұртыңа пайдалы адал нәрсе істеу керек.
150 000 000 онша көп ақша емес, долларға шаққанда 1000 000 ол жақ,бұл жағында ғана. Алла нәсіп қылса ұтып алып,игіліктеріңе жаратуларыңа тілектеспін. Бірақ бөліп-бөліп таратып жіберген ақша ертең-ақ жоқ болады, күрделірек ақша ұтсаңдар сол ақшаны одан да көп ақша табуға жұмсағандарың ләзім деп ойлаймын. Елімізде бай адамдар неғұрлым көп болса, соғұрлым тұрмыс та түзеле бермек. Бай, бақуатты болыңдар!