0 дауыс
19.3k көрілді
Адайлар "Жау Табын!" деп неге атаган?! осынын 5-6 жауабын естидим бирак кай бири рас екенин билмеймин. сиздер не билесиздер осы жайлы? Кеширесиздер казакша ариптерим жок еди!

10 жауап

0 дауыс
Кезинде Қазақ аузы бир болып, үш жуз косылган кезде ,айналадагы көршилермен келисим шартқа

отырыды бейбитшилик жөнинде .Сонда  20-30 жигит адай руыннан,  келисим шарты  бузган дейдi, Туркмендерге шапкыншық жасап .Сосын жогарыдан бүйрык келген дейдi, жазала деп.Cонда жакын жерде коршилес   Табындар болган  , cоларды жазалайды . cодан айтады Aдайлардын оздері  өлген 20-30 адамдарды ас кайырганда өздериде  еске алмайды деп .

озыны мен бір улкен жастагы руы Таз кемпірден естидим (иманды болсын)

2 версия  ертеде   Табын мен Адай  бир жак  болып Турмендермен согыскан , сонда Адай мен Туркмен  шайкасты бастаган кезде  ,Табындар кетип калыпты . Өздери кырыла берсин деп оз пайдасын ойлап кеттi дейди

3 версия табындар мен адайлардын арасында  көршi болгасын бiр кұдық болган дейдi   үшын кырылсатын болган дейди

жогарыда наглый қазақ ,айтып кетипти  орыстын қол шокпары болып деп ,мумкiн  башкурттарда табын бар  солар шыгар кiм бiледi
0 дауыс
Қазағым-ай! Осы елге, жерге, руға бөлiнгенiмiздi қашан қоямыз. Әр пенденiң қасиетi әр түрлi. 2 табынның бiрiгiп жасаған опасыздығын бүкiл табынға жаба салу дурыс емес. Шындығында табын руында да қазаққа пайдасы тиген, жоғары беделдi азаматтар да болған.
Мен бунымен келиспеймин озим табынмые. Мактанамын нагыз табын болганыма. Естерине сала кетейн шынгысхан табын болган. Казактар жауга шапканда табындар ен алдына турып алатын болган. Адайларга киянат жасады дейме. Адайлардың оздери болек ел боламыз деп сатылган жокпа.
0 дауыс
Кума болек ел боламыз деген жок ешким
0 дауыс
Өсер елдің балдары бірін бірін батыр дейді өспес елдің балдары бірір бірін қатын дейді
Ей қазақ қашан уйыған ел боламыз
0 дауыс
Жауга шапкан сол себепти жау табын болган олай каздарнды куман шатастырман казак бир бирин коре алмайд сатп кеткен не керек ондай ангме
0 дауыс
Жалған пікірлер, болжамдар айтуды қойыңдар, негізі аңыз мынадай Табындар қарақшылықпен айналысқан, соның ішінде бір қатыгез топ болған ешкімді аямайтын, керуендіде ауылында тонаған, адамдарды өлтірген, жауыздығы жауласып отырған Түрікменненде бетер катызгез болуына байланысты "жау Табын" деп атайтын болған. Кейін ол адам әділетсіз ханның басын шауып батыр боп қалады бірақ " жау Табын" деген алі күнге айтылып келеді,
0 дауыс
Ассалаумағалейкүм қазақ бауырларым ЖауТабын деп не үшін атайды кезінде Табындар жауға шапқан соңғы қоныстанған жерлері Киелі Маңғыстау мекенім кезінде Адайлармен бірге Түрікмендерге қарсы шыққан бос ангіме дитіндер өзіме хабарласын далелдеп жберем 87011146010
0 дауыс
Жау табын деген соз шыны мынандай, адайлар жауға жабатын кезде табынның батырлары бас косады, сонда табынның батыры жауды кырып салады, жаудің пірі табын деген, жаудан жіңілмеген ушын жау табын деген, ал былай келе оны баскага бурмалаған.
0 дауыс
Ассаламу’алайкум!!! Адай бауырларымызга бари жау болып коринеды! Улы жуз жау орта жуз жау! Мангыстауга барсан болектенып кетеды фашист сиякты!! Бул шындык бари быледы
+1 дауыс
1850 ж. шамасында екі ру арасында тағы бір жанжал орын алып қалған. Ауызекі әңгімелер бұл араздықтың арадағы бір құдалықтан шыққанын айтады. Бір қызығы, бұл әңгімені мұрағат құжаттары да растап, оның шамамен 1850 ж. болғанын көрсетеді. Орынбор архивінде сақталып қалған бір шағын ғана құжатта көрсетілген жылы Шөмішті Табын өкілдерінің өздерінің айттырып қойған қыздарын алуға Адай ауылдарына барғаны айтылады. Осы жерде қақтығыс орын алған, Адайлықтар қызды бермей, жанжал қойған. Оның не себепті туындағаны аталмаса да, алдыңғы жылдардағы араздық салдарынан болғаны белгілі сияқты.Бұл оқиға Орынбор Шекара Комиссиясына да жетіп, олар 1850 ж. қазан-қараша айларында осы жағдайдың аныққанығын білуді Орынбор қазақтары Орта бөлігінің аға сұлтаны Арыстан Жантөринге тапсырған. Арыстан сұлтан жоғарыдағы оқиға туралы 1851 ж. 22 маусым күні баяндаған, бірақ Шөмішті Табын ауылдарының Жемнің арғы жағында көшіп-қонып жүруіне байланысты толығырақ мәліметтерді беруді 1852 ж. жазына дейін қалдыруды сұраған. Алайда, Адай мен Шөмішті Табын рулары арасындағы дау-дамайлардың бұл күнде бейбіт шешілгенін көрсеткен. [11, 4-5 пп.] Ауыз әңгімелерге қарағанда, бұл дау арты қақтығыстарға ұласып, арада бірлі-жарым шайқастар да орын алған сияқты. Шайқасқа қатысты жер атаулары да сақталған. Осы кезеңде Дәуіт би ел арасына төрелік айтып, арадағы дауды тоқтатуға үлкен себепкер болады. Екі ру арасындағы мәміле Үстүрт өңіріндегі ескі әңгімелерде «Дәуіттің сақал сипары» деген атпен қалған. Осылайша туысқан екі ру мәмілеге келген. Жоғарыдағы аға сұлтан Жантөриннің екі рудың араға үкімет адамдарын салмай-ақ бітіскендерін көрсетуі осы Дәуіт бастаған билердің әрекеті болып табылғаны сөзсіз. Архив қағаздары екі рудың татуласуын 1851 жылмен шамалайды. Негізінде Адай-Табын қарым-қатынастары өз алдына бір тақырыпты құрайды. Ұзақ кезеңдер тату көршілік жағдайында араласып келген қос ру арасында кейбір жылдары жанжалдар да болып қалып отырған болатын. Енді ресми архив деректеріне қайта кезек берсек, Кіші жүздің Адай, Табын рулары өзара мәмілеге келіп, әр рудың игі жақсылары – билер, батырлар мен басқа да сыйлы адамдары 1850ж. бас қосып, бұдан былай өзара жанжалдарды тоқтатуға, бейбіт өмір сүруге уәде етіп келісімге келеді. Әр рудың билері мөрлері мен таңбалары қойылған құжаттар архивтерде сақталған. "Қалнияздың Дәуіт батырға айтқаны" Ертеде Маңғыстау атырабында түрікмендермен болған шайқаста жау алдынан шолғыншы болып кеткен Адайдың Орамал Қырықмылтық Қарағұл (Құлқара болуы да ықтимал) деген батыры қаза табады. Бұл қазаға батырдың жан серігі Қожалақ батыр қатты қайғырады. Соны сезген Қалнияз, Қожалақ батырдың қасына келіп, қуат бере сөйлейді: Ақ ордасы Адайдың, Үлкен үйі Мұңалсың. Батыр да өзің, пірде өзің, Ұлы жиын құралсын. Төрт Мұңалың тұрғанда, Басқасы келіп Адайдың, Қолыңнан қалай Ту алсын?! Қарағұлдың қаны үшін, Ағайынның ары үшін, Қожалақ, тұрма, қол баста, Артыңнан сарбаз шұбалсын. Әруаққа сыйынып, Ұрандап жауға ат қойсаң, Келінберді, Құдайке, Ізіне еріп лап қойсаң, Әруағың аспай ма? Дұшпаның қорқып, қашпай ма? Ертең елге барғанда, Ерлігің хабар болғанда, Қалың Адай жиналып, Алдыңнан шашу шашпай ма? -деп батырды жігерлендіріп, қайраттандырып, күші әлдеқайда басым жауға қарсы шаптырады. Сөйтсе, Табын руының Дәуіт батыры, 25-30 әскерімен Адайдың жасағына қосылмай, анадай жерде оқшауланып, бөлек тұрған көрінеді. Сонда Қалекең Дәуіт батырдың қасына шауып келіп, жас арасы алшақ ағасы болса да былай деп толғап тұр екен дейді: Болғанда әкең - Асау, атаң - Барақ, Атағы алты Алашқа кеткен тарап. Баласы сол ерлердің Дәуіт едің, Халқыңның қызметіне туған жарап. Қаза боп жау қолынан Қарағұлым, Адайдың шалыққанда туы құлап. Танымас жат кісідей оқшауланып, Батыр-ау, тұрғаның ба сенің, шыдап? Ішінде Дәуіт батыр бар деп сөз қылмай ма, Болса да жақсы-жаман хабар тарап? Жолы деп Асау-Барақ әруағының, Асар тұр туын жықпай, сізге қарап. Сиынып атаңыздың әруағына, Ерлердің шаппайсыңба басын құрап? "Барақ" деп Дәуіт шапса қолды бастап, "Бекет" деп Асар шапса жолды бастап, Қайырмай Адай, Табын кетерме екен Сүйегін Қарағұлдың жауға тастап? -дегенде, ата-бабасының әруағы жебеп, Дәуіт батырдың делебесі қозып, намыс оты тұтанып, бес қаруын асынып атойлаған Адайларға қосыла шауып, қас қағым сәтте түрікмендерді қырып, аман құтылғандарын түре қуып, Қарағұлдың сүйегін жау қолынан алып шыққан. Осы жырда Дәуіт батыр әскерімен Адай жасағына қосылмай тұрғаны. Екі рудың жанжалы ушығып, бір бітімге келмей тұрған кезі болуы мүмкін. Жалпы бұрыннан Адай, Табын нағашы-жиенді болып келеді. Дәуіт атамыз жау келгенде Адай, Табын деп бөлінбей жауға шапқан. Нұржан ЖЕТПІСБАЙ, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері
...