+1 дауыс
"Қиын жас" деген ұғым кiмдерге айтылған? Қай жастағыларға?
24.05.2013 526 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

"Өтпелі кезең" –  бұл 11 жастағы қыз  бен 13 жастағы ұл баланың биологиялық бой жету кезеңі деуге болады. Ол белгілі бір жас арасында өтеді дегенмен, әр адамда әр түрлі байқалуы мүмкін. Сол сияқты қыздар мен ер балалар арасындағы «өт­пе­лі кезеңде» де өзіндік айырмашылық бар. Мә­селен, қыздарда жас­өспірімдік дағдарыс жұмсақ жағдайда өтеді, ұлдарға қарағанда ер­те басталады және тез аяқталады. Ал ұл балалар бұл кезде ашушаң, бұзықтау, тіл алмайтын, өзін-өзі ересек етіп көрсетуге талпынатын болып келеді.

Міне осы жастағыларды қиын жастағылар дейді яғни жасөспірімдер

24.05.2013
127,960Сұрақ
322,891Жауап
153,169Пікір
73,011Қолданушы