Өзімнің әр кітапты ақтарып, орысша сайттардан аударып жазғаным, әйтеуір біреуге қажеті болды-ау))
«Іштің ауырсынуы» көпшілігімізге таныс симптом. Тағамнан уланудан бастап, диарея соқыр ішектің қабынуы да себеп бола алады. Соқыр ішек (аппендикс) оң жақ мықын аймақта орналасқан кішкене өсінді, ал оның қабынуын аппендицит деп аталады.
Аппендицит – эпигастри аймағында қатты ауырсынумен сипатталатын аппендикстің (соқыр ішек) қабынуы.
Аппендициттің белгілері:
- Аппендицит бастапқы кезде іштің жалпы ауырсынуымен басталада. Науқас ішінің қай жері ауыратының нақты айта алмайды. 6-7 сағат өткеннен кейін ғана ауырсыну бір жерге тоқталады. Қалыпты жағдайда ауырсыну оң жақ мықын аймақта сезіледі, алайда барлық адамның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан соқыр ішек қай жерде орналасса ауырсыну да сол жақта байқалады;
- Ауыздың құрғауы. Аппендициттің бастапқы кезеңінде науқастыа ауызы сусызданып, тілі құрғайды;
- Оң жақ қырымен жатқандаауырсыну күшиеді;
- Дене қызуының көтерілуі мүмкін;
- Кейбір жағдайда науқастың құсқысы келіп, лоқсиды.
Тыйым салынады:
- Наркотикалық және наркотикалы емес аналгетиктерді қолдануға болмайды. Ауырсынуын басқаннан кейін науқас ештене сезбей, аппендикстің жарылуынан перитонитке асқыну болады.
- Жылытқыш, грелка немесе т.с.с қоюға болмайды
- Іш жүргізетін дәрілер мен клизма жасауға болмайды;
- Дәрігер шақыртудан қорқып, ауырсынуды шыдауға болмайды.
Емі
: Бір ғана емі бар – операция! Бұрынғы кезде және қазіргі ауылдық шет аймақтарда аппендицитті скальпелмен кесу арқылы сылып алып тастаса, қазіргі жаңа аппарат «лапроскоптың» көмегімен жасалады. Ол үшін арнайы аппараттың үш түтікше қолданылады. Біріншісі кіндіктен 1 см жоғары, екіншісі кіндіктен 4 см жоғары, ал үшіншісі аппендикстің орналасқан жеріне байланысты қойылады.
Себебі:
Қазіргі кезде соқыр ішектің қабынуын халық арасында «шемішке» шаққаннан деген ой қалыптасқан. Дәрігерлердің арасында бұл аурудың себебі әлі де анықталып жатыр, сондықтан барлық кінәні бір ғана шемішкеден көру қате пікір. Негізінен аппендициттің себебіне: аппендикске инфекцияның түсуі, иммунитеттің төмендеуі, паразиттердің әсірі де болуы мүмкін.
Ескертулер:
Егер оң жақ мықын аймақ ұзақ уақыт бойы аурып, дәрігер келген уақытта барлық ауырсынулар жойылып, жеңілдк сезілсе қуанудың қажеті жоқ. Бұл нерв клеткаларының үзіліп, аппендикстің жыртылғанының белгісі болуы мүмкін. Аппендикс жыртылса аса қауіпті перитонитке асқынады. Көпшілік жағдайда дәрігердің «сізге шұғыл операция жасау керек» деген сөзін «қажет емес, сіздер скальпельмен кескендерін үшін ақша аласындар» дегер қате пікірмен перитонитке асқындырып жатады
Қосымша:
Соқыр ішек көпшілік адамдар ойлағандай қалдық белгі, яғни қажетсіз мүше емес. Соқыр ішекте басқа ішектерге қарағанда нерв талшықтары жиі орналасқан және лимфа түйіндеріне бай. Японияда соқыр ішекті қажетсіз мүше деп тауып жаңа туылған сәбилердің барлығының соқыр ішектерін алып тастап отырған. Кейін байқалғандай соқыр ішегі жоқ балалар әлжуаз, инфекциялық аурулармен күресе алмайтыны байқалады.
Бұдан шығар қорытынды, аса мейірімді Алла адамның кез келген мүшесін керексіз етіп жаратпаған, әр мүшенің өзіндік атқаратын қызметі болады, ал соқыр ішектің иммунитетті көтеруші болып табылады.