+2 дауыс
808 көрілді
Әр адам баласы өмірде нені жасауы керек?
Елеке, пәлсапашы болып кеткенбісің?))) Сұрақтарың қызық қой)
жас кезімдегі сұрақтарым ғой. қайдан тауып алдыңдар? 3 сұрағымды тауып алып, поштамды толтырып тастадыңдар ғой жауаппен ))) Рахмет!

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Әр адам өмірге келгеннен кейін ең бірінші құлшылық етуі керек.Ата-ана алдындағы парызды өтеуі шарт.Егер Аллах нәсіп еткен болса,дүниеге ұрпақ алып келіп,оны тәрбиелеу керек.Адамзат баласының істемек істерінің тізбегі ұзақ.Ең бастысы адам болып келген дүниеден,адам болып өтуі үшін соған лайық істер жасауы керек...

+3 дауыс
Ненi жасауы керек?! Жогаргы бiлiм алып, адал ен,бек ету керек. Жiгiт болса аскерге барып,отан алдында борышын отеу керек. Уйленiп, отбасын куру керек. Кыз болса турмыска шыгып, муратына жетуi керек. Перзенттiк парызын отеу керек. Сенде бул кiрпiш дуниеге тетiгiн тапта бар калан деп акын ата жырлагандай ар адам омiрде оз орнын табу керек. 5 парызын орындауы керек.
+4 дауыс
5 парызын өтеуі керек деп ойлаймын... Одан басқа жоғары білім алып, еңбек етіп, ата-анасының алдындағы қарызын өтеуге тиіс. Кейін өзінің жарын бақытты етіп, достарына көмектесіп, балаларын жақсы адам қылып тәрбиелеуі қажет... Және әр адамның жеке арманы болады. Сол арманын жүзеге асырса  өмірі босқа кетпеді деген сөз!
+2 дауыс

Ата-анасын бағып-қағуы керек

+2 дауыс

Адамның миындай жетілген нәрсе жоқ, тек кана осының мүмкіншілігін қолдануды үйренуіміз керек.

+2 дауыс

1.Ата-анасын бағып қағу керек. Ата-анаңның саған деген көзқарасы қандай болса құдайдың да саған деген көзқарасы сондай.

2. Бес парызыңды өтеуің керек.  Әр мүсылман бес парызын өтесе жұмақ тұрғындарының қатары көбейер еді)

3. Жақсылық жасауы керек. Күнәларынан арылуы керек.

4. Ұрпақ немесе із қалдыруы керек. Аты өшпеуінің қамын жасауы керек.

5. Отан алдындағы борышын өтеуі керек. Міндетті түрде әскерге бару емес, отанына адал болуы қажет.

...