+3 дауыс
71.5k көрілді
Жай сөйлем құрлысына қарай нешеге бөлінеді? Экзаменге керек еді.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жалаң,жайылма,жақты,жақсыз,толымды,толымсыз,атаулы болып бөлінеді.
+2 дауыс

Жай сөйлем түрлері
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
 

Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық  етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс  т.б.
3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.

Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.  Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті.  Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл  -  толымды сөйлем.  Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
         Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық  сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.

0 дауыс

Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді:

1) жақты және жақсыз сөйлем;

2) жалаңжәне жайылма сөйлем;

3) толымды және толымсыз сөйлем;

4) атаулы сөйлем.

Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді. 

Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.

Жақты сөйлемнің негізгі белгілері:

1) баяндауыштары бастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам. 

2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауыш болады. 

Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы: Баланың білген үстіне біле түскісі келді.

2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін.

4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оның мінезін түсініп болмайды.

5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті. 

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.

Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатыр. Жағасы – бал-құрақ. Аты жүйрік екен. Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды. Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.

Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

Атыңды сатамысың? – Сатамын.

– Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.

0 дауыс
Жалаң,  жайылма,  жақты,  жақсыз, толымды, толымсыз, атаулы
...