+1 дауыс
10.8k көрілді
Шаш және оның гигиенасы?

2 жауап

+2 дауыс
Шаш және оның гигиенасы. Адам денесінің алақан, саусақ, ерін және табаннан басқа жерлерін түк басып тұрады. Денеге үш түрлі түк өседі: ұзын түк — шаш басты күннен және суықтан сақтайды, қайратты түк — мұрт, сақал және танауда, кұлақтың сыртқы дыбыс өткізу жолында, "ал жұмсак түктер дененің қалған жерлерінде өседі. Шаштың түбі тepi қабатындағы шаш ұясында болады. Адамның басында шамамен 100 мыңнан (сары адамда 80 мың) астам шаш түбі кездеседі.

Шаш — нәруызды заттан, кератиннен, күкірт және азоттан

кұралады. Шаштың түci оның түбіндегі бояғыш кератинге

байланысты. Күніне 100 шашқа дейін түсіп, оның орнына 100

шаш өceдi. Бастағы шаш 2—4 жылда, кipпiк 4—5 айда ауысып

отырады. Денсаулығы дұрыс адамның шашы орта шамамен,

айына 1 см өседі. Шаштың өcyi, сақталуы, оның түcyi организмнің

күшіне, зат алмасуға, жүйке жүйесі мен iшкi секреция бездерінің

қызметіне тікелей байланысты

шаштың жылтырлығы мен

майысқақтығы май безінен бөлінетін химиялық құрамға сәйкес

өзгереді. .

Шаштың гигиеналық жағдайы организмнің жалпы күтіміне байланысты. Ол үшін еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырып, қуатты тамақтанып, дене шынықтырумен шұғылданудың маңызы өте зор. Шашты уақытында май және шаң-тозаңнан, қайызғақтан тазартып, жуып-күту қажет. Судың сапасы да шашқа көп әсер етеді. Оның кермектігінің (құрамындағы кальций, магний, тeмip тұздары) адам терісіне және шашына қолайсыз әсер етуден құрғап, қайызғақ түседі. Кермек су шашты жіңішкертіп, үзілгіш етеді.

Сондықтан мұндай суды жұмсарту үшін оны бip сағат қайнатады немесе 5 л суға 2—3 шай қасық ас содасын қосады. Шашты орамалмен құрғатады. Су шашты желмен кептіруге болмайды. Ұзын шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты түбінен бастап сирек тісті тарақпен тарау керек. Шашты қатты тартып, бұрап өру оның қанайналымын нашарлатады, түсуіне, селдіреуіне әсер етеді. Сол сияқты үнемі тар және ауыр бас киім кию де зиян. Бас киімсіз ыстық күннің көзінде және суықта жүруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп, бұйралау да шаштың өсуін нашарлатады. Шашты күтпесе — кұрғап, өңі кетіп, қайызғак басады, ал майлы шаш — ұйыса береді.

Шашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам өзінің тepiciнe қарай сабын мен сұйық сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ, майлы) екенін білу керек. Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы. Шашты дер кезінде шаштаразға алдырып немесе сәнді қиғызып жүру сыпайылықтың, мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.

Шашты жаңбыр және қар суымен жууға болмайды, ceбeбi олардың құрамында ауаның ластануына байланысты шаң-тозаң, түрлі қышқылдар болады.
0 дауыс
Шаш күтімі

Қыс бойы бас киімнің астында басылып, аязға әбден тоңған шашыңыздың қазіргі жағдайы мәз емес болар? Көктем жақындағанда шашыңызға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Алдымен, шашты дұрыс кептіріп үйренейік. Шашыңызды күнде кептіруден шаршасаңыз, мына ережелерді ұстанып, шаш кептіруді ішті пыстырмайтын, шаш саулығына зақым тигізбейтін шараға айналдырыңыз. Сонымен шаш кептірудің 5 алтын ережесі:

1. Шашыңызды қыстырғыштар көмегімен бірнешеге бөліп, қыстырып қойып, әр шаш бұрымын тарақтың көмегімен кептіріңіз. Шаш кептіретін фенді шашқа 10 сантиметрден кем тақатпаңыз. Осылайша, уақытты да үнемдейсіз, шашыңыз да сәнді  көрініп тұрады.

2. Шашты отырып кептіріңіз. Арулардың көбі шаштарын ваннада айнаның алдында тұрып, оның үстіне асығып кептіреді. Шаш сәндеу шеберлері бұл істі ойдағыдай атқару үшін ыңғайлы жайғасып, қол астыңызға керек болатын заттардың бәрін жиып қою керек дейді. Сондай-ақ, шашты отырып  кептірген уақытты үнемдейді екен.

3. Тарақты оң қолға алып (солақай болмасаңыз), фенді сол қолмен ұстағаныңыз жөн болады.

4. Шашыңызды түбінен көтеріп кептіріңіз. Тарақпен шашты жоғары қарай тартып отырыңыз. Бұл шашыңызға көлем бермек.

5. Шашыңызды кептіргенде ауа ағынын шаштың бойымен бағыттаңыз. Бұл шаштың түбінен ұшына дейін дұрыс кебуін, сондай-ақ зақымданбауын қамтамасыз етеді.

Келесі кеңес ұзын шашты арман қылған аруларға арналады. Шашты ұзын әрі сәнді қылып өсіру үшін бірталай тер төгудің керек екені бәріне мәлім. Шаштың ұштарын 2 айда қысқартып тұру, шашқа арналған маскалар мен сұйықтықтарды қолдану керек. Сондай-ақ, шашты дұрыс таңдалған тарақпен жиі тарап отыру керек. Шаштың тез өсуіне көмектесетін мына масканы да қолданып көріңіз.

Маска құрамы:

Құрғақ горчица ұнтағы;
2 ас қасық ыстық су;
1 жұмыртқаның сарыуызы;
2 ас қасық зәйтүн (жожоба, шабдалы немесе кез келген косметикалық май);
2 шай қасық қант ұнатғы.
Құрамдас бөліктерді қосып, араластырамыз. Шашымызға 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Нақты уақыт масканың басыңызды қаншалықты ашытқанына байланысты болады. Шыдамды болған жағадайда 1 сағат күте тұрсаңыз болады. Алайда, басыңыз күйіп бара жатса, 15-20 минут та жеткілікті. 15 минут шыдамдылық танытып, масканы жуып тастамағаныңыз жөн. Басыңыз ашып, шашыңызға от жағылғандай болуы мүмкін. Сонда да, 15 минутта бас терісіне еш зақым тие қоймайды. Есесіне үйреніп, келесі жолы көбірек отыра аларсыз. Маска нәтижесінде шаштың өсуін тездетіп, шаш қалың әрі әдемі болады. Сондай-ақ, бұл маска шаштың түсуіне тосқауыл жасай алады.
...