+1 дауыс
26.1k көрілді
Қасым Қайсенов туралы күрделі жоспармен шығарма керек

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.
Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі.

1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси -ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған. Асыл әжеміз сол жылы небары 16 жаста болған. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.

Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын — соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі.

1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін оңтүстік -батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат етуге аттандырылады. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды. Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып жауға соққы берді. Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен наградталды.

Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында жауапты қызметтер атқарды. Партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін » Жас партизандар» (1954), » Ажал аузында» ( 1959), » Жау тылындағы бала» ( 1961), » Жау тылында» (1973), » Партизан соқпақтары» ( 1978) , » Переяслав партизандары» тәрізді т.б. көптеген шығармалар жазды. Аталмыш туындалардан А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді партизан отрядында бірге болған жауынгер достары жайында ыстық көңілмен әңгімелейді. Қасым кітабының тамаша бір тарауын Украин партизандарының ардақ тұтар ақсақалы, халық соғысының қаһарман басшысы, әрі ақылды, әрі қатал — генерал-майор Сидор Артемьевич Ковпакқа арнайды.

Партизан — жазушы Қасым Қайсеновтың өмірі өзі жаудан қорғаған Украин халқымен тығыз байланысты. Украин халқы Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп құшағын жайып қарсы алады.

Қ. Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға түседі. Ол М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Джалилдің «Почта жәшігі» кітаптарын құнарлы тілмен оқушы жүрегіне жеткізді.

Оның шығармалары әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды.
Қасым Қайсенов — ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.
Қасым Қайсенов -ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы.
Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры
+1 дауыс
1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел­тоқсан күні 89 жасқа қараған ша­ғында ауыр науқастан дүние салды. 1934 жылы мектеп бітірген­нен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павло­дар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның бас­қыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы пар­тизан құрамасының үшінші отря­дын басқарады. Одан кейінгі кез­дерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға ора­лып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе­сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады. Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашы­лығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады. 1951-1954 жыл­дары Қазақстан Компартиясы Орта­лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудар­ма­шылар бөлімінде оқиды. 1953-1972 жылдар аралығында «Жазу­шы» баспасы директорының орын­басары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» бас­пасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.[2]
+1 дауыс
ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ САРДАРЫ
Ол соғыстан кейiнгi ғұмырының барлығын «олжа өмiрге» балайтын. Бұған өзi мынадай уәж айтар едi.
– Мен соғыс кезiнде ажалдың алдына күн сайын неше барып, неше қайтқан адаммын. Перiштем қақты ма, әлде суiшкiлiгiм болды ма, соның бәрiнде аман қалдым. Ал алғаш шабуылға шыққан күнi-ақ бiрiншi оққа ұшқан бейшаралар аз ба! Солардан менiң қай жаным артық едi. Ендеше мына көрiп жүрген күндерiмдi «олжа» демей не деймiн.
Неткен тәубашылдық! Бiр-ақ ауыз сөздiң астарында қаншама мән-мағына жатыр! Тарта берсең, шыға бередi. Ақыл-парасат. Оған қоса жүректiң лүпiлi. Бергенге шүкiршiлiк. Тағдырға ризашылық. Құдды пiрадарлық қанағат.
Пiрадарлық демекшi, бiрде мен:
– Қасым аға, дiнге сенесiз бе? – дегенiм бар тосыннан, төтесiнен.
– Шырағым, бiз өте қиын, күрделi уақытта өмiр сүрген ұрпақпыз, – деген ол аппақ қалың қасын құс қанатындай қағып қойып. – Әркiм өз заманының перзентi ғой. Жақсы болсын, жаман болсын, мен де өз заманымның, өз уақытымның перзентi болдым. Жылдар бойы соның айтқанына көндiм, дегенiне сендiм: – («Сендiм» дегендi ол өзi отырған төсек тұсында, кiлем үстiнде iлулi тұрған Сталиннiң суретi мен ұзын қылышқа қарап нығыздап айтқан). – Сол сенiммен жетпiс жыл өмiр сүрген кезiмде, «қайта құру» деген басталған. Менiң замандастарымның көбi оған тез бейiмделдi, тез «қайта құрылып» үлгердi. Кешегi күнi, бiреудiң басынан сәлде көрсе, ит көрген ешкiкөзденiп шыға келетiн коммунистердiң алды – молда, арты – мүрит болды. Әрине, оларға сенiң бұның қалай деуге бола ма? Бiрiншiден, «ештен кеш жақсы», екiншiден, кiм-кiмнiң де өз еркi өзiнде емес пе? Бұл жағынан менiң де ерiк сенiмiмдi ешкiм тартып алмаған...
Бұны қалай түсiнсең, солай түсiн дегендей ол маған жалғыз көзiн тiктей қарап, бiраз үнсiз отырып қалған. Тек недәуiр уақыттан кейiн ғана:
– Қандай дiнсiз, имансыз адам болса да, жаны алқымға тiрелгенде ол алдымен Құдайды аузына алатыны анық, – деген тағы да. – Қиын-қыстау сәттерде, бұны өзiмiз де талай бастан кешкенбiз. Әншейiнде, қос қолымен көк тiреп жүретiндей көрiнетiн адамның тағдыр алдында өзiнiң түкке тұрғысыз бейшара екенiн сезiнетiн кезi де сол кез ғой. Бiрақ сонысын қас-қағым сәтте, түйесi көпiрден өтiсiмен-ақ ұмытып кететiнi өкiнiштi-ақ!.. Тағдыр демекшi, мына бiр жағдайды немен түсiндiрерiмдi өзiм де бiлмеймiн. Мен жаратылысымнан ырымшыл адаммын. Ал ырым еткен дүнием қолмен қойғандай келетiнi бар. Бұны,әсiресе, соғыс кезiнде көп көрдiм. Жорыққа шығар алдында, жiгiттердi сапқа тұрғызып қойып, әр қайсысының бетiне үңiле қарап өтетiн әдетiм-дi. Сонда осы жорықтан кiмдердiң қайтпай қалатыны маған анық сезiлiп тұрушы едi.Бұған ендi не дейсiң?!
Мен не деймiн? Қаскеңнiң қарапайымдылығына, шыншылдығына риза болып отырамын. Ол көбiнде неғұрлым кiшiрейiп сөйлегендей болады, бiрақ сонысымен соғұрлым биiктей түсетiнiн бiреу байқамайды.
– Ұлы Жеңiстiң үлкен бiр мерекесi қарсаңында (30 жылдығы ма деймiн – Д.Ә.) Бауыржан, Рахымжан және мен үшеуiмiздi Советтер Одағының Батырлығына ұсынды ғой. Бiрақ әлдебiр себептермен ол атақты бiз ала алмай қалдық қой, – дейдi ол әдеттегiдей сөз аяғына «қой» мен «ғойды» жиi қоса отырып. – Менi қойшы, ана екеуiне обал болды. Әсiресе, Бауыржанға. Нағыз Батыр, нағыз Қаһарман – сол едi ғой.
– Аға, сiз Баукеңнiң қандай қасиетiн ерекше бағалайсыз? – деймiн мен.
– «Ерекше» дегендi жақсы айттың сен. Бауыржан бар жағынан ерекше едi ғой. Ондай әдiлеттi, шындықты сүйген, ұлтын сүйген жан қайда! Сонысы үшiн де оны халқы ерекше сүйедi ғой. Оның соғыстағы ерлiгi, жазған шығармалары, ол туралы аңызға бергiсiз әңгiмелер, бәрi-бәрi – ғибрат, тәрбие, үлгi. Тiптi, бұны былай қойған күннiң өзiнде, «Бауыржан Момышүлы!» деген аты-жөнiнiң өзi әлi сан қазақтың баласына алмас қылыштай – Айбын, болат семсердей – Рух болатыны сөзсiз!
Қарапайымдылықты, кiшiлiктi жақсы көретiнi сондай, кейде ол «мен болған оқиғаны ғана жазатын адаммын, шын жазушылықтың жөнi басқа ғой деп те салатын. Бұнысы ендi артық соққаны. Жо-жоқ, тым кiшiпейiлденiп кеткенi, әйтпесе, мың-мыңдаған қазақ баласының бала күндерiнде жастанып жатып оқығаны – жазушы Қасым Қайсеновтiң бiрiнен бiрi өтетiн партизандар туралы жазылған шығармалары емес пе едi.
Кiшiлiк, кiшiпейiлдiлiк дегенде, тағы да мынадай жай еске түседi. Соңғы он шақты жылда Қаскең көзiнiң нашар көруiне байланысты кейбiр дүниелерiн жанындағы адамға айтып отырып жаздыратын болған. Сондай бiр пiкiр-лебiзiне менiң де хатшы болып қалғаным бар. Ол материал газетке («Қазақ әдебиетiне») шыққан күнi Қаскең телефон шалған маған.
–Дарогой, сен әдемi жазыпсың, жақсы жазыпсың, – деп, әдетiнше менi бiраз мақтап алған да: – Бiрақ сен анау «халқым» деген сөздi менiң аузыма салғаның қалай? Мен солай деуге хақым бар ма өзi? Егер Президент айтса бiр сiрә. Егер оның өзi де жарасып тұрса ғана!Менiң ойымша бұлай деу тек Абайға ғана жарасқан. Әйтпесе, халықты тұтас иемдене сөйлеу кiм-кiмге де әбестеу болар.Менiң маңдайымнан тер шыққан.
Ол сирек кездесетiн үлкен жүректi адам едi. Бұған мынадан артық қандай дәлел керек. Соғыста адам өлтiрмеген солдат жоқ шығар. Бұл заңды. Сен оны өлтiрмесең, ол сенi өлтiредi. Бiрақ кейiн жауды да адам деп бiлген, оны өлтiргенiн мойындаған, мойындай отырып, кез келген төгiлген қанның сұрауы бар деп, әруақтар рухына мiнажат еткен кiм бар? Рас, ХIХ ғасырдағы орыс жазушысы Всеволод Гаршиннiң «Төрт күн» әңгiмесiнде солдат Ивановтың өзi өлтiрген түрiк жауынгерiнiң мәйiтiне көз салып жатып: «Ау, бұл да мен сияқты адам едi ғой. Менiң шешем сияқты оның да шешесi үйiнде күтiп отыр едi ғой» деп езiлетiнiн бiлемiз. (Бұл шығарманы оқуға кезiнде патша тыйым салған). Сосын Лев Толстой өзiнiң «Исповедь» атты философиялық толғанысында, жас күнiнде iстеген кейбiр iстерiне (соғыста кiсi өлтiру, карта ойнау, жеңiл жүрiстер жасау т.б.) сын көзбен қарай отырып, тәубасына келетiнiн көремiз. Ал қазақта, соғыста өз қолынан шейiт болғандарды телеэкран алдында адамшылықпен еске алған жалғыз Қасым аға едi. Осындайда еске түседi, жауды былай қойғанда, 37-нiң зұлматы мен 86-ның зобалаңында өз қолдарымен отқа итерiп жiберген бауырларының рухы алдында, болмағанда өкiнiш бiлдiрген қай ағамызды көрдiк?!!
Қаскең Қалтай (Мұхамеджанов) ағамызды қатты сыйлаушы едi. Өз кезегiнде Қалекең де оны өте құрметтейтiн. Екеуiнiң арасында алыс-берiс қағаздар жүрiп жатады. Мақала, хат, құжат дегендей. Олардың бiрiн оқытып, бiрiне қол қойдырып екi ортада мен жүремiн.
– Ау, дарогой, зам басыңмен тағы да өзiң келiп қалдың ба? Тiлшiлерiңнiң бiрiн жiбере салмадың ба? – дейдi маған кәдiмгiдей жанашыр кейiпте. Сосын артынша: – Е, жарайды, бастығыңа тартқансың ғой. Оның да аяғы жеңiл ғой, – деп бiр қояды.
Шындығында, менен гөрi сол екi ағамның аяғы жеңiл едi. Жеңiлдiгi сол ғой, екеуi де елдiң шаруасы, өзгенiң шаруасы дегенде, өз жұмыстарының барлығын сиырып қойып, үлкен-кiшiнiң алдында жүредi. «Айналайын, мынауың қиын екен!», «Дарогой, сен бұныңды қой!» деген сөз екеуiнде де болмайды. Бұны бiлетiн үлкен де, кiшi де, екi Алыпты алдына салып алып, қамал бұзып, қорған қиратып жүредi. Кейде артынан екеуiнiң де «Қап! Бұны кiм бiлген!» деп сан соғып қалатын да кездерi болады.
Бүгiнде Қалекеңнiң қалжыңдарын бүкiл қазақ бiледi. Бұл жағынан Қаскең де қалыспаушы едi. Ең тамашасы сол, екеуi де осы қалжың үстiнде , бiреудi қажап, сүмiрейтудiң орнына, керiсiнше оны көтерiп, көңiлдендiрiп, бағасын арттырып отырушы едi.
Шын мәнiнде, ұтқыр қалжың, өткiр әдiл – үлкен талант пен ақылдың жемiсi ғой.
Ақыл мен талантына тамсандырып, ерлiгi мен батырлығына бас идiрiп, адамдығы мен иманына тәнтi етiп, жамағаттан – алғыс арқалап өткен, қайран бiздiң Ағалар!
Қауым бас қосқан жерде, «әне, Қалекең отыр», «мiне, Қаскең де келе жатыр» дегеннiң өзi бiзге қаншама мәртебе едi. Ал ендi өстiп кiмдердi тұлға тұтар екенбiз?!

Дидахмет ӘШIМХАНҰЛЫ
ЕЛ РУХЫН КӨТЕРГЕН ЕР
Қасым ағамыз қазақ халқының айбарлы тұлғаларының бiрi де бiрегейi едi. Ол кiсi сөйлеген кезiнде дауылдай бұрқырап, арқаланып кететiн де, күлген кезiнде күндей күркiреп тұрушы едi. Сенiмiмiз бен сұсымыз сияқты едi. Ендi ол кiсi де дүниеден өттi. Осындай кездерi өткен күндер еске түседi екен. Баяғыда Горбачевтiң қайта қ
+1 дауыс
Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.

Өмірбаяны
1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ол 2006 жылы 30 жел¬тоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.

1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отря¬дын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.
Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отанына — Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңе¬сінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.

Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.

1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орта¬лық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.

1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.
Шығармашылығы
Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизан¬дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Марапаттары
Қ.Қайсенов «Богдан Хмельницcкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслуга» ордендерімен, Ке¬ңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты.
0 дауыс
мен бұл шығарманы бастан аяқ оқыдым. өте жақсы жасалған мәлімет. сіздерге көп рахмет
0 дауыс
Оте кереюмет жалзылган  оте тамаша
0 дауыс

heartҚасым қайсенов ол халық қахарманы

...