+2 дауыс
3.2k көрілді
Қасым Қайсенов туралы әскери драма киносы туралы ақпаратты қайдан оқуға болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстандық көрермендерге Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыңшы Қасым Қайсенов туралы 4 бөлімдік фильм көрсетіледі.

"Қасым" фильмінің түсіріліміне Қазақстанмен қоса, Ресей, Украина мемлекеттері де мұрындық болды. Шет елдік мамандар Қасым атамыздың ерліктері баяндалатын бұл туындыға ерекше қызығушылықпен келді. Себебі бұған дейін фашизмге қарсы күрестегі Қазақстанның рөлі кинофильмдерде бейнеленіп көрмеген еді.

Айта кетелік, Қайсеновты Чапаевтың партизандық отряды соғысқан Украина елі "тыңшы Вася" атымен жақсы таниды. Фильмде Украина фронтындағы соғыстың нәтижесіне себеп болған Қайсеновтың ерлігі суреттеледі. Сюжет бойынша, ол неміс тыңшысына қарсы тұрады.

Фильм авторларының айтуынша, лента арнайы эффектілерге, романтикалық сәттерге толы. Кино кең аудиторияға негізделген. Қайсеновтың рөлін "Келін" фильмімен танымал Қуандық Қыстақбаев сомдады.

http://massaget.kz/madeniet/kino/4241
Маман жауабыңызға рахмет. Бірақ ескерте кетейін дегенім егер сіз құр сілтемесін қойыпқойсаңыз жауабыңыз Спам ретінде қабылданып өшірілініп тасталынады. Сондықтан ақпараттың біраз бөлігін көшіріп қойып толық оқу үшін немесе ақпарат  мына жерден алынды деп қойсаңыз жауабыңыз жақсы жауап болатын еді. Жауабыңызды өңдеп қойым, келесіде ескерерсіз деген ойдамын. Рахмет.
0 дауыс
Көркем фильмдегі негізгі кейіпкердің рөлін астаналық Қ.Қуанышбаев атындағы драма театр актері Қуандық Қыстықбаев сомдады. Сонымен қатар, көркем туындыда Владимир Гостюхин, Михаил Евланов, Александр Лыков, Александр Петров, Мария Луговая сынды танымал актерлар да ойнайды. Фильм 7-10 мамыр аралығында «Қазақстан» ұлттық арнасынан 19.30-да көрсетіледі.
http://pavlodarnews.kz/index.php/kz/novosti-3/item/5180-kazakstan-lttyk-arnasynan-kazakty-batyr-ly-kasym-kajsenov-turaly-film-korsetiledi
http://www.kinostan.kz/news/view?id=356
...