0 дауыс
27.4k көрілді

Ғұндардың екіге бөлінуі жайлы ақпарат керек

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
0 дауыс
6 кластың қазақстан тарихында бар ол аз десен www.45minut.kz сайтын кір қай тақырып керек соңы жазсан шығады
менде 6-шы сыныптың кітабы жоқ және жауапты басқа сайтқа өтпей осы жерден білгім келеді!
+1 дауыс
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ, Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген.
Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.
Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ. Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар.
Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағаз жүзінде ғана жүрді. Так мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды.
Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люань ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды.
Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс және Батыс бөліктерін басқаратын кіші хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскер-басылары, мал-жанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді.
Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды.
Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді.
Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Кешпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғұндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді.
Ғұндардың әзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізш, мөр басу рәсімі қалыптасты.
Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.
0 дауыс
40 ыншы ғасырда
...