Қазақстан тарихы | 3k қаралды
3k қаралды
ұндар әлемдік тарихта алатын орны,мәлімет

2 жауап

Ғұндардың шығуы туралы мәлімет. Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну атауы тегі әртүрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ары-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «Ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы болуы керек. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.з.б. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сюнну және дунху тайпалары қалыптасты. Мұндағы сюнну тайпалары өз заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады және олардың кейінгі дамуында да айтарлықтай роль атқарды. Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғандай, оның ежелгі қытайлық транскрипциясы гректер иен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн- болғар қсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атаған. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқы «ғұн» тайпаларының ақсүйектеріне арналып айтылса, сюнну(хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандарын әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдеқайда мол қауымды білдіреді. Сюннулар б.з.б. III ғасырда едәуір күшейді. Ғұндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген қытайлар Ұлы Қытай қамалын салады және оны одан әрі нығайтады. Ғұндар Саяси тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды. Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді. Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды. Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді: 1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді. 2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді. Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды. Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген. Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды. Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын. Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді. Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Қорытынды. Монғол нәсілдес және түркі тілдес ғұндар Қазақстан аумағында тайпалардың антропологиялық тұрпатын да өзгертті. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше ғұндардың көпшілігі түріктердің арғы ата-бабалары. Ғұндардың қоғамдық құрылымында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері сақталды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды ақсақалдар басқарды. Мемлекетті шексіз билігі бар шаньюй биледі. Ғұндар арасында мал және жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен бірге жаңа кезеңге –таптық қоғам мен мемлекеттке өту кезеңін ала келді. Артына терең мұра мен айтулы оқиғалар қалдырған, өзіндік мәдениетті қалыптасқан ғұндар түркі тілдес тайпалар мен халықтардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.
Маган осы сурактын накты кыскартылып аитылганы керек
118,437 сұрақ
305,385 жауап
153,303 пікір
67,818 қолданушы