Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану – бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал – бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.
Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.
Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.
Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналды-рылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.
Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Таза табыс кәсіпорынның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді /5, 44-47б./.
Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестиция-ланған) капиталды ұсынады.
Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.
Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б).
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.
Кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары кәсіпорынның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады /7, 31-36б./.
Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.
Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1 кестеде берілген.
Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.