Қайынене мен келiн тату тәттi өмiр сүру үшiн не iстеу керек?

+4 дауыс
78.5k қаралым

Көп үйлерде ене мен келiн арасы жақсы болмай, соңы жастардың ажырасуымен аяқталып жатады. Құрбым : - Енеден Құдай сақтасын, тұрмысқа шықсам бөлек тұрамын деп қояды. Тек құрбым ғана емес көп қыздар болашақта енесiмен тұрғысы келмейдi байқағаным. Ал әжем қазiргi жастар қиындыққа шыдай алмайды дейдi. Жалпы сұрақ: Жастар бөлек тұрса бақытты бола ма, әлде ата енесiмен бiрге тұрса бақытты бола ма?

Жiгiттерге сұрақ: Егер анаңыз бен жан жарыңыз келiспей қалса бiр нарсеге, кiмнiң жанына шығар едiңiз? Бiрi аяулы анаң, саған берген ақсүтiн, екiншiсi жан жарың басыңдағы баққұсың деп жырлаған бiр ақын. Өмiр деген кiл егес, мұның бәрi бiр елес. Жақсы әйел күйеуiн тығырыққа тiремес дейдi тағы. Ал мен ата енеммен бiрге тұрып жақсы келiн болғым келедi болашақта Құдай қаласа.

Сол ене мен келiн тату болу үшiн не iстеу керек?

Ене мен келiн

• Санаты: Қызық сұрақтар
Негізі келінмен ененің ортасына заң жүрмейді не болсада ененіке дұрысқой. Негізі енеңе жағу үшін дәл сол сияқты болу керек ол қандай амал жасаса сенде дәл солай жасау керексің бұл дегенім ене қулық жасаса сенде келінде қу болу керек. Келешекте ене келінді өзіне ұқсатқызып алады сол үшін келін болып түскен күннен бастап енемен тіл табыса білу керек. Келінін жақсы көретін енелер кемнен кем.Армиядағы солдаттар өзінен кейін келгендерге зорлық қылып күш көрсеткен сияқты енелерде дәл солай жасайды.
Не деген сұрқия келіндер өмірге келе жатыр,бұндай есепті келіннен есігіңде есек болғаны тәуір, әйтеуір күшімен болса да сол әулетке пайдасы тиеді.
Қыз бала жат жұрттық дейді.Қыз бала тұрмыс құрып,бөтен босағаны аттағанда " барған жерінде бағы ашылсын","барған жеріне тастай батып, судай сіңсін" деген сияқты тілектер айтылып жатады.Осының бәрі жайдан жай айтылмайды. Кейбір отбасында қалыптасқан әдет бөтен отбасынан келген жас келінге ерсі болып көрінуі мүмкін.Жас келіннің де кейбір қылықтары,сөздері жүріс тұрысы түсіп отырған үйінің көңілінен шықпауы мүмкін. Бөтен үйде өскен, бөтен үйдің тәрбиесін көрген жас келінге, күйеуінің үйіне келіп,сол үйдегі адамдардың қалыптасқан әдеттеріне, мінез құлқына, үйреніп, бірден сіңісіп кету оңай шаруа емес.  Осыны түсінетін ене болады, және түсінгісі келмейтін ене болады.Кейде ене түсінгенмен , тек қана менікі дұрыс дейтін қырсық келіндер де болады және тура осы жағдайды "келін емес келсап түсіріппіз" деп жатады."Келінің жақсы болсын десең, бірінші өзің келініңе келін бол" деген сөз де бар. Бұл сөз ,бар үйдің тұрмыс шаруасын жаңа түскен келініңе ысырмай , келінің үйренісем дегенше өзің тындыр деген мағынада. Кейін үйрене келе, ақылды келін бәріне өзі иелік етіп, "апа шаруаны өзім бітіре аламын , оданда сіз демалыңыз" дейтін болады. Ене келінді тәрбиелеуі керек деп жатамыз. Жалпы жас келінді көп нәрсеге үйретуге болады.Мысалы: дәмді тамақ жасау, қонақ күту, ұқыптылық,тазалық т.с.с.бірақ, тәрбиені яғни  имандылық,әдептілік, инабаттылық,ізгілік сияқты асыл қасиеттер қыз балаға туған анасы арқылы сіңеді. Осы жағынан алсақ, заманымызда  жақсы қыз, болашақ келін тәрбиелейтін аналар азайып кеткен сияқты.Жалпы келін мен ененің арасындағы карым қатынас сол үйдегі еразаматқа яғни келіннің күйеуіне де  тікелей байланысты. Анасын қадірлеп, силайтын ақылды ұл келіншегіне де анасын силатқыза алады.
Әжеңе анекдоттар оқып беру керек))))))))
Алла бұйыртса қыздар біз де ене боламыз! Ененің барлығына жамандауға болмайды. Өйткені бізде де енеміз  сияқты ақ жаулықты анамыз бар. Жақсы болсын, жаман болсын анаңды сыйлағандай сыйлау керек.
Құрметті  аналар, қыз-келіншектер!

Бүгінгі қозғап отырған тақырыптарыңыз өте қызықты және маңызды тақырып екен. Мен осы отбасыға келін болып түскеніме 11 жыл болды. 10 жаста ұлым, 6 жаста қызым бар. Жолдасым үйінің кенжесі. Екеуміз бір-бірімізді ұнатып 2 жыл жүріп, екі жақтың батасын алып  үйлендік. Келін болып түскеннен 1 жылдай осы үйдің әдет-тәртібіне үйренгенше қиналыңқырап жүрдім. Бірақ енем (мама деп атаймын) маған  ешқашан дауыс көтеріп көрмепті, бізде бұлай жасаушы едік деп бірақ рет айтады. Одан кейін өзіңде тура солай жасауға тырысасың.

Ата-әже тәрбиесінде болғандықтан ба мен әрқашанда күйеуге шықсам ата-енемен тұрамын деп айтатынмын. Адам айтқаны келеді деп үйдің кенжесіне тұрмысқа шықтым. Екеміз қыз-жігіт болып жүргенде мен қара шаңырақ иесімін деп айтып қоятын жігітім. Психологиялық дайындығым болғандықтан мен ешқашан ата-енемен тұру қиындық туғызады деп ойламадым.

Отбасымның сақталып қалуына ата-енемнің көп үлесі болды. Жігіт адам жас болған соң достары болады(үнемі қосақталып жүрмейсің ғой, адамның өз ортасы болады қыздардың сырлас құрбылары секілді), коллективпен бірге жиналатын кездері болады сол кездері енем үнемі мені сенің атаң ешқашан  арам іске барып қыдырып көрген емес баласы да ондай іске бармайды деп қолдап отырады.        

Ол кеш келіп ренжісіп жатсақ,  атам үнемі мені жақтап өз баласына ұрсып қоятын.

Жас кезінде адам қызмет істеуі керек, баланы қарауға біздің шамамыз жетеді, дипломыңа обал болады, күйеуіңмен қатар жүр деп жұмысқа шығарды.

Балаларымды туа салсымен бауырларына басып, жассыңдар қонаққа қалмай бірге барыңдар, бірге жүріңдер деп отырады. Ондай жақсылық жасап отырған адамдарға қалай жауап қайтармайсың. Жалақымды ала салып ата-енеме бірдеңемді алып жүгіремін. Сол жақсылығына қарай кешке, демалыс күндері барлық шаруаны тындыруға тырысамын.  Өзің жұмыс істеп ортаң пайда болғанда көп нәрсені түсіне бастайды екенсің.

Енді он жылды артқа тастағанда артыма қарасам егер сол кезде үлкендердің басуы болмаса шаңырағымызды сақтап қалу қалмауымыз екі талай еді. Талай отбасы осындай болмашы зат үшін айырылысып кетіп жатыр.

Биыл көктемде шаңырағымыздың тірегі атамнан айырылып қалдық. 2 ай ішіде рак ауыруы ортамыздан ең үлкен тірегіміз, асқар тауымыз, ақылшы жол көрсетуші    әкемізді алып кетті.

Осы уақытқа дейін байқамаппын мен ол кісіге қатты бауыр басып қалған екенмін. Өзі айтып отырушы еді марқұм баламнан келінім жақын деп.

Кім біледі басыма қонған бақ шығар осындай жақсы отбасыға келін болып түсіп, қыздарынан артық жақсы көріп әлпештегендері. Ата-анасының көңілінен шығып отырғанна соң күйеуім де сыйлап отырады.

Көп сөйлеп кеттім бе білмеймін, айтарым қыздар жақсы ойлайық адамды жаман жаман дей берсең жақсы адамның өзі сенің көз алдыңда жаман адам сияқты болады. Әр нәрсенің  жақсы жағын көруге тырысайық.

Негізі біз адам баласы қиындықты өз ойымыздан туғызамыз. Ата-енең ол бөтен адам емес, сенің сүйіп отырған жарыңның ата-анасы олар болмаса сенің  жарың қайдан пайда болар еді. Күйеуің жақсы болғанда оның әке-шешесі жаман болғаныма. Ертең болашақ келініңнің ойы тура сондай болмасына кім кепіл. Уақыт деген су сияқты, қазір жаспыз өміріміздің жазы өтіп жатыр, бірақ міндетті түрде күз және қыс бар емес пе.  

Әрине мен тек қана келіндерге күйе жағудан аулақпын. Кейбір енелерде бар баласының жанынан келінді көрсе жау көргендей болатын.  Бірақ қандай жағдай болмасын адамгершіліктен кетпейік. Бір жерден оқығаным бар еді балаға жақсы тәрбие бергің келсе бірінші өз іс-қимыл әрекетіңді қадағала деп. Қазіргі жасаған әрбір іс-қимылымызды балаларымыз ертең өзімізге қайталап береді.

Жігіттер Сіздерге айтпағым жар таңдау барысында көңіл қосып жүргеннен бастап болашақ жарыңызға қара шаңырақ иесі екеніңізді жасырмай айтыңыз. Қыз бала ерте жарықтан өзін психологиялық тұрғыдан өзін-өзі дайындасын.

28 жауап

0 дауыс
Мен енеммен тұрғалы 5 ақ ай болды. Осы күнге дейін оның қылықтары маған әсер еткізбейтін. Кеше маған бірінші рет даусын көтерді. Өте жайсыз жағдай екен. Оның себебі де күйеуімді күлімсіреп шығарып салмағаным үшін. Онсыз менің асүйде істеген әр ісімді сынаушы еді, енді күйеуім арасындағы іс-әрекетімді де сынайтын болды. Бұндай үйленгендеріңді қайтемін деп жар салды. Өзі 35 жыл бойы мәпелеп әлпештеп еркелетіп өсірген ұлына неге мендей қарамайсын деп ұрысты. Сен оның оңсыз қылықтарына қармастан оған әрдайым күліп риза болуың керек дейді. Өзім аяғым ауыр екенін білгеніме аз-ақ күн болды. Соны да қазірден бастап сен екі қабат болсаң да бәрін істеу керексің, автобуспен жүру керексің, жұмыс істеу керексің деп қақсай бастады. Екеуің арасында сен ақылды болу керексің оны әрқашан қолдап оған қамқоршы болу керексің деп ақылын күніне кем дегенде он рет айтады. Өзі күйеуімен (менің күйеуімнің әкесі емес) күнде ұрысқанын өзіне дұрыс көреді, менің бірінші рет күйеуіме бұлданғанымды бұрыс көріп сөз тигізді. Жас қыздарға айтатыным ененің аты ене. Басқа үй сізге өз үйіңіздей болмайды. Тұрмыс құрардың алдында барлық жайлы жайсыз жағдайларға дайын болыңыз. Өз ата-аналарыңызды бағалаңыз.
0 дауыс
Кайылы кун курбы курдастар. Бул маселе атам заманнан келе жаткан маселе деп ойлайм.  Бул ара катынаста ене оз орнын оз курметин билу керек, ал келин оз орнын оз курметин билу керек. Бирак казирги танда енелер жастар бузылган деп ангимени коя беред. Сол жастар кимнен улги алып жур? Осы улкендерден емес пе. Кандай жагдайда да келин кинали дейди? Неге? Келин келин болып тускеннен бастап ол жана бир китап немесе даптер сиякты, калай жазып сызсан солай болад. Келинди кисинин баласы деп кеудесинен итере берсен ол да  бир куни жауап кайтарады. Солай емес пе?! Сондыктан жылы жылы сойлесен жылан уясынан шыгады дейди. Нендей жагдай болса да барын байыппен, сабырлыкпен тусиндирип корсету керек. Ойткени келин ененин бетпердеси сол аулиеттин бетпердеси деп билем. Нагыз баласынын бакытын ойлайтын ана келинди де баланы да немерени де акылмен тарбиелейди.
0 дауыс
Мен ата енеммен 10 жылдан бери бирге турамын. Арамызда келиспеушиликте болып турады. Бирак болек туру ойыма кирмейди. Улкендермен бирге турган озиме унайды.
0 дауыс
Келін болып көрмегендер, мен былай істеймін,мен сөйтемін деп ауызбен айту оңай!! Мен де тұрмысқа шықпас бұрын солай ойлайтын едім.Тұрмысқа шыққаныма екі жарым жыл болды.Әлі ырду дырду бітпейді.Басында үндемейсің,айтпайтын сөздерді айтады, намысқа тиіп, әке шешеңді апаратын жерге дейін айтып, не істесең соған тиісіп, оқуыма, намазыма, мамандығыма.Істесең де жақпай, істемесең де жақпай.Естімеген сөздерді естіп келе жатырмын, тілінің өткірлігі сонша, мән бермейін десеңде, сүйектен өтеді, келген қонағымды жақтырмайтыны білдіреді, ешкіммен араластырғысы келмейді, төркініммен, құрбыларыммен.5 мин дүкенге сұранып кетемін.Маған не керек не керек емес екенін шешеді.Өз баламды өзімнен суытқысы келеді.Айта берсең әңгіме жетеді.Кейінгі кезде ұлымды алып кетіп қалсам ба деген ой жиі келіп жүр.Алдыңғы келінін ұрыпты дегенді естігенмін. Кейде мені де ұрғысы келіп кетеді, өзін өзі әрең ұстап.Өздеріне шаң жуытпайды, ал келінге айтатын талаптары том кітап.Қазір жұмысқа шықтым, жұмыстан кейін ол кісіні көретінімді ойласам, үйге барғым да келмейді, тек балам үшін!!
0 дауыс
Ал, егер енениз куйеуиниздин акшасын устап, сиздин карточканызды сураса, не истер единиз?
0 дауыс
Ал,егер, енениз куйеуизбен коса сиздин де карточканызды устайм десе, не истер единиз?
0 дауыс
Баринин пікіріне косыламын. Арбир адамның өз кемшілігі бар. Бөлек тұрған жақсы.Әркім өз жағдайын ойлайды. Сені ешкім ойламайды. Күйеуін кімге жақтасарын білмейді.Әркім өз қотырын өзі қасысын.
0 дауыс
Енеде "МИ" болса мисыз"кел+ін" ешқайда кетпейді!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Бітпес әңгіме ғой бұл.үйреншікті өз топырағыңнан озге топыраққа барып тамыр жаю қиын.сондықтан түскен топырағын жерсіндіріп баптай білуі керек.күтім жасамаса қараусыз қалдырса ол өз бетімен кетеді ғой. Ақылды жұмыс жүргізсе солқылдақ тал мама ағашқа айналарына сеніммен айта аламын.бір нәрсе бар-адам жетелі болса болғаны.
0 дауыс
Келын мен ененын арасындагы жагдай дурыс болу ушын жаксы бала жане жаксы жар бола былетын ер болу керек
0 дауыс
Менин уйленгениме ертен 3жыл болады...казыр 3баламыз бар екиншилери егиз...ене деген биреуге жаксы биреуге жаман...ал мен екеуинде атап айта алмаймын...адам бойында жаман да жаксы касиет болады гой...жаксы десем ол периште болар еди,жаман десек ол демон болар еди гой.сол себепти жаксы да жаман касиет минездер тек аламга тан....
0 дауыс
ене деген надоело
0 дауыс
Айналайындар ененің көңілін табу оңай емес.Менің енем баласын қызғанады менен жолама дейді онда не үшін үйлендірді құшағына өзі кіріп алмадыма ертең қартаядығой менде баламды ұстатпайм қызғанам енеме
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы