+4 дауыс
78.3k көрілді

Көп үйлерде ене мен келiн арасы жақсы болмай, соңы жастардың ажырасуымен аяқталып жатады. Құрбым : - Енеден Құдай сақтасын, тұрмысқа шықсам бөлек тұрамын деп қояды. Тек құрбым ғана емес көп қыздар болашақта енесiмен тұрғысы келмейдi байқағаным. Ал әжем қазiргi жастар қиындыққа шыдай алмайды дейдi. Жалпы сұрақ: Жастар бөлек тұрса бақытты бола ма, әлде ата енесiмен бiрге тұрса бақытты бола ма?

Жiгiттерге сұрақ: Егер анаңыз бен жан жарыңыз келiспей қалса бiр нарсеге, кiмнiң жанына шығар едiңiз? Бiрi аяулы анаң, саған берген ақсүтiн, екiншiсi жан жарың басыңдағы баққұсың деп жырлаған бiр ақын. Өмiр деген кiл егес, мұның бәрi бiр елес. Жақсы әйел күйеуiн тығырыққа тiремес дейдi тағы. Ал мен ата енеммен бiрге тұрып жақсы келiн болғым келедi болашақта Құдай қаласа.

Сол ене мен келiн тату болу үшiн не iстеу керек?

Ене мен келiн

Негізі келінмен ененің ортасына заң жүрмейді не болсада ененіке дұрысқой. Негізі енеңе жағу үшін дәл сол сияқты болу керек ол қандай амал жасаса сенде дәл солай жасау керексің бұл дегенім ене қулық жасаса сенде келінде қу болу керек. Келешекте ене келінді өзіне ұқсатқызып алады сол үшін келін болып түскен күннен бастап енемен тіл табыса білу керек. Келінін жақсы көретін енелер кемнен кем.Армиядағы солдаттар өзінен кейін келгендерге зорлық қылып күш көрсеткен сияқты енелерде дәл солай жасайды.
Не деген сұрқия келіндер өмірге келе жатыр,бұндай есепті келіннен есігіңде есек болғаны тәуір, әйтеуір күшімен болса да сол әулетке пайдасы тиеді.
Қыз бала жат жұрттық дейді.Қыз бала тұрмыс құрып,бөтен босағаны аттағанда " барған жерінде бағы ашылсын","барған жеріне тастай батып, судай сіңсін" деген сияқты тілектер айтылып жатады.Осының бәрі жайдан жай айтылмайды. Кейбір отбасында қалыптасқан әдет бөтен отбасынан келген жас келінге ерсі болып көрінуі мүмкін.Жас келіннің де кейбір қылықтары,сөздері жүріс тұрысы түсіп отырған үйінің көңілінен шықпауы мүмкін. Бөтен үйде өскен, бөтен үйдің тәрбиесін көрген жас келінге, күйеуінің үйіне келіп,сол үйдегі адамдардың қалыптасқан әдеттеріне, мінез құлқына, үйреніп, бірден сіңісіп кету оңай шаруа емес.  Осыны түсінетін ене болады, және түсінгісі келмейтін ене болады.Кейде ене түсінгенмен , тек қана менікі дұрыс дейтін қырсық келіндер де болады және тура осы жағдайды "келін емес келсап түсіріппіз" деп жатады."Келінің жақсы болсын десең, бірінші өзің келініңе келін бол" деген сөз де бар. Бұл сөз ,бар үйдің тұрмыс шаруасын жаңа түскен келініңе ысырмай , келінің үйренісем дегенше өзің тындыр деген мағынада. Кейін үйрене келе, ақылды келін бәріне өзі иелік етіп, "апа шаруаны өзім бітіре аламын , оданда сіз демалыңыз" дейтін болады. Ене келінді тәрбиелеуі керек деп жатамыз. Жалпы жас келінді көп нәрсеге үйретуге болады.Мысалы: дәмді тамақ жасау, қонақ күту, ұқыптылық,тазалық т.с.с.бірақ, тәрбиені яғни  имандылық,әдептілік, инабаттылық,ізгілік сияқты асыл қасиеттер қыз балаға туған анасы арқылы сіңеді. Осы жағынан алсақ, заманымызда  жақсы қыз, болашақ келін тәрбиелейтін аналар азайып кеткен сияқты.Жалпы келін мен ененің арасындағы карым қатынас сол үйдегі еразаматқа яғни келіннің күйеуіне де  тікелей байланысты. Анасын қадірлеп, силайтын ақылды ұл келіншегіне де анасын силатқыза алады.
Әжеңе анекдоттар оқып беру керек))))))))
Алла бұйыртса қыздар біз де ене боламыз! Ененің барлығына жамандауға болмайды. Өйткені бізде де енеміз  сияқты ақ жаулықты анамыз бар. Жақсы болсын, жаман болсын анаңды сыйлағандай сыйлау керек.
Құрметті  аналар, қыз-келіншектер!

Бүгінгі қозғап отырған тақырыптарыңыз өте қызықты және маңызды тақырып екен. Мен осы отбасыға келін болып түскеніме 11 жыл болды. 10 жаста ұлым, 6 жаста қызым бар. Жолдасым үйінің кенжесі. Екеуміз бір-бірімізді ұнатып 2 жыл жүріп, екі жақтың батасын алып  үйлендік. Келін болып түскеннен 1 жылдай осы үйдің әдет-тәртібіне үйренгенше қиналыңқырап жүрдім. Бірақ енем (мама деп атаймын) маған  ешқашан дауыс көтеріп көрмепті, бізде бұлай жасаушы едік деп бірақ рет айтады. Одан кейін өзіңде тура солай жасауға тырысасың.

Ата-әже тәрбиесінде болғандықтан ба мен әрқашанда күйеуге шықсам ата-енемен тұрамын деп айтатынмын. Адам айтқаны келеді деп үйдің кенжесіне тұрмысқа шықтым. Екеміз қыз-жігіт болып жүргенде мен қара шаңырақ иесімін деп айтып қоятын жігітім. Психологиялық дайындығым болғандықтан мен ешқашан ата-енемен тұру қиындық туғызады деп ойламадым.

Отбасымның сақталып қалуына ата-енемнің көп үлесі болды. Жігіт адам жас болған соң достары болады(үнемі қосақталып жүрмейсің ғой, адамның өз ортасы болады қыздардың сырлас құрбылары секілді), коллективпен бірге жиналатын кездері болады сол кездері енем үнемі мені сенің атаң ешқашан  арам іске барып қыдырып көрген емес баласы да ондай іске бармайды деп қолдап отырады.        

Ол кеш келіп ренжісіп жатсақ,  атам үнемі мені жақтап өз баласына ұрсып қоятын.

Жас кезінде адам қызмет істеуі керек, баланы қарауға біздің шамамыз жетеді, дипломыңа обал болады, күйеуіңмен қатар жүр деп жұмысқа шығарды.

Балаларымды туа салсымен бауырларына басып, жассыңдар қонаққа қалмай бірге барыңдар, бірге жүріңдер деп отырады. Ондай жақсылық жасап отырған адамдарға қалай жауап қайтармайсың. Жалақымды ала салып ата-енеме бірдеңемді алып жүгіремін. Сол жақсылығына қарай кешке, демалыс күндері барлық шаруаны тындыруға тырысамын.  Өзің жұмыс істеп ортаң пайда болғанда көп нәрсені түсіне бастайды екенсің.

Енді он жылды артқа тастағанда артыма қарасам егер сол кезде үлкендердің басуы болмаса шаңырағымызды сақтап қалу қалмауымыз екі талай еді. Талай отбасы осындай болмашы зат үшін айырылысып кетіп жатыр.

Биыл көктемде шаңырағымыздың тірегі атамнан айырылып қалдық. 2 ай ішіде рак ауыруы ортамыздан ең үлкен тірегіміз, асқар тауымыз, ақылшы жол көрсетуші    әкемізді алып кетті.

Осы уақытқа дейін байқамаппын мен ол кісіге қатты бауыр басып қалған екенмін. Өзі айтып отырушы еді марқұм баламнан келінім жақын деп.

Кім біледі басыма қонған бақ шығар осындай жақсы отбасыға келін болып түсіп, қыздарынан артық жақсы көріп әлпештегендері. Ата-анасының көңілінен шығып отырғанна соң күйеуім де сыйлап отырады.

Көп сөйлеп кеттім бе білмеймін, айтарым қыздар жақсы ойлайық адамды жаман жаман дей берсең жақсы адамның өзі сенің көз алдыңда жаман адам сияқты болады. Әр нәрсенің  жақсы жағын көруге тырысайық.

Негізі біз адам баласы қиындықты өз ойымыздан туғызамыз. Ата-енең ол бөтен адам емес, сенің сүйіп отырған жарыңның ата-анасы олар болмаса сенің  жарың қайдан пайда болар еді. Күйеуің жақсы болғанда оның әке-шешесі жаман болғаныма. Ертең болашақ келініңнің ойы тура сондай болмасына кім кепіл. Уақыт деген су сияқты, қазір жаспыз өміріміздің жазы өтіп жатыр, бірақ міндетті түрде күз және қыс бар емес пе.  

Әрине мен тек қана келіндерге күйе жағудан аулақпын. Кейбір енелерде бар баласының жанынан келінді көрсе жау көргендей болатын.  Бірақ қандай жағдай болмасын адамгершіліктен кетпейік. Бір жерден оқығаным бар еді балаға жақсы тәрбие бергің келсе бірінші өз іс-қимыл әрекетіңді қадағала деп. Қазіргі жасаған әрбір іс-қимылымызды балаларымыз ертең өзімізге қайталап береді.

Жігіттер Сіздерге айтпағым жар таңдау барысында көңіл қосып жүргеннен бастап болашақ жарыңызға қара шаңырақ иесі екеніңізді жасырмай айтыңыз. Қыз бала ерте жарықтан өзін психологиялық тұрғыдан өзін-өзі дайындасын.

28 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
"Келінің жақсы-жаман болары барған жеріне байланысты" деп жатады, ол рас. Көбіне ене мен келін сыйыспай жатса оған келін кінәлі болып жатады, неге десеңіз кеше келген жас келінге үлкен жауапкершілікті мойынына қамыт етіп іліп қояды. Ол да біреудің мәпелеп өсірген балапаны емес пе, әлі қанаты да қатпаған болар. Кеше ғана босаға аттаған соң оған тәрбие беру, білмегенін үйрету ененің міндеті. Енесі үйретіп, тіпті қатты айтып жатқанда да оның сөзін бөлмей, үйренуге ұмтылу жас келіннің міндеті. Ене күйеуінің анасы болғандықтан сыйлау керек. Ал ене де келініне өз қызындай қараса құба-құп. «Енең саған қаталдау қарап қалса, ширатып бір алайын деген шығар» )))

Ал жігіттерге келер болсам әйелдердің арасына түспеуін мақұл көрем, өздеріне қалдырғаны жөн. Бәрібір еркек атаулыға нәзік жандылардың жанын ұғу мүмкін емес. "Аш құлақтан тиыш құлақ" деп жүре бергені абзалырақ)) Болмаса бір жерде жазған жауабымдай анасы мен жары екі қолы болса, біреуін шауып тастауға тура келіп жүрер.

Бөлек шығу жақсы ғой, тек ененін тәрбиесін көріп барып, шыққан дұрыс. Яғни, кем дегенде ене қолында 3-5 жыл тәлім алу қажет деп есептеймін. Кеше келін болып түсіп, сол әулеттің, сол елдің сырын, жырын білмей жатып қалай бөлек шығасың? Сол отбасыға сіңу керек, сол әулеттің-елдің заңына бағыну керек. Тие сап, екі аптадан соң бөлек кетсе жат-бауыр боп кетпей ме?
Ия дурыс айтасыз, жат- бауыр боп кетедi. Жаксы ене болса бiлмегенiн уйретiп, оз кызындай карау керек сiз айткандай.
мен былаи жасар едим енемнин бар созине макул деп коне беретин едим сосын издеитин бале таппаи ози ак кояды
Менде солай көне беретін ем, енемен салғыласып, ерегесіп пайда таппаймыз!
Көркемтай, ертерек туғаныма өкінемін...
Коркем мен Көркем бір адам ба? Егер бір адам болса,қызық екен өзі сұрақ қойып,өзі жауап беріп және ЖЖ таңдап....
Жоқ бұл жерде Екеуі екі адам, сондықтан бәрі дұрыс болар деп ойлаймын.
Жоқ, мен мұнда бұрынан бармын. Ал Коркем кейін келді)
+3 дауыс
Мен негізі түнде жалғыз қалғанда енеммен тұрғым кеп кетеді ал күндіз қорқыныш жоқ бөлек тұрғым келеді әлі шешкен жоқпын мен шешпейтінде шығармын күйеуім қалай десе солай болады ғой))) ене мен келін тату болу үшін келіндер жалқау болуды қою керек ал енелер прокуратура болуын қою керек а то қайда барасың? Қашан келесің деген сұрақ егде жастағы әйелге қойған біртүрлі ғой олар не істейтінін өзі біледі ғой сондай сұрақтарын жас келінге қойса мейлі екен)))
Бетсіздеу келін екенсіз...............................................................
Жоға тұрмысқа шыққаным жоқ, маған әлі ерте, сабақ оқуым керек!
Jako мен әлі келін болғаным жоқ, сіздің жаңағы сұрақтарға қайта-қайта жауап бере бергенге нервіңіз ұстамай ма? Бірақ сіз жігітсіз, түздің адамысыз ондай сұрақты көп ести бермейтін шығарсыз, ал біз магазинге шығып бара жатсақта қайда барасың? Деп күдікпен қарайды, далаға шығып 5 минға кетсекте ізде ана қызды қайда кетті, сонша жоғала ма дейді, бір оқиға айтып берейін менің бір құрбым әжетханаға барған іші ауырған ғой енді мамасы 5 минға шыдамай даладан көршілерден іздеп жүрген бұдан кейін адамның психикасыда бұзылады ғой. Нервке тиеді, жынданбайың десеңде біртүрлі боп қаласың.
Ну Необыкновенная..........
Необыкновенная ол обыкновенная Айош))
))) айтпасай Э....
ене неге қатты сөздер айтуы тиіс не істесеңде жақпайсың
+2 дауыс
Мені де ойландыратын сұрақ екен, өйткені мамамның қолында қалатын мен, менің келіншегім анамның келіні) Құдай қаласа анама супер келін тауып беремін)) Маған үйленгенді өзіме де жақсы көретін, анама да ұнайтын келін кереккккккккк.... Ондай қыз әлі кездеспеді, бірақ мен де әлі жап-жаспын ғой. Анамның мінезі жайлы болғанына шүкір, ешқандай түсініспеушілік болмайды деп сенемін))
Менің ойымша келін деген сол түскен отбасымен жақсы араласып кетуі керек, күлімдеп жүріп өз тірлігін жасап "әзілін жарасса ененмен ойна" дегендей)) Кейбір жеңгелеріміз осы ағаларымызды алдап тұрып жұмсайды ғой, біз ер адамдар аңқаумыз, тілін таба білсе барлық жағдай жасайды қандай еркек болса да, Жақсы әйел жаман еркекті зор етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор етеді" деп бекер айтпаған, мамандық таңдаудан екінші жарын таңдаудан қателеспеу керек дейде, біріншісінен, шүкір, қателеспегендеймін, Аллам екіншісінен де қателестіре көрмесін!
П.С: келіндер енесін өз анасындай көрсе, енелер де келіндерін өз қыздарынан кем көрмейді.
+1 дауыс
Менин куйеуиммен отау курганыма 9айдын жузи болды. Енем болек баска калада турады.бирак жиi келип турады. 2кун уйде болганда, создин шыны керек миымды агызып жибереди...ар нарсеге сойлеп, мынаны уйтпе мунаны буйт деп, келиссин келиспесин акылеын айта береди айта береди. Бир айтканын келген сайын айтады. Бурынгы кезин кандай киыншылык коргенин журекти ауыртатын әңгімелерин келген сайын кайта кайта айтады.маган катысы болсын болмасын бир адамдардын омири жайлы да айтады. Кайтканша сыгылган лимондай болып,морально, физикалык тургыданда шаршап азер шыдаймын. Не созин боле алмайсын. Бир нарсени бастап екинши нарсени айтып кетеди. Ал сиздер болса мунда кобине келинге байланысты дейсиздер. Егер енем сондай адам болса менин колымнан не келеди.??? Кашанга шыдамым жетеди билмейм....куйеуимнен байкайтытым ол бир де биреуин байкамайды......окинишке орай жолдсы кайтыс болып кеткен, содан сол киси бар кездегі омирин осы 9айда он шакты рет кайталап айткаг шыгар. Кейін ерте ме кешпе бирге турамыз гой енеммен. Сол келер шакты ойласам денем түршігіп кетеди. Сабырлыгым таусылып кетеме деп коркам.....осындай маселени бастан кеширген келин болса акыл кенестеринизди бериниздершиии.
Менің де енем сондай, одан да асқан. Таңертен миді жеуден бастайды, жатарда да солай аяқтайды. Солай тұрып жатқаныма 8жыл болды. Кейде жыным келгені соншама, оның тупойлығынан басына қойып қалғым келіп тұрады. Қолдан келсе ондай енемен тұрмаған жақсы, паранойк болып қаласың.
+1 дауыс
Алыстан сыйласқанда дұрыс. Бөлек тұрсаңдар, өз проблемаларыңды өздерің шешуге дағдыланасыңдар. Енеге деген ілтипатты, сыйласымдылықты, материалдық көмекті алыстан жүріп көрсете берсе де болады. Енеңде кезінде бір әулетке  келін болды ғой!
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме сайт оқырмандары. Мен тұрмыс құрғаныма қазір 1 жыл 5 айдың жүзі  болды. Өзім Қызылорданың қызымын, Ақтау қаласының жігітіне тұрмысқа шықтым.  Салт басқа, тіл басқа. Барған жерімнің салтын сыйлап, енем төркіндеріме баруға рұқсат бермеген соң, ұзатылып кеткелі әлі ата-анаммен, ағайындарыммен қауышқан жоқпын. Бірақ, ол салтты енемнің өзі ойлап тапқан, мені жібермеу үшін, себебі құдалық, екі жақтың араласуы болып қойған. Күйеуім екі ағайынды: 1 ұл, 1 қыз. Жалғыз ұл, сол себепті мен ата-енеммен тұрамын. Жалпы, бәріңіздің жазған  ойларыңызды оқып шықтым. Қазақта айтуға оңай деген бар, басыңа түспесе, көп нәрсені ұғына қоймайсың. Мен де тұрмыс құрғанға дейін, супер келіншек боламын деп ойлаушы едім, бірақ бәрі бір келінге байланысты емес. Екі әйелдің басы бір қазанға сыймайды, ол рас екеніне өзімнің көзім жетті. Бәріне топырақ шашқым келмейді. Менің енем, өзінің ұлын менен қызғанатынын, келін болып табалдырық аттаған уақыттан өзінің қылықтарымен байқатты. Өзім сүйіп қосқан күйеуім екеуміздің арамыз 9 жас, күйеуімнің жасы  қазір 32-ден асты  Қайын сіңілім менен 4 жас үлкен.  Күйеуім де, қайын сіңілім де орысша оқыған, орыс мінезді жандар, соған қарамастан жартылай қазақи қырлары бар. Осы уақытқа дейін түйгенім, үйдегі ең шеткері адам мен, үйде кез келген оқыс жағдай болса, енем менен сұрайды, кінәлі де мен боламын. Жалпы ағайындарға барғанда енемнен сұраймын, не киейін, не кылайын деп (соған қарамастан, оны да сөзімен кері шығарды менің төркіндеріме). Енем өсекке жақындау, бүкіл көрші, ағайынның болып жатқан жағдайларын талдаумен, бір әңгімелесе қояйын десең, айтатын әңгімесі сол (маған ол әңгіме мүлде қызық емес). Тағы енемнің бір қыры, үйдегіні сытрқа тасиды. Үйде болып жатқан жағдайды жарияға жар салады. Үйде бәріміз де жұмыс жасаймыз, бірақ үйдің шаруашылығы менің мойнымда, сұрауы менде. Басында күйеуімнен кілем қағуға көмек сұрағанымда: "Ер адамды жұмсама, өзің қақ."-деген болатын енем. Нәзік жандылардың қатарында болғандықтан, ауыр кілемді қағу маған қазір де оңай емес, қақпасаң сөйлейді. Енем ырымшыл, бірақ өзі ұстанғысы келетін ырымдарды ұстанады.  Мәселен үйде қазанның түбін қырмаймыз, тимейміз, шайып қоямыз. Басында ыдыстарды жалтыратып қоятын болып, үйдегі тапалардың, қазан, шәйнектің түбіне жолап едім, енемнен сөз естідім. Енемнің ойынша, олай жасаса, үйде ұрыс-керіс болады))) Кейде бәріне қолымды сілтеп, кетіп қалғым келеді. Себебі, енемнің тілі ащы. Мен де әлпештеп өсірген, бір үйдің қызымын. Он екіде бір гүлім ашылмай, пәк болып, табалдырықтарын аттадым. Осы уақытқа дейін, енем өзінің маған талай сынын жасады, әлі жасауда. Өзі де оны мойындайды. Қайын сіңілім бейқам жан, жұмыстан келеді, қайта боянып-сыланып, кетеді қыдырып, түнделетіп келеді, яки кейде үйде болса, телефонын ұстап ия теледидар қарап жатады.  Маған көмектес деп сұрамасаң, ондай ой бола қоймайды, керісінше жатып алып жұмсайды. Тұрмыс құрғанға дейін, күйеуім қоқысты да өзі төгетінін, тамақ алуға да өзі баратынын, кілемдерді өзі шығаратынын айтатын. Мен тамақ алуға баратыныма таң қалатын, әйел адамзат ауыр көтермеу қажет деп айтатын. Отбасы болғанымыздың алғашқы айында күйеуім қоқыс шығаруға шыққан болатын, содан кейін енем, күйеуім  екеуміздіе сөзге салды, көрші көлемнен ұят болады-мыс деп. Не жағдай болса да, енем "көрші-көлем айтады" деп бастайды. Жақында күйеуіме өтініш жасадым, оған себеп: енем не жағдай болса, мені күйеуіме жамандайды. Күйеуіме айтқан өтінішім, енем тағы солай жасаса, екеуміздің ортамызда қалмай, енемнен тікелей маған айтуын сұрадым, онсыз да айтылып жатыр. Төзімім қаншаға шыдайтынын білмеймін......енемнің тырнақтың астынан кір іздейтін мінезіне қаншалықты төзетінімді де білмеймін. Осы уақытқа дейін, енеме жағу үшін талай іс жасадым, бірақ көбін теріс айналдырып шығарды.....Жаллы түйгенім қандай ағайын болса да, алыстан араласқан жақсы.......
ене мен келін арасының жақсы болуы екеуіне де байланысты.
0 дауыс
ИЯЯЯ.. келин мен ененин тату болуы куйеуине де жаксы.Мен келин болып тускениме 11ай болды енем Аллага шукир жаксы .Осы уакытка дейн урыскан емес,сойлеген кези болды бирак оз кинамнан.Бизге оз уйимизде журген бари бир еди барин мамам истейтин.Бирак менде барин жасай алам Аллага шукир.Азанда турган сон шай ишемиз оны жинап болып майда жумыстарды битирип обедте жатамыз енем озимен ози мен озимен озим сотка карап.кешкисин дала сыпырп тамак истеп куйеуге жагу деген енеден откен.Сол кунделикти жумыс.Енем ешкашан сен былай истемедин,деп соккен емес.али котермедин деп айткан емес али жассын деп кояды болды.Барин ози уйретти алгашкыда .сосын басында калай исте деди солай истеп уйрендим.Аллага шукир жаксымыз.тфьу тфу коз тимесин.
0 дауыс
енеден кудай сактасын, билмим оз басым болек тургым келеди
+1 дауыс
Күйеуін анасының баласы болса,көбінесе ене араға түсе бастайды.Сол үшін жаңа өмірге қадам баспас бұрын,ол отбасы туралы,қандай адамдар екенің еш бүкпесіз біліп алуың керек.Ақыл айтуға ерте бірақ енең ұрысып тұрса оның аузына қақпақ болып қажеті жоқ.Үлкен кісілердің бәрі сондай емес па,мысалы қарапайым қамыр илегенде ол кісі сияқты істемесең ұрсады ғой,тура өзі істегендей болып шыққанша ұрсып тұрады.Бір жақ қана кінәлі емес,келіннен де бар жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.Өзім үлкен адамға сөз қайтарған жас балаларды ұнатпаймын,тіпті ол кісі қателесіп тұрсада,кешірім сұрап сыйласа қайтеді.Қазіргі заманғы адамдар өркөкіректеніп кеткен сияқты.
0 дауыс
Әрине ене болғаннан кейiн, суйiктiннiн анасы болғаннан кейiн сыйлауга мiндеттiмiз. Алайда барлық нәрсенің шегі болады, қазақта иiлгенге иiл ол әкеңнiн құлы емес, шалкайганга шалқай ол құдайдың ұлы емес деген сөз бар. Мен өз басым енеммен тату болсам деп армандаймын, барған күннен бастап сыйласып тусинистикте болуға, отымен кирип, кулимен шыгуга барымды салып, сырлас болуға барымды салам. Егер түсінбей бiр жерине көсеу тығып, сыйластыкты бiлмесе, амал не куннен күнге алыстай бересин. Уй тирлигин қатырып истеп, тамақты уактымен жасап, куйеуимнин конилинен шығып өмір суруди жалгастыра берер едим. Бирак бир окиништиси бастапқы енеге деген сүйіспеншілік, сыр бөлісу, ашылып сөйлеу болмайды. Айтканын истеп койда, өз сызыгында жүре бер. ))))
500-ші  жылдан  бұрынғы нағыз  қазақы  салтқа  қайта  оралмай,   отбасылық   бақытқа  ешкім де  ие  бола алмайды.
+1 дауыс
Қазір баяғы заман емес, ене де өзгерген, келін де өзгерген...Сол отбасындағы ене мен келіннің ара-қатынасы салдарынан бейкүнә балалар зардап шегіп жатыр. Мысалыға менің енем сөз қайтармасқа шыдатпайды. Осы уақытқа дейін шыдап келемін. Сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығып отырмын десем де болады. Үй шаруасы, айран пісу, тіпті құртқа дейін жасаймын. Өзімнің аяғым ауыр. 1 қызымыз бар. Бірақ енем ешқашан мені өзіне жақын тартып, тіпті ауырып жатсам да жағдайымды сұраған емес. Керісінше, ауырып қалсам, ыдыс-аяқты тарсылдатып, есікті қатты жауып, жақтырмағанын білдіріп жүреді. Киім алсам ақшаны құрттың дейді, кішкене қызымызға ойыншық алсақ та сөйлеп шығады. Өзі пенсия алса немересіне еміреніп ештеңе де әпермейді. Ата-анамның үйіне барғым келсе тіптен төбе шашы тік тұрады. Неменеге шақыра береді деп сөйлеп қояды. Бірақ менің ата-анам қонақ болып келсе, түк білдірместен күліп отырады. Қайын апам күйеуі, балаларымен біздің уйде тұрады. Тіпті 1 жыл бойы турды. Өздерінің бөлек баспаналары болса да, шақыра береді. Енді ойлап-қараңыздар, барлығына тамақ, киімдерін жуу, үтіктеу, уй жинап, балаға қарау...өзім жұмыс істеймін, аяғым ауыр.  Енді осы жағдайға не айтасыздар?! Өтірік сөз көп айтады. Күнде-күнде болмашы нәрсеге ұрыс шығарып отырады.Мен барынша сабырлық танытуға тырысамын, бірақ ата-анама тіл тигізгенде қалайша шыдап отырамын айтыңыздаршы???
0 дауыс
Менин де келин болганыма 8 жыл болады сонын 4 жылын енеммен,кайын синлиммен турдык екеунын де минезы онай емес озим он тустыктын кызымын сол тустыкке келин болдым мулдем баска менталитет тык мнезды адамдары енемде сондай жене де оте куйгелек шыдамсыз урускак ал мен керисинше жайлы коп сойлемеймын алгашкы 3 жыл оте киын болды шыдадым талай рет кетемин деген ойлар болды бирак шыдадым 1куйеумнын аркасы мени ардайым колдап аялап журеды 2озимнын жыдамдылыгым деп ойлаймын.Айткым келетини озим сиякты келиншектерге шыдамды сабырлы акылды болсандар аягында енелерин кандай болмасада женесиндер.
0 дауыс
Менде енеммен турып жатырмын .кунде бир нарсе табады. Ананы былай истемедин мынаны дурыс истемедин дер Соге береди. Каншалыкты дурыс жасасам да меники кате. Соз кайтармаймын. Конилинен шыгуга тырысам. Жуйкем жукаруга таяды. Айтыныздаршы не истесем болады?
0 дауыс
Негізі енелердің көзіне келіннің бір жайсыз жері көрініп қалса бітті өмірі ұмытпайды, ал өз кыздарына келгендеее, барлығына коз жұма қарап соларды колдайды
0 дауыс
Егер әйеліннин жаман минези болса, күйеуі динге сай арекет жасамагандыгы деген. Ер адам али алланын алдында озинин жауапкершилигин орындамай жургени. Жаксы айел ер адамга берген алла тагаланын ныгмети, улкен сыйлыгы болып табылады. Айел жаман болса ер адам кинали болганы. Айел сыртта да уйде де жумыс жасауга миндетти емес. Егер айел уй шаруасымен айналысса айелге сауап, айналысраса куна емес. Егер уй шаруасын жасауга заукы болмаса мажбурлеуге болмайды. Айел Алланын ер адамга берген аманаты. Айел еркектин кабырга суйегинен жаралган, ешкашан тузу болмайды. Оны тузетуге тырыссан сындырып аласын. Айелдин сынганы ажырасу деген соз. Жаксы айел, жаксы ат(көлік), кен уй - бакытка себеп. Жаман айел, жаман ат(көлік), тар кысылынкы уй - бейбактыкка себеп.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
11 жауап
...