+1 дауыс
9.4k көрілді
Ер есімі ел есінде тақырыбында шығарма керек
Ел басына күн туғанда ер етігімен су кешеді. Сондай ерлердің бірегейі-Кеңестер Одағының Батыры, генерал Сабыр Рақымовтың дүниеге келгеніне жақында 110 жыл толды.
Шымкентте Сабыр Рақымов атындағы мектеп-интернатта осы салтанатқа орай батырды еске алу кеші өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев штабта отырған көп генералдардың бірі емес, майданның алғы шебінде, желдің өтінде болған нағыз жауынгер генерал туралы мазмұнды әңгіме айтты. “Осындай ерлерімізді түгендеуге, ерлігін бүгінгі ұрпаққа баян етуде Тәуелсіздігіміздің орны бөлек. Елбасымыздың сындарлы саясаты өшкенімізді жандырды, ұмыта жаздағанымызды жаңғыртты, біз осыны ұмытпауымыз керек” деді.
Еңбек ардагері Ағабек Сүгірәлиев атақты ерлердің ұрпақ тәрбиесіндегі орнын әдіптеді.
Сабыр Рақымов-қазақ генералы, кіндік қаны Оңтүстіктің Қазығұрт ауданы, Көкібел ауылында тамған.Әйтсе де, ел басына төнген зобалаң бала Сабырды шешесімен бірге Ташкенттегі нағашыларын сағалауға мәжбүр еткен еді. Ұлты жайлы сұрағанда жас жігіт “үлкендер бізді өзбек дейді” деп жауап қатуының өзі менің қаным басқа ғой деген ойды екіұшты аңғартқандай болады. Көрші бауырларымыз қанша иемденгісі келгенімен ата тегі қазақ батыры өз жұртын тапты. Өз ұлтымен қауышуына көп азаматтар үлес қосты.
Салтанатты кеште солардың бірпарасы естелік медальдармен марапатталды. Әйтсе де өзбек қимаған, қазақ қайтарып алған генералымыз әлі де өз бағасын алмай жатқанын айтуымыз керек. Сабыр Рақымовтан күдер үзген ала топылы ағайын оның Ташкенттегі еңселі ескерткішін кісі көрмейтін қуысқа тықты. Даңғыл атауын қайтып алды.
Қазақта жауынгер генерал көп емес. Қазақтың ардагер ұлы Сабыр Рақымовтың еңселі ескерткіштері Алматы, Астана сияқты бас қалаларда асқақтап тұрса қандай ғанибет. Ұрпақ үшін үлкен өнеге, жастар үлгі алар тағлым, батырлыққа үндер баян болмақ.
Ол-қалталы кейбіреулердің жау түсірген атасын тарихтың бір қуысынан тауып алып, қолдан қиыстырып жасаған, ескерткішін тұрғызған күмәнді батырлары емес, нағыз батыр. Сондықтан да құрметке лайық.
Сабыр Рақымов атындағы мектеп-интернатының директоры, полковник Ұлықпан Бәшенов батыр жайында ғылыми-педагогикалық конференциялар өткізіліп, кітаптар шығарылу керектігін айтады. Жан сөз. Елі бар да ер ұмытылмайды.

1 жауап

0 дауыс

Тақырыбы: «Ерлікпен қаза болған батырлар, мәңгілік есімізде».

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру. Ел қорғаған батырларымыздың өмір баяны, ерліктерімен танысу. Адамгершілікке, елін, жерін қадірлеуге, ержүрек болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сурет көрмесі, шығарма, ұран сөздер «Желбіре, жеңіс жалауы», «Ұлы даналар мәңгі есімізде»
Барысы: Биыл елімізде үлкен той.Ұлы Отан соғысының- 65 жылдық мерей тойын атап өтпекпіз. «Ерлікпен қаза болған батырлар, мәңгілік есімізде»-атты тәрбие сағатымызды ерліктерімен ел үшін қаза тапқан еліміздің ұл-қыздарын еске ала отырып, оларды мәңгі есте сақтау үшін өз үлесімізді қосамыз.
Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 aтқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құралып, майданға аттанады. Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше ордендер қадалды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 28-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар еді.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды.497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ »орденінің толық иегері болды. Ұлы Отан соғысына барлығы 5 миллион адам қатысты, Орта Азия республикаларынан соғысқа 3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық және флоттық , 103 армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды.Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық көрген.
Олар:«Қызыл әскер ақиқаты», «Қызыл Армия», «Жауға қарсы аттан»,«Отан үшін алға», «Дабыл» және т.б.
Батыр қыз
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия аты-көңілді,
Әпкеміз деп жүреді.
Әпкеміз деп жүреді,
Аты аңыз, жыр қылып,
Әр жүректе тұр күліп.
Жеңіс тойы
Тоғызыншы мамырды жылда тойлап,
Келеміз біз, кетеміз біз өткенді ойлап,
Ағаштарға сыйлайды жас жапырақ
Гүл сыйлайды далаға көктем де ойнап,
Жауды женді аталар ерлік етіп,
Шабыстарын тұлпарлар келді үдетіп,
Жұрт көшеге шығады ту көтеріп,
Жеңіс туын көтеріп желбіретіп,
Мінетін де кезіміз атқа бекіп,
Көрген емес есеміз жатқа кетіп ,
Жеңіс тойын тойлайды балалар да,
Аталардың ерлігін мақтан етіп.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
Әлия
Даламыздың даңқысың
Балауса гүл балғын қыз
Жанын қиып халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Мәңгі жасап жерде енді
Биік бол деп таулардың,
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан
Бірге соқсын дүрсілдеп.
Туған жермен жүрегін
Ауасында жүрсін сен
Туған елмен жүрегің.
Нұркен
Аңсап көкті жасымнан
Еркін қаққан қанатын.
Жарқылдады жас ұлан
Қаптағанда қара түн.
Ол бұзбаған қамал жоқ,
Жайдай тиіп бүйірден.
Тажал жауға ажал боп,
Төбесінен шүйілген.
Байтақ елдің бағына
Туған қыран ұланы.
Қашанда Отан жауына,
Қаһар төгіп тұрады.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ерлер мәңгі есімізде.
Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян.Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады,баспасөзде кеңінен хабарланды. Рақымжан Қошқарбаевтың сол кезде омырауын «жауынгерлік Қызыл Ту», «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары ажарландырып тұрды.«Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті.Отан Халық қаһарманы атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді.Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді.
Мәншүк Маметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды.Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластары қайсарлығымен,табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды.Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастанды рып, ерлікпен қаза тапты.Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы мен өмідей асқақ өлімі соғыс даласында да, «еңбек майданында» да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының колхозшылары даңқты пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Маметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша жинады. Бертініректе режиссер-қоюшы Мәжит Бегалин «Мәншүк туралы ән» кинофильмін түсірді.
Бауыржан Момышұлы- екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Бауыржан Момышұ жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді.Ашық шайқаста ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясы құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға
қатысып,құралайды көзінен атқан нағыз мергендігімен дараланды. 1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыл шайқаста Әлия қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде Ә.Модағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, Ұжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен бульварлар бар.Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман- хикаяттары да көп. Алматыда Шығыстыңқос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.
Соғыстың кесірі
Неше қыршын жастардың,
Кеудесінен оқ өтіп.
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Елестеп көзіне орманы
Жетем деп ойға алғаны,
Елдегі қатын-баланы,
Әке, шеше, ағаның
Көрмей жылап қалғаны.
«Жеңіспен оралған солдат»-көрініс
Сүйінші, халқым, сүйінші,
Сүйіншіге сүйінші
Шаттан ата-анамыз
Шаттан аға-бабамыз
Кек қайтарып фашистен
Соғыс бітті жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасын той мереке.
Соғыс
Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,
Төкседе өлім қаупі жасымаған.
«Жеңіс» биі
Жеңіс күні
Уақыт көші озды алшақ,
Соғыс өтті қан құйылып.
Жеңіс жайлы толғансақ,
Өткен тарих жаңғырды.
Майдангердер сиреді,
Қалдыол жылдар жырақта.
Елге ауыр тигені
Ұмытылмас бірақ та.
Ұлы Отан соғысы
Дүние ажал бары білместен,
Екі қыршын «екі ақ қайың» бірге өскен.
Қатар ұшқан екі аққу тұр мұнда,
Күн астында қанат жазып күн кешкен.
«Ұлы даналар мәңгі есімізде» атты шығармашылық көрмені тамашалайық.
Күй:«Жеңіс келді далама»
Міне сондай заманда,
Жау әскері қалаңда,
Мал-мүлкімен күдеріс
Оның бәрі жаманға.
Жырлау үшін даламда,
Талай милар бұрқырар.
Саз балшықтай табанда,
Адам күші жетер ме?
«Әлия» әні
Ұлы Отан соғысы
Дүниежүзілік соғыста
Бейбітшілік жеңген күн
Ондай соғыс жер үсті

...