+1 дауыс
11.2k көрілді
Бізге тарих не үшін керек? Осы тақырыпта шығарма керек болып тұр?

2 жауап

+1 дауыс
Тарих ғылымы бізге не үшін керек? Өткеннен өнеге алып отыру, қателіктерді қайталамау үшін. Тарих адамның нәпсісіне, ұстанған саясатына қарай бұрмаланады. Мәселен, Қытайлармен болған соғыстарда олар өздерінің жеңілістерін ақтау үшін әскерлерінің санын аз етіп көрсеткен кездер көп. Ал енді ақиқат қайда? Ол Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерінде. Алла оларды қорғаймын, өзгерткізбеймін деп уәде берген. Біз оған зәредей де күмәнданбаймыз. Мысалы бір соғыста қаптаған жау әскерімен кездескенде саны аз мұсылмандар не істеді? Олардан бір ғана батыр жасанған жауға жалғыз шапты. Қалғандары қарап тұрды. Ол батыр бара салып бәрін қырып жіберген жоқ. Барды да шамасы жеткенше шайқасып, өлді. Келесі батыр да, үшіншісі де сөйтті. Бұл оқиға жау әскерін қатты ойландырды. Олар қарсыластарының ажалдан қорықпайтынын, өздерінің ондай емес екенін білді. Білді де рухтары жасыды. Ақырында жеңіліске ұщырады.

Ислам тарихындағы ең даңқты әскери қолбасшы Халид ибн Уалид азғантай қолмен келіп Парсы императорына: «Сенің әскерлерің өмірді қалай жақсы көрсе, менің әскерлерім өлімді солай сүйеді» деді. Парсылардың төбе шаштары тік тұрды. Парсыларда сол кездегі әлемдегі ең мықты армия бар еді. Бірақ олар тас-талқан боп жеңілді. Себебі жеңіс қару мен күштен бұрын рухпен келеді. Аталарымыз соғыста неге жекпе-жекке шығатын? Ол да сол рухты жасыту үшін. Әйтпесе өлім алдында ермектің не керегі бар?

Америкалықтар мен ресейлік киногерлер көп көлемде қаржы бөліп неге боевик кинолар түсіреді? Себебі арақпен наркотикпен, зинақорлық, тоғышарлықпен уланып жатқан жастарын рухтандыру үшін. Ұлттық санасы мен намысын ояту, қайрау үшін. Біз неге мағынасыз, жасық, сорлы кинолар түсіреміз? Кино фестивальдарын ұйымдастыратын қаскүнемдердің ақшасы мен арнайы сыйлықтарын алу үшін. Олар бізге тапсырыс береді, шарт қояды, біз соны тап-тұйнақтай қылып орындаймыз. Біздің арқамыздан қағады, басымыздан сипайды. Әрі кетсе бетімізден сүйеді. Біз қожайын лақтырған таяқты әкеп беріп, мақтау естіген иттей арсалаңдап, тіліміз салақтап,  мәзбіз.

Ұлтымызды рухсыздыққа, ұлымызды ұятсыздыққа, қызымызды қыдырымпаздыққа тәрбиелейміз. Жауға керегі де сол. Бұдан құтқарар жалғыз жол дін еді, дін ұстанғандарға «уахаби» деп қара күйе жаға салады да, жалғыз жолдан да адастырып, бездіріп жібереді. Осыған ұқсас іс-әрекеттердің басы Абай заманында  басталған. Патша үкіметі қол астындағы қазақ сияқты бұратана халықтың арасынан ең надан, нақұрыстарын таңдап алып имам сайлаған. Ислам деген осындайлардың діні деп көрсеткен. Керісінше шіркеу қызметкерлерін орыстың ең тәуірлерінен жасақтады. Христиандыққа қызықсын деп. Сол кезде Абай: қазағым, енді ел болмайсың-ау деп жылады. Өз еркің өз қолыңнан кетті ғой деп зар қақты.

Тағы бір тарих Мұса пайғамбардың әскерлеріне байланысты айтылады. Мұсаның Алла қолдаған азғана мұсылман әскерлері кәпірлер еліне соғыспаққа келеді. Кәпір патша өз дінбасысынан Мұсаның ұстанған және насихаттап жүрген діні мен өздерінің дінінің қайсысы дұрыс екенін сұрайды. Дінбасы Мұса ұстанған таухиттің дұрыс екенін мойындайды. Бірақ Мұсаны жеңудің жолын да айтады. Ол үшін оның әскерін Алла қолдамайтындай ету керек. Алланың жәрдемі адамдарға қай кезде болмайды? Олар Алла тыйым салған нәрсені жасағанда. Алла зинақорлықтан тыйды ма, ендеше оны оларға жасату керек. Қайтіп? Олар Мұсадан үш күнге мұрсат сұрайды: «осы үш күнде біз не сен айтқан дінді қабылдаймыз, не салық төлейміз, не соғысамыз. Осы үш күн бойы сендердің әскерлеріңді біз тамақтандырамыз» дейді. Мұса келіседі. Сонымен тамақ таситын сұлу қыздар таңдалады. Олардың ең негізгі жұмыстары  мұсылмандарды зинаға шақыру еді. Үш күн бойы қылмыңдаған қылықты қыздар  батырларды қақпандарына түсіреді. Алла зинақор болған құлдарын қолдамайды да, кәпірлер жеңіске жетеді. Бұл тарих бізге керек емес пе? Керек болғанда қандай! Көшедегі жалаңаш жарнамалар, үйіміздің төріндегі теледидар бізге үздіксіз зинаны насихаттап тұрған жоқ па? Көзімізді харамнан тыя алмаған біз Алланың жәрдеміне ылайықпыз ба? Әрине, жоқ. Дін дұшпандарына керегі де осы. Міне біздің өмірімізге кинолар мен концерттердің көп араласуларының негізгі себебі осы.

Тарихты білу керек, бауырлар! Білгенге амал жасау одан да абзал.
+1 дауыс
Тарих бурынгы болган жайттарды тусиндиретин гылым.
...